kill [-sig] <процестің идентификаторы> – процестің про- граммалық аяқталуына дейін бітуі. sig – сигналдың нөмірі.
sig = -15 процестің программалық аяқталуын білдіреді, сигнал
нөмірі = -9 – процестің жойылуы. Үнсіздік бойынша sig = -9. Жүйені істен шығару үшін kill -9 0 командасын қолданады. Ба- сымдылығы төмен қолданушы тек оның терминалына байла- нысты процестерді үзуі мүмкін.
ms – файлдық менеджерді шақыру (қабықты программалар) Midnight Commander, аналогтық Norton Commander.
sort [-dr] – кіретін файлдардың іріктелуі және олардың нәти-
жесін экранға шығару.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Зертханалық жұмыстың теориялық бөлімімен танысу.
LINUX жүйесіне тіркелу.
Өзіңіздің туылған апта күнін анықтау.
Барлық белсенді процестер жайлы толық мәліметті алу.
VI редакторын қолданып (қосымшадан), екі басымды- лық файл құру (кеңейтілген (расширенный) TXT) және CAT командасы арқылы оны экранда көру.
Көп қолданушылы көп тапсырмалы LINUX операциялық жүйесінің не- гізгі функциялары мен міндеттерін және оның бір программалы DOS жүйесінен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
Жүйенің ядросының және командалар интерпретаторларының қандай міндеттері бар?
Процесс сөзі нені білдіреді және процестермен қандай оперциялар орындалады?
Жай және күрделі командалар қалай жасалады және орындалады?
Shell командалық интерпрететоры қандай міндеттерді атқарады?