41
А. Раева
бір себепкер адам өлімі болады. Құныкер (кісі
өлтіруші) жақ пен құн талап етуші (кісісі өлген)
жақтың
ешбір бітімге, тоқтамға келе алмаса,
тараптар екі араларына ұзын ала арқан тастап,
бір шетке өлген жігіттің мінген атын әлеміштеп,
тұлдап әкеліп байлайды. Егер құн талап етуші
жақ құныкердің төлеген құнына келісе алмаса, ат
кекілін кесу арқылы «жанға жан, қанға қан» де-
ген кек алуға көшкендігі туралы белгі береді. Ол
үшін кекілі кесілген аттың шолақ кекілін шоқтап,
түбінен буып тастайды. Ат кекілін кесудің тағы
бір түрі ағайын-туыс, құда-жегжат, дос-жаран
арасында «бетке салық, сүйекке таңба» түссе
немесе бір-біріне «кешпес жамандық» жасаса,
кінәлаушы – уәжі орынды жақ қарсы жақтың
ішіндегі айыпкердің мініп жүрген атының кекілін
кесіп әкетеді (Энциклопедия I, 2011: 245).
Ат құйрығын кесісу/үзу – бұрын жақын сый-
ластық, достық,
кейбір жағдайда, тіпті туыс-
қандық қатынастағы адамдардың ара сын дағы
байланыстың ерекше себептермен мүлдем
үзілгендігін білдіретін ұғым. Осыған байланыс-
ты,
ат құйрығын кесісу деп келетін тұрақты сөз
тіркесі фразеологизм қалыптасты. Ат құйрығын
кесудің ат кекілін кесу деп аталатын үрдістен
айырмашылығы – мұнда бір-бірін айыпқа
жығу немесе құн даулау мақсаты қойылмайды.
Өйткені ат құйрығын кесуге себепкер фактор-
лар көбінесе, моральдық этикалық сипатта бо-
лып келеді. Қарсы тараптар ауылдың,
кейбір
жағдайда, бүкіл ру-қауымның игі жақсыларының
алдында өзінің уәжін айтады. Яғни арадағы
бітіспес дауға айналған реніштің нақты
себептері айғақталынады. Бірақ ол себептердің
моральдық этикалық салдары ауырлығын баса
көрсетуге тырысады. Айыптаудың түпкі мәні –
айыпталушының ата-баба жолының принциптері
мен нормаларынан мүлдем ауытқығандығын
дәлелдеу. Айыптаушының уәжінің көшпелі ор-
тада айрықша қастерленетін ата-баба жолының
принциптері мен нормаларына негізделуі – ең
әсерлі, ең мықты аргумент (өйткені ата-баба
жолы – дәстүрлі
өмір салтының идеологиялық
тірегі, әрі моральдық-этикалық негізі). Тараптар
бітімге келе алмай, араздық тым ушықса немесе
тым қатты кетіссе, олар жерден топырақ уыстап
алып, «алды артыңнан бір уыс топырақ» деп
бір-бірінің артынан шашады. Мұндайда, тіпті,
«қараң батсын, жерге кір!» немесе туғаныңда
қуансам да, өлгеніңде жыламаймын» деген ау-
ыр сөздер айтылуы да мүмкін. Уәжі орынды
адам өзін жәбірледі деп тапса, ол отбасымен
басқа жаққа көшіп кетеді. Тіпті, осындайда
басқа руға кірме болып сіңіп кететін жағдайлар
да ұшырасты. Тараптардың
бір-бірінен іргесін
мүлдем аулаққа салу үрдісін ат құйрығын ке-
су деп атайды. Осындай жайтқа байланысты
ара ағайын ортаға араласып, қарсы жақтарды
бітістіруге, татуластыруға тырысады. Деректер-
ге қарағанда, ара ағайынның көп күш салуының
нәтижесінде араздасқандардың басым көпшілігі
өзара тіл табысып, татуласып отырған (Энцикло-
педия I, 2011: 245). Ат құйрығын кесу ұғымының
онтологиялық негізі белгілі бір ру-қауымның
демографиялық шегінің мөлшерден тым
асқынуына, осыған байланысты жайылым және
т.б. табиғи ресурстардың тапшылығы себепті
әлгі ру-қауымнан
келесі этникалық ұжымның
енші алып, бөлек шығу үрдісінде атқарылатын ат
құйрығын кесісу ғұрпынан бастау алады. Демек
жоғарыда атап өткен
ат құйрығын кесісу мен
ат
Достарыңызбен бөлісу: