Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат



бет4/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#175592
1   2   3   4   5

4.2.6. тармақ. Жаңаөзен қаласында «Мерей» шағын ауданында 640 орындық мектеп салу (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 - 2013 жылдар)

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі тарапынан ЖСҚ ұсынылмаған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2012-2013 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. Құрылыс салынатын учаске белгіленді (әкімдіктің 20.06.2011 жылғы №357 қаулысы). Республикалық бюджетті нақтылау кезінде құрылысты 2012 жылы бастауға 200,0 млн. теңге бөлінді. «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектепті салудың ЖСҚ-сы әзірленді. ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың жоспарланған мерзімі – ағымдағы жылғы 30 шілде. Кешенді жоспарды актуалдау аясында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мектептің қуаттылығын 1200 орынға өзгерту туралы ұсыныс енгізілді.

4.3.1. тармақ. Жаңаөзен қаласында 24 спорт құрылыстарын (спорт алаңдарын) салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласында спорттық қондырғылар (спорттық алаңшалар) салуға 2012 жылы 50 млн. теңге бөлінді. Аумағы 0,4 га (әрқайсысы – 0,054 га) жер учаскесі бөлінді. Ағымдағы жылғы 26 маусымда өткізілген конкурс қорытындылануда.

4.3.2. тармақ. Жаңаөзен қаласының Теңге және Қызылсай ауылдарында ауылдық мәдениет үйлерiн салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2012 жыл. Қаржыландыру – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қаражаты. ЖСҚ жергілікті бюджет қаражатсы есебінен әзірленді. Құрылыс салынатын учаске белгіленді (03.05.2006 жылғы №575; 14.12.2009 жылғы №1753 қаулы).

2012 жылы екі объектінің құрылысына барлығы барлығы 297,9 млн. теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Қызылсай ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің құрылысын салуға мердігер - «Нұр-Жол құрылыс» ЖШС-мен 136,8 млн. теңге сомасында шарт жасасылды. Теңге ауылындағы ауылдық мәдениет үйін салу бойынша конкурс нәтижелері қорытындылануда.



«ҚазмұнайГаз» БӨ» АҚ ақпараты бойынша, екі жобада 2012 жылға Маңғыстау облысы әкімдігімен және «ҚазмұнайГаз» БӨ» АҚ арасындағы «31.05.1996 ж. № 40 жер пайдалануға Келісім талаптарын іске асыру туралы және №3579 келісімнің Маңғыстау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу бөлігіне» Келісіміне сәйкес Жаңаөзен қаласының және Қарақия ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражатны пайдалану Бағдарламасына енгізілген.

Қаражат аударылды, оның ішінде мәдениет үйінің құрылысын қаржыландыруға 297,884 млн. теңге (Тенге селосында - 156,839 млн. теңге, Қызылсай селосында- 141,045 млн. теңге).



4.3.3. тармақ. Жаңаөзен қаласында қалалық кітапхана салу (орындауға жауапты – ММ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2013 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыстық бюджетті нақтылау барысында ЖСҚ әзірлеуге 6,0 млн. теңге бөлінді. Байқау өткізілді, жеңімпаз Аскед LTD. ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың жоспарланған мерзімі – ағымдағы жылғы 15 қыркүйек.

4.4.2. тармақ. Жаңаөзен қаласында 20 аулалық алаңдар салу және 12 мектеп ауласын орналастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыстық бюджетті 2012 жылы нақтылау кезінде жергілікті бюджеттен 10 аулалық алаңша салуға 30,0 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ әзірлеуге сатып алу бір көзден жүргізілді, «Гаухартас қаражат» ЖШС-мен келісімге қол қойылуда.

4.5.1. тармақ. Тұрғындарды электрмен, жылумен, сумен, газбен және кәрiзбен қамтамасыз ету инфрақұрылымын жасау, оның iшiнде: (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

4.5.1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы электрмен қамтамасыз ету желiлерiн қайта жаңғырту және кеңейту (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012 - 2014 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің және ҚТКША ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2012-2014 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. 2012 жылы 300 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 270,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 30,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс салуға арналған конкурс 2012 жылғы 22 маусымда өткізіліп, конкурс нәтижелері қорытындалуда.

4.5.1.2. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы жылу желiлерiн қайта жаңғырту және кеңейтуді аяқтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Жобаның іске асырылу кезеңі – 2009-2012 жылдар. Қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер. Жобаны екі кезеңде іске асыру көзделген:

1-кезең – қаланың магистралды жылу желілерін қайта құрылымдау және кеңейту, 2-кезең – шағын ауданішілік тарату жылу желілерін қайта құрылымдау және кеңейту.

2009-2011 жылдары 4750,0 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2011 жылы 2000,0 теңге бөлініп және игерілді. Құрылысты аяқтауға 2012 жылы 1 544,4 млн. теңге бөлінді. Игеру 01.07.2012 жылға 862,3 млн. теңгені құрайды. Аяқтау мерзімі – 2012 жылғы 20 қараша.



4.5.1.3. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы Орталық қазандықты кiшi ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейтуді аяқтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ, орындау мерзімі – 2012-2013 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2010-2013 жылдар. Қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер. Жобаны екі кезеңде іске асыру көздестірілген:

1-кезең – қазандықты қайта құрылымдау және кеңейту аяқталды;

2-кезең – ЖЭО кешенінің құрылысын салу.

2012 жылы құрылысты жалғастыруға 1352,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 005,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 347,6 млн. теңге бөлінді. Игеру 01.07.2012. жылға – 501,6 млн. теңге. Аталған қаражатқа құрал-жабдық жеткізуге 50% алдын ала төлем жүргізілді. Аяқтау мерзімі – 2013 жылғы 1 шілде.



4.5.1.4. тармақ. Жаңаөзен қаласының «Рахат-2» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесiнiң құрылысын аяқтау (2-кезегi) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Жобаның іске асырылу кезеңі – 2011-2012 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты.

2012 жылы құрылысты аяқтауға 92,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 75,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 16,5 млн. теңге бөлінді. Игеру 01.07.2012. жылға – 65,4 млн. теңгені құрайды. Аяқтау мерзімі – 2012 жылғы желтоқсан.

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, 2011 жылы республикалық бюджеттен 70,0 млн. теңге бөлініп және игерілді. 2012 жылы республикалық бюджеттен 75,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 16,4 млн. теңге қарастырылған.Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 63,378 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 4,914 млн. теңге игерілді.

4.5.1.5. тармақ. Жаңаөзен қаласының «Рахат-2» шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесiнiң құрылысын аяқтау (3-кезегi) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, іске асырылу кезеңі – 2011-2012 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты.

2012 жылы құрылысты аяқтауға 26,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 16,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 9,9 млн. теңге бөлінді. Игеру 01.07.2012. жылға – 8,2 млн. теңгені құрайды. Аяқтау мерзімі – 2012 жылғы желтоқсан.



Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы «Ауылдық елді мекендерде сумен қамту жүйелерін дамытуға Астана және Алматы қалаларының бюджеті мен облыстық бюджеттерді дамыту үшін мақсатты трансферттер» 038 бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) келесі жобалар іске асырылуда: «Жаңаөзен қаласындағы Теңге ауылында сумен қамту жүйесін салу», «Жаңаөзен қаласындағы Рахат-3 шағын ауданында сумен қамту жүйесін салу (1-ші кезек)», «Жаңаөзен қаласындағы Рахат-3 шағын ауданында сумен қамту жүйесін салу (2-ші кезек)», Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жауапты Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісі жөніндегі агенттік болып табылады.

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, 2011 жылы республикалық бюджеттен 70,0 млн. теңге бөлініп және игерілді. 2012 жылы республикалық бюджеттен 16,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 9,9 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі күні республикалық бюджеттен 8,200 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2,959 млн. теңге игерілді.

4.5.1.9. тармақ. Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарының электрмен жабдықтау жүйесiнiң құрылысын аяқтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ, орындау мерзімі – 2012-2013 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, іске асырылу кезеңі – 2009-2012 жылдар. Қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер. Құрылысқа 2010-2011 жылы 900,0 млн. теңге бөлініп және игерілді. «Жұлдыз» шағын ауданын электрмен жабдықтау аяқталынды. 2012 жылы жалғастыруға республикалық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлінді. 1.07.2012 жылға 255,3 млн. теңге игерілді.

4.5.2. тармақ. Жаңаөзен қаласының iшiндегi жолдарды салу және қайта жаңғырту (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобалардың іске асырылу кезеңі – 2012-2020 жылдар. Қаржыландыру – жергілікті бюджеттің қаражаты.

2012 жылы облыстық бюджетті нақтылаумен 476,1 млн. теңге бөлінді. Жолдарды салуға арналған конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Бүгінге шарт жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.



4.5.3. тармақ. Қалалық және ауылдық елдi мекендерде құдықтарды барлауды және бұрғылауды жүзеге асыру, жергiлiктi су құбырларының су құбыры құрылыстары мен желiлерiн жаңғырту (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 – 2018 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджетті нақтылау кезінде 15,0 млн. теңге бөлінді. Жаңаөзен қаласының аумағына жататын «Бостан», «Құланды» және «Қызылсай» елді мекендеріндегі жайылымдарды суландыруға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде. Мердігер – «Тана-С» ЖШС, ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2012 жылғы 3 тоқсан.

4.5.4. тармақ. Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп кәдеге жарату және көму бойынша комбинат салу (1-3 кезеңдерi) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012- 2013 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2010-2013 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты.

Жобаны үш кезеңде іске асыру көздестірілген: 1-кезең – «Ғимараттың құрылысы, таразы, өткізу пункті, абаттандыру, қоршау». 1-кезеңнің құрылысын бастауға 2011 жылы республикалық бюджеттен 196,5 млн. теңге бөлініп, 100,0 млн. теңгесі игерілді; 2-кезең – «Өндірістік ғимараттың құрылысы» - мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аяқтау мерзімі ағымдағы жылғы тамызға жоспарлануда; 3-кезең – «Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы» - мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар.

Құрылысты жалғастыруға 2012 жылы 560,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 403,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 156,5 млн. теңге бөлінді.

Құрылыс салуға арналған конкурс ағымдағы жылғы маусымда өткізіліп, конкурс нәтижелері қорытындалуда.



ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, 2011 жылы республикалық бюджеттен 196,5 млн. теңге бөлінді, 99,980 млн. теңге игерілді. 2012 жылы республикалық бюджеттен 403,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 60,0 млн. теңге қарастырылды. А.ж. 22-маусымында байқау өткізіліп, байқаудың қорытындысы шығарылуда.

4.5.5. тармақ. Жаңаөзен қаласының канализациялық-тазарту ғимаратын құрылысы (1-2 кезеңдері) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012-2014 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2009-2014 жылдар. Қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер. Жобаны екі кезеңде іске асыру көздестірілген:

1-кезең – «Сорғы ғимаратының құрылысы, КТИ-ын қайта құрылымдау. Сыртқы инженерлік желілер» - сметалық құны 1773,7 млн. теңге болатын 20.10.2008 жылғы №2-523/08 ЖСҚ-ға арналған МС қорытындысы бар; 2009-20100 жылдары құрылысқа 673,0 млн. теңге бөлініп және игерілді. 2011 жылы нысан құрылысын аяқтауға 1100,7 млн. теңге бөлінді, 01.01.2012 ж. жағдайы бойынша 778,4 млн. теңге игерілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылы 1-кезеңнің құрылысын аяқтауға 288,3 млн. теңге бөлінді. Игеру 1.06.2012 жылға 11,1 млн. теңгені құрайды. ЖСҚ мерзімінің өтіп кетуіне байланысты (2008 жылы әзірленіп, бекітілген), құрал-жабдық сатып алу бөлігінде жобаның 603,168 млн. теңге сомасына қымбаттауы анықталды. «Биологиялық тазалау ғимаратының, қалдықтардың құрылысы, тазартылған суды суаруға беру, бұрыннан бар ғимараттарының құрылысы» 2-ші кезеңін ТЭН және ЖСҚ әзірлеуге 35 млн. теңге қажет.

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, 2012 жылы республикалық бюджетті нақтылау барысында, республикалық бюджеттік комиссия шешімімен жобаны іске асыруға 300 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу ұсынысы мақұлданды, алайда жобалық-сметалық құжаттың болмауынан қаралған қаражат РБК шешімімен 2012 жылғы республикалық бюджетті түзету барысында басқа жобаларға ауыстырылды. Осыған байланысты, 2012 жылы аталған жобаға қаражат бөлу Маңғыстау облысы әкімдігінің жоба бойынша толық құжаттарды тапсырған жағдайда 2012 жылғы республикалық бюджетті нақтылау барысында қарастырылатын болады.

4.5.7. тармақ. Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (қосымша) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2010-2012 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты.

2012 жылы 81,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 71,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 10,2 млн. теңге бөлінді.



Конкурстық рәсімдер өткізіліп, «Gold-Ai» ЖШС-мен 97,2 млн. теңге сомасында шарт жасасылды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы «Ауылдық елді мекендерде сумен қамту жүйелерін дамытуға Астана және Алматы қалаларының бюджеті мен облыстық бюджеттерді дамыту үшін мақсатты трансферттер» 038 бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) келесі жобалар іске асырылуда: «Жаңаөзен қаласындағы Теңге ауылында сумен қамту жүйесін салу», «Жаңаөзен қаласындағы Рахат-3 шағын ауданында сумен қамту жүйесін салу (1-ші кезек)», «Жаңаөзен қаласындағы Рахат-3 шағын ауданында сумен қамту жүйесін салу (2-ші кезек)», Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жауапты Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісі жөніндегі агенттік болып табылады.

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, 2012 жылы республикалық бюджеттен 71,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 10,2 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі күні республикалық бюджеттен 22,000 млн. теңге игерілді.

4.5.8. тармақ. Жаңаөзен қаласы «Жұлдыз» (Рахат-3 1-2 кезегі) (қосымша жұмыстар) шағын ауданында салқын суға есептеуіш қондыру және орнату (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы 122,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 107,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 15,3 млн. теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізіліп, «СтройТрансАктау» ЖШС-мен 146,6 млн. теңге сомасында шарт жасалды.

4.5.9. тармақ. Жаңаөзен қаласының және Теңге, Қызылсай ауылдарының жұмыс жасап тұрған газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерін ауыстыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыстық бюджетті нақтылау кезінде 2012 жылы 76,9 млн. теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізіліп, «Алғыс» ЖШС-мен 74,8 млн. теңге сомасына шарт жасасылды.

4.5.10. тармақ. Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан елді мекендердің аяқталмаған учаскелерінің инженерлік желілерінің құрылысы (газбен-сумен жабдықтау) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыстық бюджетті нақтылау кезінде 2012 жылы 20,5 млн. теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізіліп, «Құрылыс Монтаждау ЖК» ЖШС-мен 20,3 млн. теңге сомасында шарт жасасылды.

4.5.11. тармақ. Жаңаөзен қаласының қалалық суару жүйесіне айдау үшін насостық станциядан келген канализациялық тазартылған суды сақтау үшін СЖР-5000м3 құрылысы (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыстық бюджетті нақтылау кезінде 2012 жылы 176,8 млн. теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер ағымдағы жылғы мамырда өткізіліп, «Gold-1» ЖШС-мен 154,8 млн. теңге сомасында шарт жасасылды.

4.5.12. тармақ. Жаңаөзен қаласының «Ақсу» шағын ауданындағы «Адайдың алпыс батыры» аллеясын, «Көктем», «Самал» шағын аудандарындағы Бейбітшілік, Достық, Маңғыстау, Қашаған, Сарбөпеев, 17 маусым көшелерін абаттандыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)



Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, мына жобалар бойынша ЖСҚ-ға арналған МС қорытындысы бар:

- сметалық құны 148,4 млн. теңге болатын «Жаңаөзен қаласының МИР және Дружба көшелері бойынша сәулеттік бет-бейнесін жақсарту және абаттандыру». 2012 жылы жергілікті бюджеттен 44,0 млн. теңге бөлінді. Конкурс ағымдағы жылғы 28 маусымда өткізіліп, конкурс нәтижелері қорытындалуда;

- сметалық құны 49,0 млн. теңге болатын «Жаңөзен қаласының «Ақсу» шағын ауданында «Адайдың алпыс батыры» аллеясының құрылысы». 2012 жылы жергілікті бюджеттен 49,0 млн. теңге бөлінді. Бір көзден сатып алу жүзеге асырылып, «Жер-Су» ЖШС-мен 48,0 млн. теңге сомасында шарт жасалды;

- «Жаңаөзен қаласының сәулеттік келбеін жақсарту және оралық көшелерін абаттандыру», құны 340,3 млн.теңге. 2012 жылы жергілікті бюджеттен 112,3 млн. теңге бөлінді. Бір көзден сатып алу жүргізілді, 106,5 млн. теңге соммасына «Маңғыстаутехносервис» ЖШС-мен Келісімге қол қойылды:

- «Жаңаөзен қаласының Сатпаев көшесін абаттандыру», құны 124,8 млн. теңге. 2012 жылы жергілікті бюджеттен 124,8 млн. теңге бөлінді. Конкурс а.ж. 28 маусымда өткізілді, қорытындылары шығарылуда.

4.5.16. тармақ. Жаңаөзен қаласының 3000 орындық орталық стадионын күрделі жөндеу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге орталық стадионды күрделі жөндеуді жүзеге асыруға дефектілік акт және сметалық есептер дайындалуда. Орталық стадионды күрделі жөндеуге арналған 100 млн. теңге сомасындағы қаражат Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі бағдарлама аясында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-мен бөлінді, оның ішінде ЖСҚ әзірлеуге 3,4 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ әзірленуде.

«ҚазмұнайГаз» БӨ» АҚ ақпараты бойынша, жоба Маңғыстау облысы әкімдігімен және «ҚазмұнайГаз» БӨ» АҚ арасындағы «31.05.1996 ж. № 40 жер пайдалануға Келісім талаптарын іске асыру туралы және №3579 келісімнің Маңғыстау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу бөлігіне» Келісіміне сәйкес Жаңаөзен қаласының және Қарақия ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану Бағдарламасына енгізілген. Қаражат аударылды, оның ішінде мәдениет үйінің құрылысын қаржыландыруға 297,884 млн. теңге (Тенге селосында - 156,839 млн. теңге, Қызылсай селосында- 141,045 млн. теңге), Жаңаөзен қ. стадионды күрделі жөндеуге – 100 млн. теңге.

5.1. тармақ. Қазақстан өңiрлерi мен шекаралас мемлекеттерден (Әзiрбайжан, Иран, Ресей және өзге iргелес мемлекеттер) азық-түлiк тауарларын жеткiзудi ұйымдастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «Каспий» ӘКК» АҚ, «ҚТКФ» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру бағдарламасы бойынша «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ 1 242,5 млн. теңге бөлді. 1 041 млн. теңге сомасына 10 779,3 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынып, оның 2 371,9 тоннасы 248,4 млн. теңгеге сатылды, қоймаларда 8 407 тонна тауар орналастырылды.

Сонымен бірге, қазіргі күнде Каспий» ӘКК 260 млн. теңге көлеміндегі қарызды мерзімінен ерте қайтарды. Бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, өңірге республиканың көршілес және өзге де облыстарынан «Мал Өнiмдерi Корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры мен Бейнеу астық терминалы арқылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарынан тікелей тауар өндірушілерден сатып алынатын 18 түрлі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.



5.2. тармақ. Жаңаөзен қаласында ұзақ мерзiмдi кезеңге азық-түлiк тағамдары (жармалар, күнбағыс майы және өзге азық-түлiк тағамдары) қоймаларын салу мәселесiн пысықтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «Каспий» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы I тоқсаны)

«Каспий» ӘКК» АҚ, ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласында сауда алаңы 140 шаршы метр және сақтау қоймасының ауданы 300 текше метр болатын «Каспий-Берекет» ЖШС-нің («Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) азық-түлік дүкені ашылды. Сауда және сақтаудың қосымша баламалы орындарын ашу туралы мәселелер қарастырылуда. Азық-түлік өнімдері қоймасын салу үшін инвестрлер іздеу жүргізілуде.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта «Каспий» ӘКК АҚ бірлесе азық-түлік өнімдерінің қоймасы құрылысының мәселесі қарастырылуда.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында «Каспий-Берекет» ЖШС Жанаөзен қаласында көкөністерді ұзақ сақтау үшін 3 600 тонна қуаттылығы бар алдыңғы қатарлы вентиляция және қоймалық жабдықтармен қамтылған көкөніс сақтау қоймасын салу туралы шешім қабылдады. Жанаөзен қ. көкөніс сақтау қоймасына 3,0 га. аумақтық жер телімі бөлінді.

Бүгінгі күнге «Қазагрофинанс» АҚ несиелік комиссиясы тарапынан аталған жобаны қаржыландыру мақұлданды, «Каспий» ӘКК АҚ технологиялық жабдықтарды әлуетті тасымалдаушы «AGROTEC IMPEX GmbH» ЖШС-мен кездесу өткізілді, инженерлік жүйелерді келісу бойынша жер дайындау жұмыстары жүргізілді. 2011 жылғы 1 қарашасынан бастап ТОО «ККS-SERVIS LTD» құрылыс компаниясымен «Қазагрофинанс» АҚ-да қарыз алуға дейін өз қаражаты есебінен көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет