Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат



бет5/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#175592
1   2   3   4   5

5.3. тармақ. Жаңаөзен қаласында және iргелес аумақтарында көкөнiс қоймаларын, жылыжайлар құрылысын салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «Каспий» ӘКК» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы II тоқсаны)

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ақпараты бойынша, Маңғытау облысы әкімдігі және «ҚазАгро» Холдинг» АҚ-ның Бірлескен іс-шара жоспарын іске асыру аясында «ҚазАгрофинанс» АҚ-ның және «Каспий» ӘКК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен «Жанаөзен қ. 3600 тонналық қуаты бар көкөкніс қоймасының құрылысы» жобасы жоспарланған болатын.

«ҚазАгрофинанс» АҚ-ның несиелік комитетінің отырысымен жобаны қаржыландыру туралы алдын ала оң шешімі қабылданған болатын, алайда несиелік қаражатның сыйақы мөлшерінің жоғарлығына байланысты нысан құрылысы басталған жоқ.

Қазіргі күнде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінетін қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ-ның Басқармасымен жобаны қайта қарастыру және 2 жобаны қаржыландыруға шешім қабылданды:

1. Ақтау қ. 1500 тонна қуаты бар көкөніс сақтау қоймасы және мұздатқыш камераларына «Каспий-Берекет» ЖШС базасында қолданыстағы қоймаларды реконструкция жүргізу;

2. Жанаөзен қ. 1500 тонналық көкөніс сақтауға арналған картоп және жуаның ангарлық типтегі көкөніс сақтау қоймасын салу.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Каспий» ӘКК Жаңаөзен қаласындағы қуаттылығы 3600 тонна болатын көкөніс қоймасын салуды қаржыландыруды 2 жобаға:

- Ақтау қаласындағы 3600 тонналық көкөніс қоймасының құрылысына;

- Жаңаөзен қаласында орналасқан 1500 тонна сақтайтын ғимаратты қайта құрылымдауға және күрделі жөндеуге бөлу туралы мәселені пысықтауда.

Жалпы ауданы 1 га болатын жылыжайдың құрылысы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-мен қаражатландырылуда, лизинг алушы – «Өзен-Дархан» ЖШС болып табылады. Құрылысты ағымдағы жылғы маусымда аяқтау жоспарлануда. Бүгінге жоба құнының қымбаттау мәселесі туындауда.



5.4. тармақ. Коммуналдық базарлар салудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «Каспий» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы I тоқсаны)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде «Каспий» ӘКК» АҚ-мен бірге Жаңаөзен қаласында коммуналдық базар салу мәселесі тұжырымдалуда.

5.5. тармақ. Жаңаөзен қаласында және іргелес елді мекендерде жылыжай және қосалқы шаруашылықтарды дамытудың келешекті сызбасын жасақтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінге Жаңаөзен қаласында және оған iргелес жатқан елді мекендерде қосалқы және жылыжайлық шаруашылықтарды дамытудың перспективалық схемасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Халық арасында шағын және орта бизнесті дамыту арқылы АӨК салаларын дамытудың тиімділігі және қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық басқармасының бастығы «Қазақстан-Ақтау» ТРК-ның «Тікелей желі» және «Ашық пікір» бағдарламаларының тікелей эфирінде «АӨК одан әрі дамыту туралы» тақырыбына қатысты, жергілікті газетке «Шұбат және қымыз өндірісі» атты мақала жариялау жоспарлануда.

6.1. тармақ. Жаңаөзен қаласында үлгiлiк әскери қалашық салу (орындауға жауапты – ІІМ, орындау мерзімі – 2012 - 2013 жылдар)

Ішкі істер министрлігінің 12 шілдедегі 2012 жылғы № 1-11-64/6854 ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Жаңаөзен қаласында үлгі әскери қалашықтың құрылысы үшін республикалық бюджеттен 2 744 322,0 мың теңге бөлінді. Құрылыстың бірінші кезегінің мердігерлік жұмыстарына мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша әскери бөлім мен жұмыстардың мердігері «AsEr Building Company» ЖШС-ның арасында мердігер келісімшарты жасалды.

Қазіргі уақытта объектіде өндіріс жұмыстарының кестесіне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары жүруде, қаражатлық қаражатты игеру 410 193,4 мың теңгені құрады. Казарма мен асхана құрылысын аяқтау 2012 жылғы 1 қазанға дейін көзделген, объектіні пайдалануға беру 2013 жылғы желтоқсан айына жоспарлануда.



6.2. тармақ. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және Жаңаөзен қаласында есiрткiге қарсы бағытталған iс-шаралар өткiзу (орындауға жауапты – ІІМ, Маңғыстау облысының ІІД, орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалымен, Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізді. Есірткіге қарсы бағыттағы баспа басылымдары таратылды, оқу орындарында 24 дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Қоғамдық орындар мен жастардың демалатын орындарында орнатылған теледидар бойынша, мониторлар мен дисплейлерде бейне-роликтердің прокаты жүзеге асырылды. «Спорт – есірткіге қарсы» деген ұранмен әртүрлі 8 спорттық шаралар ұйымдастырылды. Әртүрлі акциялар өткізілді және дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласында 10 төсек-орынға Уақытша бейімделу және детоксикациялау орталығы, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастарға арналған Салауатты өмір салтының орталығы ашылды.

Есірткіге қарсы күрес жөніндегі бөліністердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту үшін сомасы 8,8 млн. теңге болатын тауар-материалдық бағалы заттар (УАЗ автомашинасы, кеңсе жиһазы және т.б.) сатып алынды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін, жазу столы, файлдарға арналған шкаф, компьютерге арналған стол, салқындатқыш, үстелдер, орындық, стендтерді дайындау, УАЗ 390995-330 автомашинасы және төсек жабдықтары сияқты тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алынды. Шығыстардың жалпы сомасы 8,8 млн. теңгені құрайды.

6.3. тармақ. Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы жедел басқару орталығының құрылысын аяқтау (орындауға жауапты – ІІМ, Маңғыстау облысының ІІД, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының Құрылыс басқармасы Жаңаөзен қаласында ЖБО салу үшін республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан 278 млн. теңге бөлді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізуге «Әділ және К» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта ЖБО әкімшілік ғимаратының жертөле үй-жайының, 1, 2 және 3-қабаттың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Ағымдағы жылғы 1 шілдеге игеру 115,8 млн. теңгені құрайды.

Қосымша өтініммен 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жоғарыда аталған ЖБО-ны техникалық жарақтау бойынша сомасы 570 млн. теңге болатын шығын енгізілді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2010-2012 жылдар. Қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер.

2012 жылы 225,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 150,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 62,6 млн. теңге бөлінді. Игеру 1.07.2012 жылға 62,6 млн. теңгені құрайды. Аяқтау мерзімі - 2012 жылғы 4 тоқсаны.



6.5. тармақ. Жаңаөзен қаласының Теңге және Қызылсай ауылдарында тiрек пунктi құрылысын салу (орындауға жауапты – ТЖМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2013 жыл)

Төтенше жағдайлар министрлігінің 21 маусым 2012 жылғы № 04-01/6333 ақпараты бойынша, Жанаөзен қ. алты тарапқа арналған өрт сөндіру депосының құрылысының екінші кезенің іске асыруға 150,0 млн. теңге көлемінде қаражат мақұлданды.

2011 жылы Жаңаөзен қаласының әкімдігі бөлінген жер учаскесіне өртке қарсы депоның үлгiлiк жобасын телуде жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша «Ites Group» ЖШС қызметті жеткізушімен (бұдан әрі – Жеткізуші) келісім-шартқа отырды.

2012 жылғы ақпанда Жеткізуші тиісті қорытындыны алу үшін «Маңғыстаумемлекеттіксараптама» ЕМК жобалық-сметалық құжаттарды жолдады, алайда жобаны қарау кезінде бірнеше бөлімдер бойынша ескертулер берілді. «Темірбетон конструкциялары» бөлімін қоспағанда кейбір бөлімдер Жеткізушімен жөнге келтірілді (ғимарат іргетасына жүк түсу бойынша есеп дұрыс жүргізілмеген). Қазіргі уақытта Жеткізушімен аталған ескерту жөнге келген жоқ, бұл мүдделі мемлекеттік органдарға қорытындыны ұсыну мерзімінің орындалмауына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Министрлік келесіде Қазақстан Республикасы Қаражат министрлігіне ұсыну үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын тездетіп ұсынуға қатысты Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органына бірнеше рет сұрау жолдаған.



Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы Өрт сөндіру депосын байланыстыруға ЖСҚ әзірлеуге 5 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ әзірленуде, әзірлеуші – «Ites grop» ЖШС ЖСҚ-ға арналған МС алудың жоспарланған мерзімі – 2012 жылғы 30 шілде.
Жалпы қорытынды:

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2012 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша Жанаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу бойынша жоспарланған іс-шаралар орындалғанын және орындалуда екендігін атап өтеді. Орындалу мерзімі келмеген іс-шаралар бойынша оларды бекітілген мерзімде орындау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылы Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға – 9 222,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6 939,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 2 283,7 млн. теңге қарастырылды, 9 236,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6 477,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 2759,1 млн. теңге қосымша қаражатландырылды. 2012 жылғы бірінші жартыжылдығында игеру 86 %-ды құрады. (қосымша 1).

Кешенді жоспардың 2012 жылғы 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша іске асыру барысының сараптамасы, шешімді қажет ететін бірқатар іс-шараларды орындау бойынша проблемалар бар екендігін көрсетті:

1. «Кәріздік-тазалау қондырғыларының (1 және 2 кезегі) құрылысы» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат толық көлемде бөлінді. 20.10.2008 ж. № 2-523/08 мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес сметалық бағасы 1 773,7 млн.теңгені құрады.

Алайда, қолданыстағы ЖСҚ әреке ету мерзімінің аяқталуына байланысты, 603, млн. теңге жалпы қаражатсына технологиялық жабдықтар сатып алу бөлігінде қаражат жетіспеу анықталды.

Осыған байланысты, аталған жобаны толық іске асырылуын аяқтау және 2012 жылы пайдалануға беру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 603,2 млн. теңге қаражат қажет. (ҚТҮКШІА, ҚОҚМ, ЭДСМ).

2. Кендірлі» курорттық дмалыс аймағының және Кендірлі халықаралық аэропортының сыртқы инфрақұрылымының 9 нысаны құрылысының жобасын іске асыру Жоспарда 2014 жылдан бастап қарастырылған. Сонымен бірге, қазіргі күні жобалық құжаттардың тиісті сараптамадан өту сатылары аяқталған. Осыған байланысты, аталған жобалардың іске асырылуын 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке 2013 жылдан іске асырылуын бастай отырып енгізу қажет. (ҚТҮКШІА, ККМ, ИЖТМ, МГМ, ЭДСМ)

Қазіргі уақытта Министрлікпен және Маңғыстау облысы басшылығымен, қоғамдастықтың және жергілікті атқарушы органдардың ұсынысын ескере жаңартылған кешенді жоспарда қарастырылған іс-шараларды өзектендіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Тиісті Үкіметтің қаулысының жобасы мүдделі меморгандарға, ұлттық холдингтер мен компанияларға келісу үшін жолданды.

Бірінші жартыжылдық қорытындысын қарастыру нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешендi жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрлігі Кеңсесіне енгізу жоспарлануда.



Мұнай-химия инвестициялық жобалардың еңбек ресурстарында қажеттілігі




Жобаның атауы

Жобаны іске асыру уақыты мен орны

Жобаның құны (млн. АҚШ $)

Кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ескертпе

1

Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектерді өндіру кешенін салу ( ХӨК)

2010-2013 ж.ж.

1 130

Құрылыс


2140

1490

-

-

Құрылыс кезеңінде персоналды жинақтау жобасының қазақстандық және қытай мамандары санынан (I-III санатынан) «Sinopec Engineering» бас мердігерімен жүзеге асырылады

Атырау облысы

Пайдалану

107

212

319

319

оның ішінде қытай мамандары (I-III дәрежелері)

Құрылыс

625

590

-

-




Пайдалану

-

-

-

-

3

Атырау облысында «Интеграцияланған газ-химия кешенін салу»

2010-2016,

2010-2015 (I кезең)

2010-2016 (II кезең)


6 300

Құрылыс

950

1800

2650

4500

Кешеннің құрылысы кезеңіндегі еңбек ресурстарына қажеттілік ЖСҚ әзірлегеннен кеін анықталады.

Атырау облысы

Пайдалану

-

-

-

440

4

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумы өндірісін салу

2010-2012

290

Құрылыс

817

-

-

-

Зауытты пайдалану кезеңіндегі кадрларды жинақтау, негізінен, қазіргі кездегі пластикалық масса Ақтау зауытында жұмыс істейтін Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ жұмысшыларын босату есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

Маңғыстау облысы

Пайдалану

95

300

300

300

БАРЛЫҒЫ

Құрылыс

3907

3290

2650

4500




Пайдалану

202

512

619

1059

Құрылыс + Пайдалану

4109

3802

3269

5559



Ескерту: - пайдалану кезеңіндегі еңбек ресурстарындағы қажеттілік үдемелі қорытындымен көрсетілген, пайдалану кезеңінде - жылдық қажеттілік;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысының 4-тарауының 12-тармағына сәйкес шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат қызметкерлердiң мынадай санаттарына беріледі:



I санаты – ұйымның басшы құрамы;

II санаты - құжаттары белгіленген тәртiппен расталған жоғары және кјсiптік орта білiмi бар мамандар;

III санаты - білiктi жұмысшылар;

IV санаты - еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтiк қорғау саласындаєы ынтымақтастық туралы келiсiмдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет