Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат



бет3/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#175592
1   2   3   4   5

3.2.1.9. тармақ. Ақтау қаласында «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС-і сұйық дәрілер түрі мен медициналық мәні бар бұйымдар шығаратын фармацевтикалық кешен (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.

3.2.1.10. тармақ. Ақтау қаласында «Ақтау құйма зауыты» ЖШС-і электрлік болат қорыту кешенін салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012-2013 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.

3.2.1.11. тармақ. Тауарлық-бекіре фермаларын салу және пайдалануға беру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «Осетр – Аралды» сервистік ауылшаруашылық серіктестігі, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен «Осетр-Аралды» САС арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.

3.2.2. тармақ. Кендiрлi курортты аймағын құру және дамыту бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде құрылатын жұмыс орындарының жалпы санынан Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін 50 %-дан кем емес квотаны белгілеу, оның iшiнде жаңа мамандықтар бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, жұмыс берушi компаниялар (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының аясында «Кендірлі» курортты демалыс аймағын құру және дамыту бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын құру және дамыту бойынша жорбаны іске асыруға нақты ойлары және мүмкіндіктері бар инвесторларды іріктеу жөнінде жұмыс жалғасуда. Алдын ала деректер бойынша курортты аймақты салудың бар кезеңінде шамамен 4 000 жұмыс орнын ұйымдастыру жоспарлануда.

Әлеуетті инвесторлармен Меморандумға (Келісімге) қол қойылған жағдайда оны жасасудың бір талабы құрылатын жаңа жұмыс орындарының жалпы санының кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыру квотасын Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін белгілеу бойынша міндеттемелер болып айқындалмақ.

Осы инвестициялық жобаның аясында кадрларды, оның ішінде жаңа мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру үшін мамандықтар қажеттілігінің тізбесін айқындау қазіргі кезеңде ертелеу.



3.2.3. тармақ. «Кендiрлi» курортты демалыс аймағын құру және дамыту (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ТСМ, ИЖТМ, «Каспий» ӘКК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге мынадай жұмыстар жүргізілді:

- жалпы көлемі 109,0 млн. теңге болатын жергілікті бюджет қаражаты есебінен сыртқы инфрақұрылымды салу бойынша ТЭН әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.

- жалпы көлемі 420,5 млн. теңге болатын республикалық бюджет қаражаты есебінен «Кендірлі» курортты демалыс аймағының және «Кендірлі» халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

ТЭН-ге сәйкес сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды.



Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі 22-06/2-659-Д-2 ақпараты бойынша, Министірлік тарапынан Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесіп осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда. «Кендірлі» курорттық демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымның 10 объектісін салуға техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) және жобалық-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеуге жергілікті және республикалық бюджеттерден қаражат бөлінді. Бүгінгі күні, ТЭН әзірленді, ЖСҚ-ның әзірлеуі аяқталуда.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкiмдігі тарапынан курорттық аймақты орналастыру жоспарланып отырған бұрын жеке меншiктерге сатылған жерлерді қайтаруы бойынша мәселе пысықталуда.

Ағымдағы жылы Министрлiкке «Кендірлі» аймағын дамытудың жүйелік жоспарын әзірлеуге 300 миллион теңге сомасында республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Қазіргі кезде, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ аталған жоспарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуде, онда курортты дамыту стратегиясы анықталып, инвесторлар тарту үшін жағдай жасау және инвесторларға сатуға арналған туристік өнімдер дайындау қарастырылатын болады.

Бұдан басқа, «Кендірлі» халықаралық әуежайының ТЭН дайындалып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Қазіргі кезде Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің атына ЖСҚ жасау үшін 86,7 млн теңге көлеміндегі қаржы бөлу туралы тапсырысты Республикалық бюджеттік комиссиянда қарау жөнінде хат жолданды.



Сондай-ақ, әлеуетті инвесторларды тарту жұмысы жалғасуда. Мәселен, 2012 жылғы 26 сәуірі күні «Каспий» ӘӘК» ҰК» АҚ мен «Bouygues» компаниясы (Франция) арасында инфрақұрылым құру үшін құрылыс және жер жұмыстары саласындағы ынтымақтастық келімісіне қол қойылды.

3.2.4. тармақ. «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының және халықаралық «Кендiрлi» әуежайының сыртқы инженерлiк инфрақұрылымының 9 объектiсiнiң құрылысы, оның iшiнде: (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, ККМ, ИЖТМ, МГМ, «Каспий» ӘКК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2013 - 2015 жылдар)

Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша, «Облыстық, Астана және Алматы қалаларына газкөліктік жүйені дамытуға нысаналы трансферттер» 024 бюджеттік бағдарламасын іске асыру шегінде Мұнай және газ министрлігі 14.05.2012 ж. № 11-02-1047 хатымен Қаражат министрлігіне 2012-2015 жылдарға арналған, оның ішінде Маңғыстау облысының 2 жобасы бойынша бюджеттік тапсырысты жолдады. Екі жобада Қаражат министрлігімен мақұлданды.

3.2.4.1. тармақ. «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының 26 000 текше метрлiк кәрiздiк-тазарту құрылысын салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2013 - 2015 жылдар)

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес аталған жоба бойынша техникалық – экономикалық негіздеме әзірленді, 01.10.2010 жылғы № 01-473/1 мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысы негізінде Агенттік тарапынан Экономикалық даму және сауда және Қаражат министрлігіне 2 960 609 мың теңге қаражатсына, оның ішінде 2013 жылға – 1 000 000 мың теңге, 2014 жылға – 1 000 000 мың теңге, 2015 жылға – 960 609 мың теңге қаражатға бюджеттік тапсырыс енгізілді.

3.2.4.2. тармақ. Халықаралық «Кендiрлi» әуежайының кәрiздiк-тазарту құрылысын салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2013 - 2014 жылдар)

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, Маңғыстау облысы әкімдігімен жоғарыдағы жоба бойынша ТЭН әзірленді, 23.02.2011 жылғы № 15-0060/11 мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында, Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысы негізінде Агенттік тарапынан Экономикалық даму және сауда және Қаражат министрлігіне 704 033 мың теңге қаражатсына, оның ішінде 2013 жылға – 391 704 мың теңге, 2014 жылға – 312 329 мың теңге қаражатға бюджеттік тапсырыс енгізілді.

3.2.4.3. тармақ. «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырынан газ құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесiн салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, МГМ, орындау мерзімі – 2013 - 2014 жылдар)

Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша, аталған жобаны іске асыру 2013 жылдан бастап, 2014 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленген және мемлекеттік сараптамада жатыр.
3.2.4.4. тармақ. Халықаралық «Кендiрлi» әуежайын газдандыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, МГМ, орындау мерзімі – 2014 жыл)

Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша, аталған жобаны іске асыру 2013 жылдан бастап, аяқтау 2014 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленген және мемлекеттік сараптамада жатыр.

3.2.4.5. тармақ. Халықаралық «Кендiрлi» әуежайын сумен қамтамасыз ету (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, орындау мерзімі – 2013 жыл)

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, Маңғыстау облысы әкімдігімен жоғарыдағы жоба бойынша ТЭН әзірленді, 2010 жылғы 14 мамырында № 15-0200/10 мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында, Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысы негізінде Агенттік тарапынан Экономикалық даму және сауда және Қаражат министрлігіне 704 033 мың теңге қаражатсына, оның ішінде 2013 жылға – 242 670 мың теңге қаражатға бюджеттік тапсырыс енгізілді.

3.2.4.6. тармақ. Халықаралық «Кендiрлi» әуежайының ұзындығы 6,4 км автомобиль жолын салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ККМ, орындау мерзімі – 2013 жыл)

3.2.4.7. тармақ. «Кендiрлi» курортты демалыс аймағының ұзындығы 2,2 км автомобиль жолын салу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ККМ, орындау мерзімі – 2013 жыл)

ККМ ақпараты бойынша, 2013 жылы Халықаралық «Кендiрлi» әуежайына 617,7 млн. теңге және «Кендiрлi» курортты демалыс аймағына 254,0 млн. теңгеге автожол құрылысына республикалық бюджеттен нысаналы трасферттер қарастырылды.

3.2.5. тармақ. «Өзен – Түрікменстанның мемлекеттiк шекарасы» темiржол желiсiнiң инфрақұрылымын жасау аясында, оның iшiнде Болашақ, Бопай станцияларында, Бастау, Бестөрткөл, Ақбөбек, Тайғыр, Құрмаш разъездері елді мекендер аумағын дамытумен Жаңаөзен қаласының тұрғын халқы үшiн жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету (орындауға жауапты – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, орындау мерзімі – 2012-2013 жылдар)

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ ақпараты бойынша, 2012 жылғы 1 шілде мерзіміндегі жағдай бойынша Өзен - Түрікменстанның мемлекеттiк шекарасы темір жол жүйесіндегі жаңадан ашылған жұмыс орындарына 470 адам қабылданды.

3.3.1. тармақ. Әлеуметтiк, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу қажеттiлiгiн анықтау мақсатында жаңадан салынатын елдi мекендерінiң және жоғары әлеуетті дамуы бар елді мекендердің тұрғындар санын болжамдау және мониторингі (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, ЭДСМ, орындау мерзімі – жыл сайын)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды салуды қаржыландыруға қажеттілікті айқындау мақсатында, жаңа елді мекендер мен даму әлеуеті жоғары елді мекендер тұрғындарының санын болжамдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЭДСМ ақпараты бойынша, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 54 ауыл, оның ішінде жоғары әлеуетті – 5, орта – 44, төмең – 5 ауыл бар. Болашақта, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында, мемлекеттік қолдау шаралары бірінші кезекте тіректі ауылдық елді мекендердің, және де дамудың жоғары жән орта әлеуетті селоларына ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін өмір сүруді қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.

3.3.2. тармақ. «Өзен – Түркіменстанның мемлекеттiк шекарасы» темiржол желiсiнiң бойындағы Өзен, Болашақ, Бопай станцияларында әлеуметтік және мәдени -тұрмыстық маңыздағы объектілер құрылысын салу (орындауға жауапты – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, орындау мерзімі – 2012 жыл)

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ ақпараты бойынша, Өзен - Түрікменстанның мемлекеттiк шекарасы темір жол жүйесіндегі Өзен, Бопай және Болашақ станцияларында әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық бағыттағы 14 нысанның құрылысы бекітілген жұмыстың өңдірістік кестесіне сәйкес жүргізілуде. Қаржыландыру мәселесі шешілген. Нысандардың құрылысының аяқталуы және пайдалануға беру 2012 жылғы қараша-желтоқсан айларына жоспарланған.

3.3.3. тармақ. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен басқа да елді мекендері тұрғын халықты қол жетiмдi тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын кешендi шешу мәселесiн пысықтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ҚТҮКШІА, «ҚТҚЖБ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 – 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қолжетімді тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегінде тұрған Маңғыстау облысы, оның ішінде Жаңаөзен қаласы тұрғындарының санын айқындау бойынша жұмыс жүргізілуде. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасына енгізу үшін, әлеуметтік тұрғын үйге қажеттілікті есепке ала отырып, тұрғын үй салу жөніндегі ұсыныстар дайындалуда.

ҚТҮКШІА ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласының және Маңғыстау облысының басқа да елді мекендерінің тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шегінде шешілуде. Тұрғын-үй жинақ жүйесі арқылы кезектегі тұрғандарға, жас отбасыларға жалдамалы үй және несиелік қаражат есебінен тұрғын үй құрылысына 2020 жылға дейін жыл сайын бюджеттік қаражат бөлу қарастырылды.

2012 жылы Маңғыстау облысында жалдамалы үй құрылысына РБ-тен 2609,9 млн.теңге бөлінді, 362,0 млн. теңге игерілді. Жанаөзен қаласының бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне және жас отбасылар үшін екінші 200-пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, пайдалануға беру а.ж. желтоқсанына жоспарланған. Қызылсай селосында (Жаңаөзен қ. маңында) 4-пәтерлік үйдің құрылысы басталды. Бұдан басқа, облыстың бес ауданында жалдамалы үй салынуда. Ақтау қаласының 33 ықшам ауданында тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу қарастырылған.



3.3.4. тармақ. Жаңаөзен қаласы мен жаңадан салынатын елдi мекендер мен жоғары әлеуеттік дамуы бар елді мекендер арасында көлiктiк инфрақұрылым құру мәселесін пысықтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, орындау мерзімі – 2012 жылғы I тоқсан)

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ ақпараты бойынша, Маңғыстау облысы әкімдігіне Өзен станциясы - Болашақ станциясы маршруты бойынша жүруді ұйымдастыру мүмкіндігі, оның әлеуметтік маңыздылығын анықтау кезінде және аталған маршут бойынша тасымалдау шығындарын жабу үшін субсидия бөлу туралы хат жолданған.

3.3.5. тармақ. «Өзен – Түркіменстанның мемлекеттiк шекарасы» темiржол желiсi бойында автомобиль жолын салу мәселесiн пысықтау (орындауға жауапты – ККМ, Қаржымині, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жылғы IІ тоқсан)

Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 02-11/13103-И ақпараты бойынша. Маңғыстау облысының автомобиль жолдарын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін қол қойылған және ратификацияланған Негіздемелік келісім шеңберінде 3 траншқа жалпы 800 млн. АҚШ доллар сомаға ұсынылған Азия банк дамуының займы көзделген.

Ағымдағы жылда құрылыс жұмыстары басталған, 283 млн. АҚШ доллар сомаға жалпы 200 км ұзақтығымен «Бейнеу-Шетпе» учаскесін жаңалауына I транш бойынша займ туралы Келісімге қол қойылды және ратификацияланды. Маңғыстау облысының басқа автомобиль жолдары учаскелерін жаңалауына 517 млн. АҚШ доллар сомаға қолжетімді. Аталған сомаға Министрлікпен Республикалық бюджеттік комиссия қарастыруына 243 км ұзақтығымен «Шетпе - Ақтау» және «Жетібай – Жаңаөзен» автомбиль жолдары учаскелерін жаңалау үшін, II-ші траншты іске асыру бойынша ұсыныс енгізілді (шығ. №05-23/3495 2012 жылы 6 маусым).

Сонымен қатар, келешекте «Астрахан-Атырау-Ақтау-Түркменстан шекарасы»транзиттік дәлізінің құрамына кіретін «Жаңаөзен-Түркменстан шекарасы» бар автомобиль жолын жаңалауын жоспарлануда.

Қаржы министрлігінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № ДПМП-2-24121-13324 ақпараты бойынша, көлік және коммуникация министрлігінің 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік тапсырысында «Өзен-Түркменстан шекарасы» темір жол жүйесі бойында автомобиль жолының құрылысына шығындар ұсынылмаған.

4.1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласының Теңге және Қызылсай ауылдарында дәрiгерлiк амбулаториялардың құрылысын аяқтау (орындауға жауапты – ДСМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Деңсаулық сақтау министрлігінің 10.07.2012 жылғы № 08-2/03-10797 ақпараты бойынша, 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы құрылыстық жұмыстары – 95 %-ға аяқталды, медициналық жабдықтар жеткізу жүргізілуде. Жұмыс комиссиясының мерзімі тағайындалды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2011-2012 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. Теңге селосында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бойынша а.ж. 82,6 млн. теңге бөлінді, 1.07.2012 ж. жағдай бойынша игеру 41,2 млн. теңгені құрайды. Нысан аяқталды, қазіргі күні жұмыс және мемлекеттік комиссия актілерін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қызылсай селосында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бойынша а.ж. 69,4 млн. теңге бөлінді, 1.07.2012 ж. жағдай бойынша игеру 52,2 млн. теңгені құрайды. Нысан қабылданды, қазіргі уақытта жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың актілерін ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.



4.1.2. тармақ. Жаңаөзен қаласының «Рахат» шағын ауданында емхана салу (орындауға жауапты – ДСМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Деңсаулық сақтау министрлігі және Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі - 2012 жыл. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. Құрылысқа 2012 жылы 611,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 550,3 млн. теңге, облыстың бюджеттен – 61,1 млн. теңге бөлінді. Құрылысқа арналған конкурсты а.ж. 23 шілдеде өткізу жоспарлануда.

4.1.3. тармақ. Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтiк корпусының ғимаратын салу (орындауға жауапты – ДСМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012-2013 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2012-2013 жылдар. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. Құрылысқа 2012 жылы 232,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 180 млн. теңге, облыстың бюджеттен – 52,5 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ-ны оңтайландыруға арналған конкурс а.ж. 15 маусымда өткізілді, қорытындылары шығарылуда.

4.1.4. тармақ. Жаңаөзен қаласында 50 төсек-орындық медициналық емдеу орталығын (емхана) салу (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2013-2014 жылдар)

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба мемлекеттік сараптамадан өтті (06.04.2012 ж. № 03-0094/12). Құрылыстың сметалық құны құрылыстың 17 ай ішіндегі ұзақтығы кезінде 2011-2013 жылдардың ағымдағы және болжамды бағаларымен 3 536,347 млн. теңге құрайды. Құрылыс мерзімі Кешенді жоспармен 2013-2014 жылдарға белгіленген.

4.2.1. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында 320 орындық балалар бақшасының құрылысын аяқтау (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Білім және ғылым министрлігінің 04.07.2012 ж. № 2897-2-6682/08-4 ақпараты бойынша, аталған нысанда монолиттік белдеу бетонын құю жүргізілуде, 2-ші қабат қабырғасын салу – 100 %-ға аяқталды, 1-ші қабат қабырғасының штукатуркалау - 80%-ға және терезе салу жүргізілген. Құрылыс жұмыстарын аяқтау – 01. 09.12 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2011-2012 жылдар. Қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер. Құрылысты аяқтауға 2012 жылы 259,9 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 165,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен 94,7 млн. теңге бөлінді. Игеру 1.07.2012 жылға 84,7 млн. теңгені құрайды. Аяқтау мерзімі – 2012 жылғы 1 қыркүйек.

4.2.2. тармақ. Жаңаөзен қаласында «Бостандық» (Арай-3) шағын ауданында 320 орындық балалар бақшасының құрылысын аяқтау (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, аталған нысанда монолиттік белдеу бетонын құю жүргізілуде, 2-ші қабат қабырғасын салу – 100 %-ға аяқталды. Жұмыстарды аяқтау – 01. 09.12 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2012 жыл. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. Құрылысты аяқтауға 2012 жылы 324,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 282,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 42,4 млн. теңге бөлінді. Игеру 1.07.2012 жылға 161,5 млн. теңгені құрайды. Аяқтау мерзімі – 2012 жылғы 1 желтоқсан.

4.2.4. тармақ. Жаңаөзен қаласында «Бостандық» (Арай-3) шағын ауданында 624 орындық орта мектеп салу (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жыл)

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, аталған нысанда жердегі жұмыстар – 100 %-ға аяқталған. Нөлдік цикл аяқталды, нөлдік белгіден жоғары жұмыстарға байқау өткізілді. Жұмыстарды аяқтау мерімі - 16.11.2012 жыл.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылу кезеңі – 2012 жыл. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты. Құрылысты бастауға республикалық бюджетті 2011 жылғы қазандағы нақтылаумен 163,5 млн. теңге бөлінді. 2012 жылы 902,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде – 708,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 194,1 млн. теңге бөлінді. «Бурастрой» ЖШС қосымша келісім жасалды. 1.07.2012 жылға игеру 51,6 млн. теңгені құрайды.

4.2.5. тармақ. Жаңаөзен қаласында Теңге ауылында 900 орындық орта мектеп салу (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 - 2013 жылдар)

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі тарапынан ЖСҚ ұсынылмаған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаны іске асыру 2012-2013 жыл. Бірлесе қаржыландыру – республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің қаражаты.

Құрылысқа арналған телім анықталды (әкімдіктің 06.09.2011 ж. № 28 қаулысы). ЖСҚ әзірлеуге 2012 жылы жергілікті бюджеттен 6,0 млн. теңге бөлінді, 1.05.2012 ж. Жағдай бойынша 1,8 млн. теңге игерілді. ЖСҚ әзірленуде.

ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың жоспарланған мерзімі – ағымдағы жылғы 30 шілде. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде құрылысты 2012 жылы бастауға 100,0 млн. теңге бөлінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет