37
«Асыл мұра» сериясы
бастаған кезде ана оған түрлі жеңіл ойын кѳрсетіп, кѳ-
мекші болу керек.
Бірақ кѳмекші боламын деп қозғалуға шамасы жоқ
баланы зорлықпен қозғалуға үйрету дұрыс емес. Жаңа
туған бала басын һәм барлық денесін билей алмайды,
оның шамасының келетіні – жату. Бала тѳрт ай толмай
басын билей алмайды, жеті-сегіз ай толмай еркін оты-
ра алмайды. Сондықтан 4 айға толмаған баланы жат-
қан орнынан кѳп қозғай беру жарамайды.
Тегінде, баланы ѳзінің
отыруға шамасы келмейтін
кезде еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып калуға
ықтимал.
Жас баланы кѳтеру де дұрыс емес. Денесіне зиян
келеді, бұл – бір. Екінші, кѳтеріп үйрету ата-анаға бір
пәле ғой. Аяғы бар, тілі бар дардай баланың «Апа, кѳ-
тер, әке, кѳтер» деп мазаны алуы ұнамды ма?.. Жас ба-
ланы арбаға салып сүйреу – қазақтың бір қате жұмы-
сы. Тақтай арбаның ішіне жаман кѳрпеге оратқызып,
баланы салып алып, 6–7 жасар балалар: «Мен ағамның
қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны дүріл-
деткенде баланың не жаны қалады? Үлбіреген жас де-
неге зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда?
Баланы еңбектеуден тыюға дұрыс емес. Еңбектесін,
қозғалсын, жас күшін жұмсай берсін.
Бірақ бала ең-
бектейтін жер таза, тегіс болсын, мүмкін болғанда тегіс
жерге кілем тѳселген болсын. Қазақтың еңбектеген ба-
ласының күні қараң ғой. Ол баланы қараушы болмай-
ды. Бала еңбектеп от орнына барып күйіп қала ма, күл,
кѳмір жей ме, нәжіске былғана ма, сызға, сазға отыра
ма, оны бақылаушы жоқ. Үсті-басы күл, топырақ, үр-
пиіп ылғи сызда, сазда отырады. Баланың неше түрлі
ауру болатындығы осы сыз ѳтуден. Сызда, былық жер-
де асыралса, мал баласы да оңбайды ғой. Адам баласы
38
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
мал баласы емес, баланы жақсылап бағу керек. Баланы
қолынан ұстап тәй-тәй қылуды дұрыс деуге болмайды.
Денесінің бір жеріне зиян келтіруге мүмкін.
Кейбір
ата-ана баланың тәй-тәй болғанын қызық кѳріп, тәй-
тәй болғысы келмей орнынан тұрмай отырған баланы
еріксіз тұрғызып тәй-тәй қылады. Бұл істері, әрине,
қате. Балаға итарба жасап беру дұрыс емес демейміз.
Бірақ итарбамен зорлап жүргізбе дейміз. Жағалағысы
келгенде үстелді бала ѳзі-ақ жағалайды ғой. Итарба да
баланың жанында жай тұрсын. Жүргісі келсе бала ѳзі
де жүреді. Шеше бірақ байқап отырып, баланы арбаға
дұрыс ұстатқызып жіберсін. Тоғыз ай мен он алты ай
арасында бала жүруге үйренеді. Есте болу керек, бала-
ның мешел болуы тәй- тәй кеш болғандықтан, итарба-
сы болмағандықтан емес, аурулы болғандықтан. Балам
мешел
болмасын десең, балаңды дұрыс күт...
Достарыңызбен бөлісу: