Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Серуен. Ылғи үйде, нашар ауада бала құп-қу, на-
шар, меңіреу болады. Сондықтан баланы күн сайын 
таза ауаға серуенге шығарып тұру керек. Киіз үй ашық 
ауамен бірдей. Киіз үйдегі баланы шығарсаң да бір
шығармасаң да бір. Ал еңді қазақтың «қысқы үй» деп 
аталған үңгіріндегі баланы әлсін-әлсін серуенге шыға-
рып тұрмай болмайды.
Үй саулыққа дұрыс салынған болса да, баланы се-
руенге шығарып тұру керек. Себебі үйдің ауасы бұ-
зылып отырады. Алты ай толмаған баланы қыстыгүні 
серуенге шығару жарамайды. Баланың саулығы нашар 
болса, доқтырлар бір жасқа толмай қыстыгүні шыға-
руға қоспайды. Күзгі, жазғы 2 градустық салқында бір 
жылдық баланы күн сайын 15–20 минут серуенге шы-
ғаруға болады. Ал енді 2 жастан былай баланы күн са-
йын кем дегенде 15–20 минут серуенге шығарып отыру 
керек. Жаңа оянған яки шомылдырылған баланы су 


39
«Асыл мұра» сериясы
жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серуенге шы-
ғаруға нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 сағат 
арасы.
Тісеу. Тісеу – баланың дене тұрмысында зор ѳзгеріс. 
Жас иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады. 
Иекте тамыр кѳп болғандықтан, тісей бастағанда бала 
әжептәуір ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыс-
тық болады. Аузынан сілекей шұбырады. Бала әлсін-
әлсін қолын аузына сала береді. Мұндай уақытта ба-
ланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек. Жылы суға 
жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі тѳмендегі рет-
пен шығады. Тісі тѳрт түрге бѳлінеді.
Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай ара-
сында шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – тѳрт. 12–16 
ай арасында шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4, 
17–20 ай арасында шығады. Тѳртінші түр – түпкі азу. 
Саны – 4, 20–24 ай арасында шығады. Міне, осымен ба-
ланың 20 сүт тісі болған болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе 
бастап, 7–11 жас арасында балаға дәйімгі тісі шығады. 
Яғни жаңағы айтылған – 20 тісі түсіп қайта шығып
олардың үстіне тағы азу қосылады. 12 жаста тағы тѳрт 
азу шығады. Сѳйтіп, дәйімгі тістің саны 28-ге толады. 
22–25 жас арасында тѳрт азу шығады. Мұны ақыл азуы 
дейді.
Баланың сүт тісі ѳте нәзік болады. Ыстық та, суық 
та жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұ-
зылымпаз келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұс-
тау керек. 3 жастан былай тамақ берген сайын баланың 
аузын жуып отыру керек. Тісті жаман бұзатын нәрсе – 
тәтті. Жас балаға тәтті беруге жарамайды. Біраз ѳскен 
соң беруге мүмкін, бірақ аз һәм сирек беру керек.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет