70
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Есту сезімі адамның кѳру сезіміне де кѳп кѳмек кѳр-
сетеді. Кѳз нәрсенің сыртын кѳреді. Құлақ бізге бір зат-
тың ішін, жанын шешіп береді.
Грек данышпаны ал-
дында тұрған кісіге:
«Қане, сѳйлеші. Мен сені кѳрейін»,– дейді екен.
Мылқауға қарағаңда тума соқырдың ақылды,
құлық-
ты болуы һәм оның жанының, жүрегінің жұмсақ, нәзік
болуы осыдан.
Адамның әділеттілікті сүю сезімін тереңдететін де –
осы есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені
балқытып, адамға терең ой салмай ма?
Құлақтан қіріп бойды алар
Тәтті ән менен мұңды күй.
Жүрекке
терең ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, –
дейді Абай. Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді.
Шат күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі
ѳлгенде ѳлім күйі, тойда қуаныш күйі, соғыста адам-
ды есалаңдандырып кѳтеріп жіберетін соғыс күйі ой-
налуының мәнісі осы. Грек елінде бір әдемі ертегі бар.
Орфей деген күйші күйімен, әнімен тағы аңдарды ұйы-
тып алады екен. Қазақтың
әдемі ертегісінде Қорқыт
қайда барса да алдынан кез келе берген кѳрден, яғни
жанын жеген ѳлім туралы ойдан құтылам ба деп бір
тоқтаусыз қобыз тартатын болыпты. Қысқасы, баланың
жаны кетік болмай, бүтін болсын десе, тәрбиеші бала-
ны әннен, жырдан, музыкадан қашырмасын.
Достарыңызбен бөлісу: