Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Иіскеу һәм тату сезімдері



Pdf көрінісі
бет33/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Иіскеу һәм тату сезімдері. Иіскеу сезімінің құра-
лы – танаудың терісі. Сол теріде иіскеу нервтері бар. 
Ауада ұшып жүрген иіс сол нервтерді қытықтап, одан 
әсер миға барады. Иістің арнап қойылған аттары жоқ. 
Иіс не заттан шықса, сол заттың атымен жүргізіледі. 
Мысалы, сасырдың иісі, жұпардың иісі деген сықылды.
Тату сезімінің құралы – тілдің үсті. Сол тілдің үсті-
не тату нервтері тараған. Негізгі дәмдер мыналар: тәтті, 
қышқыл, ащы, тұзды, тұщы.
Иіскеу һәм тату сезімдері адамның жан тұрмысы 
үшін аса қымбат сезімдер емес. Бұлар – денемізге қыз-
мет қылатын сезімдер. Бұл сезімдер басқа ішкі сезім-
дерді оятуға ұста болады. Мысалы, жақын адамның 
иісі сіңген бір нәрсені иіскесең, әлгі адамың есіңе түсе 
қалады.
Жас бала қолына түскен нәрсенің бәрін аузына апа-
рып салады. Мұның себебі ең алдымен оянатын – осы 
тату сезімі. Бала қолына түскен нәрсені татып білмек-
ші болады. Балада татудан соң оянатын сезім – сипау. 
Біраздан соң кѳру һәм есту, бәрінен соң иіскеу сезімі.


73
ІСКЕРЛІК 
А
дам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерле-
ну ғана емес, барлық жан кѳріністері болу үшін бір 
шарт бар.
Ол шарт – іскерлік. Іскерлік сыртқы дүниедегі бір 
затқа яки ішіміздегі бір жан кѳрінісімізге, ойға, ішкі 
сезімге, қайратқа жанның тѳнуі, нүктеленуі деген сѳз. 
Іскерлік болмаса, біз сыртқы заттардан әсер алып
олармен таныса алмаймыз. Ойымыздың дұрыс, ашық 
болуы, ішкі сезімдеріміздің жанды болуы, қайраты-
мыздың түзу бет алуы осы іскерлікке байлаулы.
Іскерліктің түрлері. Іскерлік тѳмеңдегі түрлерге 
бѳлінеді:
1. Әсер берген заттың яки кѳріністің мінезіне қарап 
екіге бѳлінеді. Еріксіз іскерлік һәм ерікті іскерлік. Біз 
тілемеген уақытта яки тілегімізге қарсы бір нәрсе біздің 
іскерлігімізді еріксіз тартса, міне осындай уақытта бо-
латын іскерлік еріксіз іскерлік деп аталады.
Мысалы, біз шын ынтамен бір кітап оқып отырмыз. 
Іскерлігіміз кітапта, кенет үй артында біреу ән шырқай 
бастады. Сонда осы ән біздің іскерлігімізді кітаптан 
еріксіз тартып алады. Ал енді егер біз ѳзіміз тілеп бір 
нәрсеге іскерлігімізді ѳзіміз аударсақ, міне осындай уа-
қытта болатын іскерлік ерікті іскерлік деп аталады.


74
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Мысалы, біз қазір бір ѳлеңді жаттап алайықшы деп 
жаттап отырғанда іскерлігімізді ѳз еркімізбен ѳлеңге 
жұмсап, жан- жақта сѳйлесіп жатқан сѳздерді есті-
мейміз.
2. Іскерлік табандылығына қарап екіге бѳлінеді: та-
банды іскерлік, табансыз іскерлік. Бір затқа қажымай 
қадалған іскерлік табанды деп аталады. Мысалы, жан-
жаққа кѳз, құлақ салмай, бар дүниеден безіп үйрену 
үшін бір әнді қайта-қайта домбыраға салып отырған 
жігітте табанды іскерлік болып отыр. Ал енді бір зат-
қа тұрақтай алмай, бірінен-біріне секіретін іскерлік 
табансыз іскерлік деп аталады. Ѳзі бір әнді домбыраға 
салып үйренем деп отырып, біресе сѳзге кірісіп, біресе 
домбыра тартып отырған жігітте табансыз іскерлік бо-
лып отыр.
3. Іскерлік тартатын заттың тұқымына қарай іскерлік 
екіге бѳлінеді: ішкі іскерлік һәм тысқы іскерлік. Сырт-
қы дүние затына жұмсалған іскерлік сыртқы іскерлік 
деп аталады. Ѳзіміздің бір кѳрінісімізге жұмсалған іс-
керлік ішкі іскерлік деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет