112
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Бірақ
біз заттарды, кѳріністерді жақсылап бақыла-
май, араларындағы байламды терең тексермей, асығып
үстірт нәтиже шығарсақ, бұл нәтижеміз қате болады.
Осыдан сақтану керек. Асығып үстірт нәтиже шығару
балада кѳп болады. Ѳзінің аты бар, тоны бар бала жер
жүзіндегі баланың бәрінін аты,
тоны бар деп нәтиже
шығарады. Дүниеде аш, жалаңаш, сорлы балалар бар
десең, нанбауға мүмікін.
Аналогия. Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар
екенін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас
екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың
дербес кѳріністен дербес емесіне кѳшуі аналогия деп
аталады. Мысалы, астрономдар (кѳк
ғылымына жетік
адамдар) айтады: Марста біздің Жердің ауасындай ауа
бар, суындай су бар, ендеше Жердегі сықылды Марста
да жан иесі бар дейді. Міне, бұл – аналогия бойынша
шығарылған нәтиже.
Аналогия жай тұрмыста да, пәнмен бір нәрсені тек-
сергенде де кѳп қолданылады. Әсіресе бала кѳбінесе
осы аналогиямен ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп
жүр, мен неге мінбеймін».
«Пәлен баланың пәлендей ісін мұғалім ұнатпады,
ендеше, онда мен ондай іс істемеймін»
деп ойлайды
бала. Аналогия да индукция сықылды кейде қате бо-
луға мүмкін. Қате болуы екі зат, яки екі кѳріністің бір-
біріне болмашы бір сында бір-біріне ұқсауынан бар-
лық сында ұқсайды деп ой шығарудан болады. Мыса-
лы, киімдері ұқсас екі адамның білімдері де бірдей деп
нәтиже шығару, әрине, қате.
Гипотеза. Кейбір кѳріністердің
арасындағы бай-
ламды бақылауға мүмкін болмайды. Ол уақытта біз
бұл кѳріністер туралы жалпы заңды жорып,
болжап
қана шығамыз. Жалпы заңды жорумен, болжаумен
113
«Асыл мұра» сериясы
шығару гипотеза деп аталады. Мысалы,
физикадағы
әрбір зат молекула аталған негізгі ең ұсақ бѳлімнен тұ-
рады деген гипотеза сықылды.
Достарыңызбен бөлісу: