Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Ойлауды ѳркендету жолдары



Pdf көрінісі
бет56/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Ойлауды ѳркендету жолдары. Ойлау – жанның 
ѳте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. 
Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын ѳркендеткенде 
сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Ѳркендету жолда-
ры мыналар:
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық 
суреттеулердің кѳп болуына ықтиһат қылу керек. 
Әсерленулер, суреттеулер ѳздері аз болып және дұрыс 
һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хұкім жасауы һәм 
ой шығаруы қате болады. Ойдың ѳзінің терең болуы 
үшін әсерлену һәм суреттеулердің кѳп һәм ашық бо-
луы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойын-
ша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікірді ұқтырмақ-


115
«Асыл мұра» сериясы
шы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет жоқ, бала 
пікірді суреттеудің ѳзінен шығарып алсын.
2) Бала заттарды, кѳріністерді ұқсас сындары бойын-
ша тап- тапқа бѳліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, 
харіптерді бѳлу, ѳсімдікті, жануарды тап-тапқа бѳлу 
сықылды. Бірақ баланы заттарды, кѳріністерді тап-тап-
қа бѳлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға кѳшуді естен 
шығармауға керек.
3) Бала кѳріністердің, ойлардың араларындағы бай-
ламды һәм олардың қайсысы қайсысына себеп екенін 
тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже – заң 
шығартқызып үйрету сықылды істермен болады.
Адам жанының ақыл яғни білу ісі туралы жалпы 
бір-екі сѳз. Адамның ақыл-есіне жалпы кѳз салсақ, кѳ-
реміз: ақыл-есі бірте-бірте басқыштап ѳркендейді екен. 
Былайша: біз сыртқы сезім құралдары арқылы сырт-
тан түрлі әсер алып, бізде түрлі әсерлену болады. Яғни 
әсерлену арқылы біз сыртқы заттардың сындарымен 
танысамыз. Бұл – сыртқы дүниені біле бастауымыз-
да бірінші адым. Заттың түрлі сынынан болған әсер-
ленулерді бірге қосып, барлық сыны мен заттың ѳзін 
суреттейміз. Яғни біздің жанымызда суреттеу болады.
Бұл – білудің екінші адымы. Онан соң сол заттан біз 
айырылсақ та, біз оның суретін бұрынғы қалпында еске 
түсіреміз. Сол есте сақталған суреттерден жаңа бір су-
рет жасаймыз, яғни қиял қыламыз. Онан соң суреттеу-
лердің сындарын оймен тексеріп, олардан ұғым жасай-
мыз. Ұғымдардан хұкім жасаймыз, хұкімдерден жаңа 
бір ой шығарамыз. Бұдан кѳрінеді: ақыл ісі әсерлену-
ден басталып, суреттеу, ес, қиялды ѳтіп, ойға жетеді 
екен. Ақылдың осылай басқыштап ѳркендеуін білген 
тәрбиеші сѳз жоқ баланы дұрыс тәрбие қылу жолын 
білуге тиісті.


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет