Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет55/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Баланың ойлауы. Бала айналасындағы заттарды
кѳріністі біліп қана қоймайды, соларды ұққысы ке-
леді. Яғни солар туралы ұғым жасауға, хұкім һәм ой 
шығаруға ұмтылады. Үш жастан былай бала дамылсыз 
«Мынау не? Бұл неге жатады? Мынау іс не үшін істе-
леді?» деген сықылды сұрауларды бере береді. Міне, 
осы сұраулар балада ойлау болатынын кѳрсетеді. Бірақ 
баланың ойлауы терең ойлау емес. Балаңың жанында 
суреттеулер аз. Суреттеулерден ұғым жасай алмайды. 
Сондықтан баланың бір зат туралы ұғымы сол заттың 
суреті болады. Мысалы, бала ағаш туралы ойлағанда, 
белгілі бір ағаш туралы ғана ойлайды. Баладан «Зат де-
ген не?» деп сұрасаң,
«Жылқы» дейді. «Бѳрік деген не?» деп сұрасаң, 
«Менің бѳркім, атамның бѳркі» дейді. Баланың жаңа 
ой шығаруы да терең емес. Дедукция бойынша жалпы-
дан жалқыға, индукция бойынша жалқыдан жалпыға 
ой жүргізуді бала білмейді. Бала аналогия бойынша 
ойлайды. Мұнда да кѳбінесе сыртқы болмашы сында-
рына қарайды. 2 жыл 10 айлық бір бала тәрелкеге су 
құйып, ішіне ет салыпты. Не үшін? Етті суға ерітем 
деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен. 10 жасар 
бір америка баласының мұғалімі тапал бойлы ашулан-
шақ адам болыпты. Бір уақытта осы мұғалім кеткен 
соң әкесі басқа бір мұғалім алыпты. Бұл мұғалім де та-
пал екен. Сонда жаңа мұғалімте бала айтыпты: «Мен 
сізден қорқам, сіз ашуланшақ шығарсыз»,– деп. «Оны 
қайдан білдің?» – деп сұрайды мұғалім. «Сіз де тапал
екенсіз», – депті бала.


114
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм 
оны ѳркендетудің тиістілігі. Ойлау адам ѳмірінде 
аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа 
жануар сықылды заттарды, кѳріністерді құр жадына
есіне ғана алып, жат бір кѳрініс ұшыраса, оны шеше 
алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана бо-
лар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай ѳз-
геретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр болар еді. 
Адам ойлау арқасында ғана заттардың, кѳріністердің 
араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған 
себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын 
ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, 
ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам.
Ойлау осындай қымбат кѳрініс болса, әрине, оны ѳр-
кендету керек. Әсіресе тәрбиеші баланың дұрыс ойлап 
үйренуіне кѳп күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың 
ойын жетектемесе, бала ұғымды, хұкімді теріс жасау-
ға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар 
ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл адам болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет