109
«Асыл мұра» сериясы
силлогизм ѳзі үшке бѳлінеді: кесімді, шартты, һәм
бѳлмелі. Мысалдар: а) Борышын жасырған ѳледі. Сәр-
сембай борышын жасырды, ендеше Сәрсембай ѳледі;
б) Суық болса, су қатып қалады. Кѳлдің суы қатып қал-
ды. Ендеше суық болды; г) Мынау жылқы не сенікі, не
менікі. Жоқ, ол сенікі де емес, менікі де емес екен. Енде-
ше мынау жылқы басқанікі.
Егер
бірнеше силлогизмдер қосылып,
солардың
бірінің нәтижесі
екіншісіне негіз болып отырса, міне
осылай бірнеше силлогизмнен жасалған бір силлогизм
күрделі силлогизм деп аталады. Мысалы, Сәрсембай –
адам, әрбір адам ѳз ұлтын сүйеді, ендеше Сәрсембай
да ѳз ұлтын сүйеді (бірінші силлогизм). Сәрсембай ѳз
ұлтын сүйеді, ѳз ұлтын сүйген адам ұлтының бақыты
үшін ѳз
бақытын құрбан қылады,
ендеше Сәрсембай
да ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан қылады.
Күрделі силлогизмдер де кѳбінесе сѳйлеудің сұлу
болуы үшін ортадағы нәтижелер қалдырылып, ең со-
ңынан бір-ақ нәтиже шығарылады, яғни күрделі сил-
логизм қысқартылады. Қысқартылған күрделі силло-
гизм сорит деп аталады.
Сенека данышпанның сориты: «есті
адам қанағат-
ты, қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам кѳнтерлі,
кѳнтерлі адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, енде-
ше кім есті адам – сол бақытты».
Күрделі силлогизмдер де
жабайы силлогизмдер
сықылды кесімді, шартты һәм бѳлмелі аталып үшке
бѳлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: