Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Ұялу сезімі. Егерде біз ѳзіміз қымбат кѳретін адам-
дарымыз мінегендей бір мін іс істесек, біздің жанымыз-
да ұялу сезімі болады. Жер жүзінде ұялмайтын адам 
жоқ. Бірақ білімі, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның 
ұялуы да әр түрлі болады. Мысалы, білімсіз адам айы-
лын жимайтын істен білімді адам ұялып ѳліп қалады. 
Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу оңай нәрсе 
емес. Адамға ұялудан күшті жаза жоқ. «Ѳлімнен ұят 
күшті» дейді қазақ. Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс 
істеген адамдарға істеген жазаларының кѳбі ұялту бол-
ған. Мысалы, қазақтар әйелді қара ѳгізге теріс мінгізіп, 
бетіне күйе жағып, үстіне құрым жауып ауылды айнал-
дырады екен. Әрбір елдің заңыңда ұялтуға негізделген 
жаза нағыз қатты жаза деп саналады. Сондықтан тәр-
биеші баланы ұялтып, жаза қылуға ѳте сақ болуы ке-
рек. Ұялту, келемеж қылу баланың жақсылыққа, жоға-
рылыққа ұмтылатын барлық ынтасын байлап, ѳлтіріп, 
баланы жасық, ынжық қылады. Бала қорғаншақ, ѳзіне-
ѳзінің сенімі жоқ, жасқаншақ болады. Ұялу сезімінің 


129
«Асыл мұра» сериясы
қарсысы – ѳзіне-ѳзі разы болу сезімі. Адамда бұл сезім 
басқалар оны жақсылағанда, мақтағанда болады. Ѳзіне 
ѳзі ылғи риза болып жүретін тәкаппарлық сезім пай-
да болады. Тәкаппарлық сезімі яғни адамның ѳзін ірі 
деп санауы, шектен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім, 
дұрыс мінез. Бірақ шектен шығып кетпесін, яғни адам 
ѳзінің істері, мінездері ірілігін емес, тѳмендігін кѳрсетіп 
тұрғанда, ѳзін ірі адам деп санайтын болмасын. Жоға-
рыда айтылған себептерден баланың ѳзіне-ѳзі разы 
болу сезімін ѳте сақтықпен тәрбие қылу керек. Бала-
ның ѳзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда мақтауға тұ-
рарлық ісін мақта. Баланың жеңіл істерін мақтай беру 
балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады. Қай-
та бір жеңіл дұрыс ісі болса да, нашар шәкіртті мақтау 
керек. Қалайда мақтауға мырза болу жарамайды. Бір 
шәкіртті, бір баланы мақтау басқа балалардың рухын 
түсіреді, ынтасын ѳлтіреді. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс 
құлқы үшін шәкірттерге сый (наград) беру, үлестіру 
тіпті дұрыс емес. Мұндайда сый алған балалар сый алу 
үшін ғана тырысып, кеуделеріне орынсыз менмендік
ретсіз тәкаппарлық кіріп, сый алмаған балалар күншіл 
һәм ѳзіне-ѳзі сенбейтін жасық болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет