Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ІШКІ СЕЗІМ КӨРІНІСТЕРІ 
Б
із жан тәрбиесіне кіргенде жан кѳріністерін үшке 
бѳліп едік: ақыл кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері 
һәм қайрат кѳріністері деп. Ақыл кѳріністерінің қан-
дай түрлерге бѳлінуін һәм оларды қалай тәрбие қылу 
керек екендігін біз жазып ѳттік. Енді ішкі сезімдерге 
кѳшеміз.
Ішкі сезімдер. Адам бір нәрседен әсерлену алып
сол нәрсемен таныс болып тұрғанда, адамның жаның-
да не жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймай-
ды. Мысалы, жағымды дыбыстан әсерлену алғанда
жан жағымды күйде болады. Жағымсыздан жағымсыз 
күйде және болып озған бір әсерленуді суреттеу жаса-
ғанда да жанда не жағымды, не жағымсыз күй болады. 
Мысалы, біз жақсы кѳрген адамдарымызды суреттесек, 
жанымыз жағымды күйде болады. Жек кѳрген адамы-
мызды суреттесек, жанымыз жағымсыз күйде болады. 
Қысқасы, әсерлену уақытында яки суреттеу уақытында 
жанымызда не жағымды, не жағымсыз бір толқын бол-
май қоймайды. Міне, осы әсерлену һәм суреттеу уақы-
тында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады.
Әсерлену мен ішкі сезім арасыңда кѳп айырма бар. 
Әсерлену дене мен жанның қатынасуымен болатын 


121
«Асыл мұра» сериясы
кѳрініс. Ішкі сезім – таза жан кѳрінісі. Бұл – бір. Екінші, 
әсерлену арқылы біз сыртқы заттармен танысамыз. Ал 
енді ішкі сезім арқылы біз заттарға, кѳріністерге баға 
береміз. Егер қадірлі деп тапсақ, жанымыз жағымды 
күйде болады, қадірсіз деп тапсақ, жанымыз жағымсыз 
күйде болады.
Ішкі сезімдердің жасалуы. Адамда ішкі сезім болу 
үшін біздің жанымызда бұрын бірнеше әсерленулер 
һәм суреттеулер болу шарт. Себебі ішкі сезім бір тұ-
қымдас бірнеше әсерленулерді һәм суреттеулерді бір-
бірімен салыстырумен болады. Мысалы, біз «мына қар-
тина әдемі екен» десек, сонда біз сол картинаны оймен 
басқа картиналармен салыстырып айтып отырмыз. Са-
лыстырылатын бұрынғы мен жаңа екі суреттердің бұ-
рынғысы ішкі сезімнің негізі деп, соңғысы ішкі сезімді 
оятушы деп аталады. Негізгі суреттеу әр адамда әр 
түрлі болады. Әрбір адамңың ішкі сезімі сол адамның 
жанының қандай күйде тұруына, оның біліміне һәм де-
несінің қандай күйде тұруына байлаулы болады. Мы-
салы, бір әннен бір уақытта жағымды әсерлену, екінші 
уақытта жағымсыз әсерлену алуға мүмкін, яки білімді, 
оқыған адам бір нәрседен жағымсыз әсерлену алғанда, 
сол нәрседен оқымаған надан адамның алған әсерленуі 
жағымды болуға мүмкін. Яки сау адамның бір нәрседен 
алған әсерленуі жағымды болғанда, сол нәрседен ауру 
адамның алған әсерленуі жағымсыз болуға мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет