122
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
сезімнің болуына ми себепші, бірақ ішкі сезімнен кѳп
әсерленетін – жүрек. Мысалы, қуаныш уақытында жү-
рек жұмысын жылдам атқарады – «ойнайды», ал енді
реніш уақытында жұмысын шабан атқарады – «қысы-
лады».
Ішкі сезімдердің бѳлінуі. Бірінші, ішкі сезімдер
мінезіне қарап екіге бѳлінеді: жағымды һәм жағымсыз
ішкі сезімдер. Яғни қандай болса да ішкі сезім мінезіне
қарағанда не жағымды, не жағымсыз болмай қоймай-
ды. Екінші, ішкі сезімдер күшіне қарап бѳлінеді. Күші-
не қарағаңда сезімді екіге айыруға болады:
жанның
күйі һәм аффект жан күйі. Адамда бір ішкі сезімнің
ұзақ болуы ж а н к ү й і деп аталады. Мысалы, адамда
қайғы
ұзақ болса, оның жан күйі де қайғылы мінезді
болады. Кейбір адамдардың жаны ѳмір бойы бір күй-
де болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқ-
тық, науқас кѳрмеген адам ылғи қуанышты, шат бола-
ды. Ѳмір бойы кемдік, тарлық кѳрген қу қанжыға адам
жадырауды білмейтін болады.
Аффект. Тіпті күшті болған ішкі сезім аффект деп
аталады. Аффект кѳбінесе кенет болады. Оны құйын-
мен ұқсастыруға болады. Ішкі сезім аффект дәрежесіне
жеткен уақытта жанның басқа күштері әлсіреп, жұ-
мысы шабандап қалады. Мысалы, ашу уақытта, қатты
қорыққан уақытта ақыл жѳнді жұмыс қыла алмайды.
Аффект тым күшті
дәрежеге жеткенде, не істеп, не
қойғанын ойлай алмайды. Мысалы, күшті аффект уа-
қытында адам тѳбелесіп қалады. Кісі ѳлтіріп
тастай-
ды. Кенет күшті болатын аффект адамның денесіне де
күшті әсер береді. Бетті қуартады, қызартады. Денені
дірілдетеді, күлдіреді, жылатады, кейде кенет шашты
ағартады. Аффект нерв системасына күшті әсер береді,
аффектіден соң адам әлсіреп қалады.
123
«Асыл мұра» сериясы
Ішкі сезімдер тағы екіге бѳлінеді: ѳзімшілдік
(эгоизм) ішкі сезімдер һәм кѳпшілдік (альтруизм)
ішкі сезімдері. Кіндігі ѳзімізде болған, яғни біздің не
әлсіздігімізді, не күштілігімізді кѳрсететін
ішкі сезім-
дер ѳзмшілдік ішкі сезімдері деп аталады. Ұялу, қор-
қу, батырлық, ашу, жек кѳру, тәкаппарлық, күншілдік
сықылды. Ал енді басқа адамдар һәм жаратылыс үшін
болатын ішкі сезімдер кѳпшілік ішкі сезімдері деп ата-
лады: достық, аяу сықылды.
Достарыңызбен бөлісу: