144
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
2)
Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы
қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, кѳз-
ге
бір затты жақындатсаң,
кірпік жабылады, тоңсаң,
дірілдейсің.
3)
Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра
бойынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері.
Соқыр сезім адамның ѳзінің һәм тұқымының аман бо-
луына қызмет қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей,
емшек емеді. Яки құс қыс жақындағанда жылы жаққа
ұшып кетеді.
Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай
болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ой-
менен қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар
сықылды басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат
ісі. Қайраттың бет алысы екі жақ: жан кѳріністері һәм
сыртқы дүние. Мысалы, мен қайрат жұмсап бір ойды
еске түсіремін. Яки жерде жатқан бір нәрсені кѳтеру
үшін еңкейем.
Достарыңызбен бөлісу: