Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Қайрат түрлері. Қайрат тѳмеңдегі түрлерге, дұры-
сырақ айтқанда, басқыштарға бѳлінеді: тартылу, ұм-
тылу һәм тілеу. Қайрат адамда ә дегеннен берік, ашық 
болмайды. Бастапқы кезде бір әсер мен белгілі бір бе-
талыс болмай, белгілі бір мақсұт болмай, бір нәрсе-
ге жан жай тартылады. Мысалы, бала аштықтан жы-
лайды, тыпырлайды, жаны жағымсыз күйде болады. 
Жанында бір азап болады. Бірақ бала осы жағымсыз 
күйдің, осы азаптың аштықтан екенін аңдап біле ал-
майды, оған сүт керек екенін біле алмайды. Міне, жан-
ның осындай күйі тартылу деп аталады. Ал енді тарты-
луға аң қатысса, яғни адам, не нәрсеге болса да ѳзінің 
мұқтаж екендігін аңдап, анық білсе, бірақ сол мұқтаж 
нәрсенің не нәрсе екендігін анық біле алмаса, жанында 


145
«Асыл мұра» сериясы
ұмтылу болады. Мысалы, біз ыстықта сусаймыз, сусын 
тауып, сусынды қандыруға ұмтыламыз. Бірақ бізге кез 
келетін сусынның қандай болатынын білмейміз. Егер-
де біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу 
тілеуге айналады.
Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы бай-
лам. Бұл үшеуінің арасында берік байлам бар. Сурет-
теу болмаған нәрсені адам тілей алмайды. Мысалы, 
естімеген, білмеген тамақты тілеуге мүмкін емес. Және 
адамның жағымсыз ішкі сезімі беретін нәрсені де тілеуі 
мүмкін емес. Бір нәрсенің суреті біздің жанымызда 
неғұрлым ашық болса һәм оның жанымызда жағымды 
сезім туғызуы бізге белгілі болса, біз сол нәрсені қатты 
тілейміз.
Қайрат қалай жасалады? Қайрат тѳмендегі бас-
қыштарды ѳтіп барып іске асады. Жанымызда бір ті-
лек бар. Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің 
іске асуының тиістілігін бекітетін себептер дәлел яки 
мотив деп аталады. Бұл – қайраттың бірінші басқышы. 
Ал енді бір тілектің іске асуының тиістілігін кѳрсететін 
қарсы себеп те болады. Қарсы себеп – қарсы дәлел яки 
контр мотив деп аталады. Дәлелге қарсы дәлел шық-
қанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз. 
Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің кү-
ресі деп аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен 
қарсы дәлелдің қүші бірдей кѳрінсе, адамда толқу пай-
да болады. Дәлелдер күресінен кейін ақырда адам екі 
жақтың бір жағына жеңгізіп, бетін бір жаққа түзейді. 
Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа түзеу бекіту деп 
аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп аталады. Бұл 
тѳртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі бѳгет-
ке ұшырап, бѳгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін 


«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табан-
ды болу керек. Табанды адам – қайраты күшті адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет