150
МІНЕЗ
Б
ір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен
айыратын сипаттар мінез деп аталады, адамның
ойының яки ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына
кірмейді. Ойы бір дәрежеде һәм сезімдері бір қалыпты
адамдардың мінезі әртүрлі болуға мүмкін.
Яки жауыз һәм
мейірімді адам, құлықты һәм құ-
лықсыз адамдар мінездес болуға мүмкін. Сондықтан
мінез ақылға яки сезімге байлаулы нәрсе емес, қайрат-
қа байлаулы һәм мінез қайрат дәрежесіне қарап былай
бѳлінеді. Егер бір адамның қайраты күшті болса, сѳзі-
нен
бір айрылмайтын, екеуі екі бѳлек жайылмайтын
болса, ондай адамның мінезі қатты мінез, күшті мінез,
берік мінез деп аталады. Егерде сѳзбен,
оймен іс бір-
біріне қабыспайтын болса, ауыз айтқанда, қол істей ал-
маса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады.
Мінездің жасалуы. Мінез адамның жаратылысы-
на қарай тума болады һәм басқа сыртқы себептермен
тұрмыс түрі,
жаратылыс, жолдас, тәрбие сықылды
жүре пайда болады. Тума мінез кѳбінесе тұқым қуалап
келеді. Дененің аурулы яки сау болуы, ақылды, ақымақ
болу, ашулы, жасық болу сықылды тума мінез темпе-
рамент деп аталады.