әзірлеу
15. Тасымалдаушы пойыздарды қалыптастыру жоспарының жобасын әзірлеген кезде:
1) меншікті (жалға алынған) кірме жолдың техникалық мүмкіндіктерінде, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген учаскелер мен станциялардың техникалық сипаттамаларында;
2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген талаптарда берілетін шектеулерді басшылыққа алады.
16. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуге арналған өтінімді қарау шеңберінде ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздарды қалыптастыру жоспарын жасайды.
17. Пойыздарды қалыптастыру жоспары пойыздар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеумен бір мерзімде жасалады.
18. Тасымалдаушылардың пойыздар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасын тасымалдаушы пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болатын кезеңге, мыналарды:
1) магистральдық теміржол желісі объектілерін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін (технологиялық «үзіліс»);
2) локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысының белгіленген ұзақтығының сақталуын;
3) тасымалдау процесі операцияларын орындаумен байланысты емес вагондардың тоқтап тұруы үшін меншікті (жалға алынған) кірме жолдардың техникалық мүмкіндіктерінің пайдаланылуын;
4) бос вагондардың жүру (қайтару) маршруттарын;
5) жоспарланып отырған жылдамдықтардың және пойыздың жүру уақытының магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті сегменттері үшін белгіленген жылдамдықтар мен жүру уақытына сәйкестігін;
6) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен келісуді талап ететін халықаралық жолаушылар тасымалдары үшін резервтелген, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес резервтелген өткізу қабілеті үлестерін (график тармақтарын) ескере отырып, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктері негізінде жасайды.
5. Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік алу үшін
өтінімді беру және қарау
19. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді, оған мынадай құжаттар және ақпарат қоса беріледі:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушының пойыздарды қалыптастыру жоспарының жобасы;
2) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша пойыздар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы;
3) жоспарланып отырған тасымалдардың жылдық көлемдері (графиктің әр тармағы үшін тоқсандар мен айлар бойынша бөлу арқылы);
4) бағыттар бөлінісінде айлар бойынша бөлінген өткен жылғы жүк тасымалдау көлемдері;
5) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
6) жылжымалы құрамға меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжат;
7) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу базасының болуы туралы құжат немесе мұндай база болмаған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шарт (шарттар);
8) тасымалдау жоспарланған жылжымалы құрамның:
түрі мен тиесілігі;
тасымалдау жоспарланған вагондардың саны;
тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары көрсетілген тізбесі;
9) тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін ұлттық инфрақұрылым операторына ақпарат беру және алмасу үшін қажетті тасымалдау құжаттарын (вагон парақтары және анықтама қағаздары) жасау және өңдеудің техникалық мүмкіндігінің болуын растайтын ақпарат (бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған хат) не болмаса мұндай мүмкіндігі бар тасымалдаушымен жасалған шарт;
10) жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда:
жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың көшірмелері;
тасымалданатын жүктердің түрлері туралы ақпарат;
11) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдары жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамадан үзінді көшірме немесе әлеуметтік мәні бар қатынас бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы уәкілетті органмен жасасқан шарттың көшірмесі;
12) магистральдық теміржол желісі орналасқан аумақта орналасқан заңды тұлғаны немесе филиалды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
13) тиісті салық органының салықтық берешек және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды қоспағанда, берешектің болмауы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар адамның қол қоюымен (осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса бере отырып), осы салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтама. Егер анықтамада берешек көрсетілген болса, анықтама берген адамның қолы қойылған осы берешек пайда болған мерзімді растайтын құжатты қоса беру қажет;
14) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған теміржол көлігін, жүктерді және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары;
15) соңғы аудиторлық тексеру есебінің көшірмесі және оған қосымша;
16) жоспарланып отырған қызметтер көлемі құнының 0,1 %-ына (оннан бір пайызына) тең мөлшерде инфрақұрылымға қол жеткізуді беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етілуі (не болмаса аталған сомаға банк кепілдемесі);
17) шартқа қол қою құқығына сенімхат, егер заңды тұлғаның өкілі бірінші басшы немесе бірінші басшының міндетін атқарушы тұлға болмаған жағдайда, сенім білдірілген тұлға өкілдік етеді;
18) локомотив бригадаларының біліктілігі және олардың қызмет көрсету учаскелерінің жоспарлары мен бейімдерін білуі туралы ақпарат.
Қағидалардың осы тармағының 16) тармақшасында белгіленген талап вагондық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын тасымалдаушыға қолданылмайды.
20. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына беретін қағаз жеткізгіштердегі өтінім мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және тасымалдаушының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының не ол уәкілеттік берген тұлғаның қол қоюымен расталады;
2) қоса берілетін құжаттар түпнұсқалар немесе олардың көшірмелері болып табылады, соңғы жағдайда өтінімге қол қоятын басшы не болмаса ол уәкілеттік берген тұлға олардың анықтығы мен толықтығын жазбаша растайды;
3) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде беріледі және оларда түзетулер немесе толықтырулар болмайды.
21. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу құқығын беруге арналған өтінімдерді қабылдау тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы оныншы маусымда басталады және тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы жиырма бесінші шілдеде аяқталады.
22. Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінімді тіркейді және тасымалдаушыға өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылданған күні, қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген құжатты береді.
23. Ұлттық инфрақұрылым операторы келіп түскен өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
24. Өтінім осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сай болмаған, сондай-ақ тасымалдаушы дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қабылдаудан бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
25. Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімдерді қарауды және пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын қалыптастыруды аяқтау мерзімі тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы жиырма бесінші қарашада аяқталады.
26. Ұсынылған өтінімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда, пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыруға қажетті өтінімдерді қарау кезеңінде (бірақ өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын) тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
27. Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын тасымалдаушылардың қарауға қабылданған өтінімдерін және магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілетін барынша пайдалануын ескере отырып, өздігінен жасайды.
Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының бастапқы нормативтік графигінің негізінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-ресурсында шешімді орналастыру арқылы тасымалдау жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы отызыншы қарашаға дейінгі мерзімде графиктің шартты тармақтарын бөлу туралы шешім жөнінде тасымалдаушыларды жазбаша түрде хабардар етеді.
6. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі мен кестесін
қалыптастыру, әзірлеу және бекіту
28. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдау жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 1 (бірінші) желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шеңберінде өткізілетін техникалық кеңестердің шешімдерін ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын түзетеді.
29. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеген кезде ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болатын кезеңге пойыздар қозғалысының жиынтық кестесінің және пойыздарды қалыптастыру жоспарының жобасын қалыптастырады.
Пойыздар қозғалысының жиынтық кестесінің жобасы тасымалдаушыға тасымалдау жоспарланған жылдың алдыңдағы жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде беріледі.
30. Тасымалдаушы пойыздар қозғалысының жиынтық кестесі мен пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің жобаларын алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің бөлінген үлестерін түзету туралы ұсыныстарын жазбаша, жеделхатпен, факсограммамен ұлттық инфрақұрылым операторына енгізеді.
Тасымалдаушының түзету жөніндегі ұсыныстарының негізінде пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш ай бұрын ұлттық инфрақұрылым операторы нормативтік графикті және пойыздар қозғалысының жиынтық кестесін бекітеді және ол ұлттық инфрақұрылым операторының пойыздар қозғалысының жиынтық кестесі мен пойыздар қозғалысының нормативтік графигін тираждау және жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін жариялау үшін қолданады.
31. Ұлттық инфрақұрылым операторы:
1) пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
2) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу және тасымалдау қабілетін және теміржол станцияларының өңдеу қабілетін анағұрлым тиімді пайдалануды;
3) магистральдық теміржол желісі учаскелерін ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастырады.
Пойыздар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеген кезде теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті сегменттерінің әрқайсысы үшін жеке пойыз санатына қарай басымдылық негізінде магистральдық теміржол желісінің еркін өткізу қабілетін бөлу жүзеге асырылады.
32. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінде 00 сағат 00 минуттан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы сенбісінде 24 сағат 00 минутта қолданысын тоқтатады.
Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі бекітілгеннен кейін тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шарт жасалады.
33. Пойыздар қозғалысының нақтыланған графигін және пойыздар қозғалысының жиынтық кестесін ұлттық инфрақұрылым операторы айлық жоспарлау шеңберінде нақтыланған параметрлерді ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигі негізінде қалыптастырады.
34. Тасымалдарды ұйымдастырудың қолданыстағы технологиясын ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесінің шеңберінде тасымалдаушылар мынадай мерзімдерде:
1) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесіне қатысушы елдер бағытында тасымалдау кезінде - тасымалдау жоспарланған айдың алдындағы айдың он төртінен кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау кезінде тасымалдау жоспарланған айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей - айлық тасымалдар жоспарын жинақтау және келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторына енгізеді.
7. Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге шарт
жасасу
35. Шарт жазбаша түрде пойыздар қозғалысының нормативтік графигі және жиынтық кестесі бекітілгеннен кейін нормативтік қозғалыс графигі қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде екі ай бұрын жасалады. Шарттың қолданылу мерзімі пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің қолданылуы кезеңін құрайды.
36. Қосымша өтінімдер бойынша шарт тасымалдарды жүзеге асырудың күнтізбелік айы басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын пойыздар қозғалысы нормативтік графигінің қолданылуы кезеңінен аспайтын мерзімге жасалуға тиіс.
37. Егер шарттың қолданылуы кезеңінде тасымалдаушының дәйексіз ақпаратты және осы Қағидалардың 19-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көзделген (болжамды көрсеткіштерді қоспағанда) құжаттарды беру фактілері анықталған жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторының шартты бір жақты тәртіппен бұзуына рұқсат етіледі.
8. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің қолданылуы
кезеңінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол
жеткізуге арналған қосымша өтінімдер
38. Қосымша өтінімдер тасымалдау жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын беріледі.
39. Тасымалдаушының қосымша өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделеді.
40. Қосымша өтінімдер келіп түскен сәтінен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысында қаралады, оларды қарау қорытындылары бойынша ұлттық инфрақұрылым операторы шартты не жасалған шарттарға қосымша келісімдер жасасу туралы мәселені қарайды.
41. Қосымша өтінімдер бойынша өткізу қабілетінің үлесін бөлу магистральдық теміржол желісінің бос емес немесе босатылған өткізу қабілеті есебінен айлық жоспарлау шеңберінде және келіп түскен өтінімдердің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік беруге
арналған өтінімдерді қамтамасыз ету кепілдігі
42. Тасымалдаушы магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінім бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидалардың 19-тармағының 16) тармақшасына сәйкес өтінімдердің ақшалай қамтамасыз етілуін енгізеді.
43. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етуін мынадай жағдайларда:
1) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болмауына байланысты магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімнен бас тартылған;
2) өтінімді беру мерзімдерінің бұзылуына байланысты магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінім қабылданбаған;
3) ұлттық инфрақұрылым операторы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес шарт жасасудан бас тартқан;
4) шарт күшіне енген және тасымалдаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезде толық көлемде қайтарады.
44. Осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген жағдайларда ұлттық инфрақұрылым операторы үш жұмыс күні ішінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етілуінің қайтарылуын қамтамасыз етеді.
45. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісіне қолжетімділік беруге арналған өтінімнің орындалуын ақшалай қамтамасыз етуді осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген мынадай:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушының дәйексіз ақпаратты және осы Қағидалардың 19-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көзделген құжаттарды беруіне байланысты шарт жасасудан;
2) тасымалдаушының өтінімін пойыздар қозғалысының нормативтік және (немесе) нақтыланған графиктеріне енгізген жағдайда шартты жасасудан бас тартқан жағдайларда толық көлемде қайтармайды.
10. Диспетчерлік кесте бойынша өткізу қабілетінің үлесін беру
46. Жедел жоспарлау шеңберінде, диспетчерлік кесте бойынша арнаулы және қосалқы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру мақсатында тасымалдаушының уәкілетті өкілі жасалған шарт бойынша ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчеріне (бұдан әрі - диспетчер) өткізу қабілетінің үлесін беруге сұрау салады.
47. Өткізу қабілетін беруге арналған тасымалдаушының жедел сұрау салуында мынадай ақпарат:
1) пойыздың санаты;
2) жөнелту және межелі станциялары;
3) жөнелтудің жоспарланған уақыты болады.
48. Өткізу қабілетін беруге арналған сұрау салуды тасымалдаушының уәкілетті өкілі тіркеу кітабына тиісті жазбаны енгізу арқылы тіркейді және ол диспетчердің және тасымалдаушының уәкілетті өкілінің қол қоюымен расталады.
49. Диспетчер учаскелердегі пойыздық жағдайға сәйкес пойыздар қозғалысының диспетчерлік кестесін жоспарлап, бос өткізу қабілеті болғанда ғана олардың учаске арқылы өтуін ұйымдастырады.
11. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділікті
шектеу
50. Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жетімділікті ұлттық инфрақұрылым операторы мынадай:
1) пойыздар қозғалысының нақтыланған графигін айлық жоспарлау және әзірлеу шеңберінде, ұлттық инфрақұрылым операторы алдыңғы кезеңдерде пойыздар қозғалысы кестесін қарқынды пайдалану жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, бір айдан аспайтын мерзімге тасымалдаушының уақытша магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуін уақытша шектей алады;
2) штаттан тыс жағдайлардың (қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар) туындауы салдарынан магистральдық теміржол қызметтеріне қол жеткізу мүмкін болмаған;
3) тасымалдарды кезектен тыс пойыздармен жүзеге асырған;
4) тасымалдауды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмаған жағдайда, оның ішінде сұрау салуды қарау сәтіне басқа тасымалдаушылардың сұратылатын кезеңге пойыздар қозғалысының нақты бағытында магистральдық теміржол желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету туралы басқа тасымалдаушылардың сұрау салумен келісілген;
5) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
Достарыңызбен бөлісу: |