жалпылау дəрежесі бойынша: абстрактілі-теоретикалық жəне нақтылы-экономикалық;
құрылымдық дəрежесі бойынша: шағын көлемді жəне үлкен көлемді;
элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай: сызықтық жəне сызықтық емес;
қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық жəне ашық: жабық – оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық – халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;
уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық – уақыт факторы есепке алынбайды, динамикалық – уақыт фактор ретінде қаралады.
Макроэкономикада əртүрлі үлгілер қолданылады: ұлттық экономикадағы шеңберлі айналым үлгісі, AD-AS үлгісі, Кейнс кресі үлгісі, IS-LM үлгісі, Солоу үлгісі, Домар үлгісі, Харрод үлгісі, Самуэльсон-Хикс үлгісі, Манделл-Флеминг үлгісі жəне т.б. Осы үлгілердің барлығы жалпы құралдар ретінде қолданылып, ұлттық ерекшеліктерге ие бола алмайды. Кез келген үлгі нақты елдің экономикасына «қолайлы» немесе «қолайсыздық» белгісіне байланысты емес, оның көрсеткіштерінің экономикалық үдерістер динамикасын зерттеудегі пайдалылық белгісіне байланысты бағалануы тиіс.
Əрбір макроэкономикалық үлгіде ең маңыздысы – факторларды таңдау, олар уақыттың нақты мерзімінде нақты мəселені макроэкономикалық тұрғыдан талдау үшін аса қажетті. Əрбір үлгіде айнымалылардың екі типі ажыратылады:
Экзогенді (сыртқы) айнымалылар – үлгіні құруға дейін анықталатын бастапқы ақпараттар, олар үлгіге сырттан келеді.
Эндогенді (ішкі) айнымалылар – үлгінің ішінде алға қо- йылған міндеттерді шешу үрдісінде қалыптасатын өзгермелілер, яғни сол үлгінің дəл өзі немесе үлгідегі міндеттерді шешудің нəтижесі болып табылады.
Уақыт факторына байланысты өзгеріп отыратын экономикалық айнымалылар қорлар жəне ағындар болып бөлінеді.
Қор айнымалылары – бұл уақыттың нақты бір мезетінде ғана өзгеруі мүмкін өзгермелілер, яғни жылдың басына немесе соңына сəйкес келетін уақытта қаралатын объектінің жай-күйі (мысалы, белгілі бір уақытта экономикада жұмыспен қамтылған азаматтардың саны, жұмыссыздар саны, капитал көлемі, белгілі бір уақыттағы үй шаруашылықтарының жинаған байлықтары, мемлекеттік қарыз, мүлік, т.б.). Қорлар белгілі бір уақытта ғана анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |