Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет7/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Макроэкономикалық саясат – бұл əлеуметтік жəне эко- номикалық мəселелерді шешуге бағытталған шаралар мен іс- қимылдар жүйесі. Макроэкономикалық саясаттың объективті мақсаты – ұлттық экономикадағы қарама-қайшылықтарды жұмсарта отырып экономикалық тиімділік пен əлеуметтік əділеттілікті қолдау. Қазіргі уақытта, мемлекеттің макроэкономикалық саясатын Үкімет пен Орталық банк жүргізеді. Мемлекет экономикаға əсер ету мақсатында бірнеше макроэкономикалық саясат құралдарын пайдалана алады.
Макроэкономикалық саясат құралдары – бұл бір немесе бірнеше макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жəне үнемі мемлекеттің бақылауында болатын экономикалық өзгермелілер.
Макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері бар:

  1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл мемлекеттің салық салу жəне мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға əсер етуі.

  2. Ақша-несие (монетарлық) саясатыбұл мемлекеттің елдің ақша, несие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер етуі.

  3. Табыстар саясаты – мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру мақсатында жалақы мен бағаларды директивалық шаралармен тікелей бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі.

  4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық эко- номика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына арала- са отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспорт- ты реттеуге араласуы.

  5. Сауда саясатытарифтер, квоталар жəне басқа да сыртқы экономикалық реттеу құралдары арқылы мемлекеттің экспорт пен импортты ынталандыруға немесе шектеуге араласуы.

Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт – ол ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰЕЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп-шот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты – ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді əрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау үшін, қажетті мəліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет