Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет8/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

ҰЕЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға голланд экономисі Ван Клифф енгізген болатын жəне ол халық шаруашылығының шеңберлі айналымы үлгісіне негізделеді. ҰЕЖ шет мемлекеттерде қолданыс тапқан жəне осы уақытқа дейін тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰЕЖ-ны құрудың алғашқы талпыныстары мен тəжірибелері Ұлыбританияда 1946 жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. Ал қазіргі заманғы ҰЕЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, Нобель сыйлығының иегері Ричард Стоун жасады жəне осы жаңа стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық есепшоттар жүйесі арқылы көрсетіледі. Ұлттық есепшоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін:

  1. жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ);

2. жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ);
3. таза ұлттық өнімді (ТҰӨ)
жəне де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін:
1. ұлттық табысты (ҰТ);
2. жеке табысты (ЖТ);
3. қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ – бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде жəне басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан тау- арлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының та- бысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді.
ТҰӨ – тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады: ТҰӨ = ЖҰӨ – А


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет