Ағын айнымалылары – бұл уақытқа байланысты өлшеніп отыратын өзгермелілер, яғни белгілі бір уақыт, күн, ай, квар- тал, жыл аралығында өзгеріске ұшыраған экономикалық құ- былыстар ағыны (мысалы, халықтың жиынтық табыстары мен шығындарының өзгерістері, инвестициялар, жинақтар, мем- лекеттік шығындар, экспорт пен импорт, бюджет тапшылығы, табыс, елдегі халық саны, күн сайынғы еңбекке жарамды жасқа кіретін жəне одан шығатын азаматтардың саны, жұмысынан айырылған жəне жұмыс тапқан азаматтардың саны, т.б.).
Экономикадағы қорлар мен ағындардың арасында өзара тығыз байланыс бар: ағындар қорларды өзгертіп отырады. Сонымен қатар, макроэкономикада позитивтік жəне норма- тивтік əдістер де кеңінен қолданылады.
Позитивтік талдау – бұл ұлттық экономиканың нақты іс жүзіндегі əрекетіне талдау жасау.
Нормативтік талдау – бұл ұлттық экономиканың дамуы үшін қандай да бір аспектілердің жəне жағдайлардың қолайлылы- ғын немесе қолайсыздығын анықтайтын ұсыныстық жəне баға берушілік сипатқа ие əдіс.
Позитивтік жəне нормативтік бағыттардың тиімді үйлесімі макроэкономикалық зерттеушілерге, ғылыми абстракцияның жоғары деңгейіне қарамастан, мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін теориялық негіз қызметін атқарады.
Макроэкономиканың нақты мақсаттары (мақсаттар жүйесі) мыналар:
Ұлттық өндірістің жоғары жəне өспелі деңгейін қамтамасыз ету, яғни нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін арттыру.
Жұмысбастылықтың жоғары деңгейін (ең аз мəжбүрлі жұ- мыссыздық кезінде) қамтамасыз ету.
Бағалар деңгейінің тұрақтылығын (еркін нарықтардағы сұраныс пен ұсыныстың өзара əрекеттесуі арқылы бағалар мен жалақының үйлесімділігін табу жолымен) қамтамасыз ету.
Төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу.
Бірінші мақсаттың мəні мынада, яғни кез келген ұлттық экономикалық қызметтің соңғы міндеті – халықты қажетті та- уарлармен жəне қызметтермен қамтамасыз ету. Ал ұлттық өндірістің жиынтық өлшеуіші ретінде соңғы тауарлар мен қызмет- тердің нарықтық құнын сипаттайтын ЖІӨ саналады.
Макроэкономиканың екінші мақсаты жоғары жұмысбастылыққа қол жеткізу жəне жұмыссыздықты төмендету болып табылады. Экономикалық циклдің əр фазасында жұмыссыздық деңгейі ауытқып отырады. Тоқырау фазасында жұмыс күшіне сұ- раныс қысқарып, жұмыссыздық артады. Ал жандану фазасында жұмыс күшіне сұраныс артады, жұмыссыздық қысқарады. Алайда, жұмысқа жарамды халықтың бəрінің қажетті жұмыс орнына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру – бұл қол жеткізілуі қиын күрделі міндет.
Макроэкономиканың үшінші мақсаты – еркін нарықтар жағдайындағы бағалардың тұрақтылығы. Бағалардың жалпы деңгейін тұтынушылық бағалар индексі арқылы өлшеуге болады, ол тауарлар мен қызметтер «қоржынының» шектелген жиынын алуға кететін шығындарды есептейді.
Төртінші мақсат – ашық экономикаға қатысты жəне төлем балансының нөлдік сальдосы кезінде толық жұмысбастылық деңгейінде жалпы экономикалық тепе-теңдікке жету.
Осындай негізгі макроэкономикалық мақсаттардың арақатынасы макроэкономикалық саясаттың негізгі міндетін сипаттайтын басты макроэкономикалық мақсатты анықтайды, ол екі нысанда көрініс табады:
1) аралық макроэкономикалық мақсаттар;
2) тактикалық макроэкономикалық мақсаттар.
Біріншісі негізгі макроэкономикалық міндеттердің маңыздылығын реттейді, ал екіншісі ұлттық экономиканың өзгеріп отыратын экономикалық жағдаятқа қарай қайта жасақталып отыруын жүзеге асырады.
Макроэкономика жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың əрекет ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде ең алдымен, макроэкономикалық саясатты қалыптастырудың теориялық негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |