Мал дәрігерлік арахнология



бет3/6
Дата02.03.2022
өлшемі112.73 Kb.
#455888
1   2   3   4   5   6
Документ Microsoft Word (6)

Рзогоріійае түқымдасындагы кенелер Рзогоріез, Сһогіоріез және Оіойесіез деген 3 туыстыққа жатады.


Рзогоріея туысына жататын кенелердің дене түрқы 0,8 мм. Олар- дың тұмсыгы үзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруга икемделген.
Төрт жүп аяқтары үзын, жақсы дамыган. Бірінші, екінші және төртінші жүп аяқтарында, үзын және бунақталған тірекшелерінің үшында сорғыш жабысқақтары бар. Бірақ еркек кенелерінің төр- тінші аяқтарында олар дамыма- ған. Жыныстық диморфизм жақ- сы дамыған. Еркек кенелердің арт жағында екі бүртігі бар, олардың әр қайсысында 4 тал қьшшьщ бар, сондай-ақ жьшыс жабысқағы бар.
Ұрғашы кенелсрдің арт жағы 14-сурет. Раогоріеа
дөңгеленіп біткен (14-сурет). туыстығы қотыр кенесі Әр мал түлігіне тән өз алдында бір қоздырғыш түрі болғанымен олардың морфологиясы, яғни қүрылысы бір-біріне үқсас. Псороптозды қойда Рзогоріез оуіз, ірі қарада Р.Ъоуіз, жы- лқы мен есекте Р. е§иі, үй қоянында - Р. сипісиіі түрлері қозды- рады.
Қоздырғыштардың өсіп-өнуі. Рзогоріійае түқымдасына жа- татын қотыр кенелері түрақты паразиттер қатарына жатады, се- бебі олардың мекені және өсіп-өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз-ақ уақыт сақтайды.
¥рықтанған үрғашы кенелер тері үстіне жүмыртқа салады. Әр жүмыртқа үстінде желім тәрізді зат болғандықтан олар теріге жабысып қалады. ¥рғашы кенелер күніне 1-2-ден, барлығы 60 шақты жүмыртқа салады. Жүмыртқадан 3-6 күннен кейін балаң кене шығады. Кейінгілерден 3-4 күннен кейін нимфа, яғни прото- нимфа пайда болады. Протонимфа 3-7 күннен кейін түлеп, екінші нимфа немесе телеонимфаға айналады, ал телеонимфаның имаго сатысына айналуына 2-3 күн керек.
¥рғашы және еркек кенелердің өсіп-өнуіне әртүрлі мерзім ке- рек. Қолайлы жағдайда еркек кенелер 14-16 күнде, ал үрғашылары 18-20 күнде өсіп жетіледі. ¥рғашы кенелер салатын жүмыртқаның саны және олардан шығатын үрпақтың дамып жетілуі тері маңын- дағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ыңғайлы жағдайларда бір жүп кенелер бір жыл ішінде миллиондаған үрпақ береді.
Эпизоотологиялық деректер. Малдың әр түлігіне, қотыр ке- нелерінің сол мал денесінде мекендейтін түрі ғана тән. Қотыр кенелері сау малға ауру малмен жанасқанда жүғады. Сондай-ақ, ортақ жайылым, суат, қора және әр түрлі қүрал-саймандар, әбзел, малшылардың киімі арқылы да жүғуы мүмкін, арық малға қотыр жүққыш келеді, себебі арық малдың терісі селдіреп жүқарады да, оны кене түмсығымен оп-оңай теседі. Семіз малдың терісі тығыз және қалың болады. Сондықтан кененің өмір сүруіне ол қолайсыз. Қотыр мал арасына әсіресе ылғалды, жауында жылдары көбірек тарайды.
Псороптоз көбінесе энзоотия түрінде өтеді. Ауруға биязы және жартылай биязы жүнді қой түқымдары бейім. Ауру күз және қыс айларында етек алады. Басқа шаруашылықтардан мал терісіне жа- бысып келген қотыр кенелері аз уақыт ішінде өсіп-өніп мал фер- масына, тіпті бүкіл бір шаруашылық малына тарап кетуі мүмкін.

Патогенезі. Кенелер тері үстінде жорғалап, денесіндегі қыл- шықтарымен және аяқтарындағы жабысқақтарымен, сондай-ақ
сөл соруға бейімделген ұзын тұмсықтарымен теріде орналасқан рецепторларды тітіркендіреді, сондықтан тері қышынады. Қышы- нған жерлерін жануарлар тісімен жарақаттайды, сілекейімен ылғал- дандырады. Осының барлығы алғашқы ошақта кененің жылдам өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Терінің қышынуына кенелердің жара- қатқа енетін улы сілекейі де әсерін тигізеді.
Ауру белгілері. Псороптоздың жасырын кезеңі 2-3 аптадай. Аурудың алғашқы сатысында қотырға шалдыққан тері қызарып ісінеді. Сонан соң теріде түйіншектер пайда болады, біраздан кейін олар мөлдір экссудатқа толып күлдірейді. Кейінірек олардың іші іріңге толып пустулаға айналады. Мал қышыған жерлерін қасыған- да күлдіреуіктерден қан аралас ірің ағып, қабыршақтанып қатып қалады. Қотырға шалдыққан мал қатты қышынады - бүл аурудың негізгі белгісі. Зақымданған жерлерінің жүні түсіп қалады.
Тері қотырына қойдың шоқтығы, арқасы, белі және сауыры си- яқты нағыз жүні қалың әрі үзын жерлері шалдығады. Егер қой ауру басталғаннан кейін 6-8 апта емделмесе, қотыр мал денесіне түгел тарап, аяқтары мен бас терісінен басқа жері түгел зақымданады.
Ірі қарада тері қотыры мойынның екі жағынан, шоқтығынан және екі жақ бүйірінен басталады. Сонан соң зақымданған жер үлкейе түседі (15-сурет). Ескі ошақтарда тері қатпарланып, жүні түсіп қалады. Мал қасынғанда терінің әр жері жарылып, қаны шығып түрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет