Мал дәрігерлік арахнология



бет4/6
Дата02.03.2022
өлшемі112.73 Kb.
#455888
1   2   3   4   5   6
Документ Microsoft Word (6)

15-сурет. Псороптозбен ауырған қарамал



Жылқының қотырға жалы, шоқтығы, иығы шалдығады. Жыл- қы бұл жерлерін қабырғаға, бағандарға және тісімен қасып жара- қаттайды. Аурудың екінші сатысында зақымданған жерлерінің жүні түсіп, дерматитке айналады.
Үй қоянының тері қотырына қүлақ қалқанының ішкі жағы ғана шалдығады. Қүлақ ішін қатпаршақтар басып кетеді. Ауру қоян ытыпыршып, аяқтарымен қүлағын қасиды. Егер ауру асқын- са ортаңғы және ішкі қүлақ бөлімдеріне тарап, ауру қоянның басы қисайып қалады.
Диагнозы. Саркоптоидоз (қотыр) ауруларын анықтағанда оның сыртқы белгілеріне: қышыну, қасыну, терідегі қабыну өзге- рістеріне, яғни қызару, ісіну, түйіршіктер және іріңді безеу де пайда болуы, жүннің түсіп, терінің қатпаршақтануы, т.б. мән беру керек. Сондай-ақ эпизоотологиялық деректерді де есепке алу шарт. Қотырдың етек алып, мал арасына таралатын мерзімі күзгі-қысқы маусым. Тек қана үй қоянында ғана қотыр жыл бойына кездесе беруі мүмкін.
Қотыр ауруларын нақты анықтау үшін микроскопиялық зерт- теулер жүргізу керек. Зерттелетін зат - ауру малдан алынған тері қырындысы. Ол үшін қандауырдың үшкір жағымен терінің сау және зақымданған жерінің шакарасынан қырынды алынады. Қы- рындының көлемі 0,5-1 см3-дай болуы шарт. Қырынды ішінен қотыр кенелерін табудың бірнеше әдісі бар.

  1. Ауру малдан алынған қырындыны бактериологиялық тоста- ғанға салып, қақпағын жабады да, қақпақ жағын төмен қаратып, термостат ішіне немесе ыстық (60°С) суға толы стакан үстіне қояды. 5-10 минут өткен соң тостағанның қақпағын қырындыдан босатып алып, микроскоп немесе күнтартқыш лупа арқылы зерттейді.

  2. Шыныдағы қырындыға бірнеше тамшы керосин тамызып, үстін жапқыш шынымен жауып езгілейді де, микросколпен кене- лерді іздестіреді.

  3. Шыныдағы қырындыны бірнеше тамшы 10% сілті ерітінді- сімен жүмсартып, 10 минуттан соң қысқашпен аз-аздап алып, микроскоп арқылы зерттейді.

Емі. Ауа райына, яғни күннің ыстық-суықтығына байланысты әр түліктің қотырын емдегенде ылғалды немесе қүрғақ әдістер қолданылады. Ылғалды әдісі тиімді және еңбекті (қүрғақ әдіспен салыстырғанда) аз тілейтін әдіс.
Қой малын көбінесе арнаулы тоғытпада тоғыту әдісімен ем- дейді. Қотыр шығып жүрген шаруашылықтарда қойды екі маусымда, яғни көктемде қой қырқылғаннан кейін және күзде (күздің жайма-шуақ жылы күндерінде) тоғыту жақсы нәтиже бе- реді. Қой тоғытуға 0,05% неоцидол эмульсиясы қолданылады. Емдік мақсатымен қотыр кездесетін отарларда арасына 10-12 күн салып, екі рет тоғыту жақсы нәтиже береді.
Шет елдік дәрілерден соңғы жылдары ивомек қолданылып жүр. Ол қойдың әрбір 50 кг. тірілей салмағына 1 мл-ден тері астына (қолтықтағы) егіледі. Бүл дәріні қыста пайдаланған өте тиімді. Бутокс, протеид, байтикол дәрілерінің де емдік қасиеті өте жоғары.
Бүл акарацидтер буынаяқтыларға қарсы өте дарығыш. Акари- цидтік дәрілерді емдік мақсатпен арасына 10-12 күн салып екі рет, ал сақтандыру (дауа) мақсатымен 1 рет малды тоғыту неме- се бүрку әдістері арқылы қолданады.
Ірі қара қотырын емдеу үшін коллиодты күкірттің 2% суспен- зиясы қолданылады. Бүл дәрі арасына 8-12 күн салып, екі рет бүркіледі. Күннің суық маусымында коллоидты күкірттен жасалған 3% дуст қолданылады. Сондай-ақ креолиннің 2-3% эмульсиясы немесе 1% хлорофос ерітіндісі 2-3 рет қолданылады. Бірен-саран малды күн суықта емдеу үшін соңғы жылдары бүріккіш ыдысқа толтырылған акродекс, циодрин, дерматозолъ, псороптоз дәріле- рі қолданылып жүр. Оларды малдың зақымдалған жерінен 30 см- дей қашықтықта үстап, бүріккіштің бас жағындағы түймесін бас- қанда, ішіндегі дәрісі аэрозоль болып шашылады. Шет елдік дәрілерден қотырға қарсы стомазан (1:200) ерітіндісі де жақсы нәтиже береді.
Жылқыны емдерде алдымен денесін жылы сабынды сумен не- месе 0,2% сілтілі содамен тазалап жуу шарт. Егер қыста жылқыны 2-3% хлорофос дустымен емдесе, көктемде 1,5% хлорофос ерітін- дісімен немесе коллоидты кукірттің 3% суспензиясымен арасына

  1. 12 күн салып, 2-3 рет бүркеді.

Үй қояны псороптозында ең жақсы нәтиже беретін камфора майына ерітілген 3% хлорофос ерітіндісі. Бүл ерітінділер көз түтік- шесімен 1-1,5 мл мөлшерінде жылыдай қүлақ ішіне тамызылады. Ем 7-10 күннен соң қайталанады. Сондай-ақ үй қоянының қүлақ қотырын циодрин, дикрезил аэрозолдарымен де емдеуге болады. Аурудың жеңіл түрінде екі рет қолданған емнен үй қояны сауығып кетеді, ал ауыр түрінде емді арасына 7 тәулік салып үш рет қол- данса да болады.
Алдын алу және күресу шаралары. Қотырды (қышыма) бол- дырмас үшін, қой малын жылына екі рет акарицид дәрілерінің біреуімен жазғытүрым және күзде тоғыту қажет. Сондай-ақ, мезгіл-мезгіл мал басын дәрігерлік байқаудан өткізіп отыру ке- рек. Сырттан әкелінген малды 1 ай бойы оқшаулап бағып, оған үнемі мал дәрігерлік байқау жасайды. Қотыр мал бөлек бағылып, емделеді. Мал ішінен қотыр шыққан шаруашылықтан бірде-бір бас малды басқа жаққа шығаруға болмайды.
Қора-жай, қүрал-саймандарды, киім-кешектерді әртүрлі фи- зикалық және химиялық әдістермен мезгіл-мезгіл зарарсыздан- дырып отыру қажет.
Жайылымдар мен суаттарды, мал түрған шарбақтарды био- логиялық әдіспен зарарсыздандырады. Ол үшін қотыр шыққан жерді жазда 2,5 ай, ал қыста 5 апта пайдаланбайды, яғни ол жерге мал үстамайды.
Қора-жайды қотыр кенелерінен тазарту үшін креолиннің 3- 5% ыстық эмульсиясын қолданады. Ал қотырдан өлген мал терісін 12% әк ерітіндісімен 6 сағаттай зарарсыздандырады. Сондай-ақ, қора мен аула ішін зарарсыздандыру үшін 5% сабынды-карбол ыстық ерітіндісі, күкіртті карбол қоспасының 3% ерітіндісі, 3% лизолдың ыстық ерітіндісі қолданылады.
Шет елдік дәрілерден қора-жайды зарарсызданыру үшін сто- мозан (1:210) ерітіндісі де бүрку арқылы қолданылады. Ерітіндіні жүмсау мөлшері 30-50 мл м2, яғни әрбір шаршы метрге 30-50 мл стомозан (1:200) ерітіндісі жүмсалады.
Жануарларды сыртқа шығару (сату, басқа шаруашылыққа жіберу) тек қышымаға қарсы домдаудан кейін, мемлекеттік вете- ринариялық инспектордың рүқсатымен іске асырылады.
Саркоптоз (қышыма қотыр)
Саркоптоз - қотыр ауруларының яғни саркоптоидоздардың бір түрі. Терінің жоғарғы эпидермис қабаты ішін мекендейтін, өте үсақ Загсоріез туысына жататын қенелер қоздыратын, теріні қышытып дерматитке айналдыратын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы. Бүл кенелер морфологиялық, яғни дене қүрылы- сы жағынан бір-біріне өте үқсас болғандығымен қатар, малдың әр түлігінде өзіне ғана тән түрлері мекен етеді. Загсоріез туысынан жылқыда - 5'.е<үш, ірі қарада - 8. Һоуіз, қойда — 8. оүіз, түйеде -

  1. сатеіі, шошқада - 8. зиіз, итте - 8.сапһ түрлері кездеседі. 8аг-

соріез туысы 8агсорй<іае тұ- қымдасына жататын кенелер өте ұсақ. Пішіні дөңгеленген, тұмсығы таға тәрізді, кеміру- ге бейім. Дене тұрқы 0,2-0,5 мм. Аяқтары қысқа, табан- дарында қоңырау тәрізді жа- бысқақтары бар. Олар ұрға- шы кенелердің бірінші және екінші жұп аяқтарында, ал еркек кенелердің бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарына орналасқан (16- сурет).


16-сурет. Загсоріез
туыстығы қышыма кенесі
8агсор(е$ кенелерінің биологиясы да, яғни өсіп, өнуі де бір-біріне өте ұқсас.
(Кененің ұрықтанған ұрғашы- лары терінің эпидермис, яғни жоғарғы қабатынан ұзындығы 15 мм-дей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2-8-ден жұмыртқа салады (17-сурет). Бір ұрға- шы кене небары 40-60-тай жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен соң балаң кене шығады да, 3—4 күннен кейін бірінші ним- фаға, ал тағы бір 3-7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады. Соңғылар 2-3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет