«мамандыққа кіріспе» ПӘнінің



жүктеу 1.09 Mb.
бет2/7
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс №7

Тақырыбы: Астық және астық өнімдерінің физикалық қасиеттері

1. Өздігінен іріктелу


Дәндік массаның орын ауыстыруы оның өзін-өзі сұрыптауымен бірге жүреді , әр жерден келетін компоненттерді әртекті бөлу.Ол дәндік массада қажет емес құбылыстардың пайда болуына ( өзін-өзі жылыту , жатып қалу және т.б.) әкеледі.

Өзән-өзі сұрыптау - оған кіретін қатты бөлшектердің салмағы және тығыздығы бойынша әртектілік болып келеді. Қоймаларға дәндік массаларды салу енмесе қоймалардан өзі ағумен , конвейермен орын ауыстыру , вагонмен , автомобильмен және т.б. тасымалдап шығару кезінде өзін-өзі сұрыптау міндетті түрде жүреді.Дәндік масса конвейер лентасында шайқалғанда тығыздығы төмен бөлшектер ( жеңіл қоспалар , гүлдің тұқымдарч , солғын (щуплые) дәндер және т.б.) үстіңгі қабаттарға орын ауыстырады.

Дәндік массаның қатты бөлшектері бос құлағанда , мысалы , шошқа тиеу кезінде өзін-өзі сұрыптауға ауа бөгет жасайды , әр бөлек бөлшек қозғалады . Қарсы тұру әр дәннің пішініне , өлшеміне , тығыздығына және массасына қозғалу жылдамдығына және ауа кеңістігінде барлық дәндік массаның бөлшектердің орналасуына байланысты .

Дәндік массаның ең көп өзін-өзі сұрыптауы элеватор силосына жүктегендн және түсіргенде байқалады. Тығыздығы және массасы үлкен болатын ірі толы ауыр дәндер мен қоспалар силосқа құлап түбіне тез жетеді де төбешік түзеді. Массасы және тығыздығы үлкен емес солғын ұзақ дәндер мен қоспалар ақырын түседі , ауаның қозғалысымен оларды силос қабырғасына лақтырады.

Өзін-өзі сұрыптау И.А.Красицкий зерттеуінде жақсы көрсетілген , конус түзген дәндік массадан үлгі алып зерттеген.Үлгілер 5 жерден алынған – конус ұшынан бастап негізіне дейін . Бірінші үлгі силос ортасындағы дәндік массаның күйіне , бесінші – қабырғадағы дәндік масса күйіне сәйкес (5 кесте).

Дәндік массаның өзін-өзі сұрыптау нәтижесінде силос қабырғасында жеңіл органикалық қоспалар , шаң , арамшөп тұқымдары , солғын және соғылған дәндер жиналады. Дән натурасының кішіреюінен кесілген . Мысалы , силостың ортаңғы бөлігінде орналасқан сұлы натурасы 55,2 ... 66 кг/гл , перифериялық қабаттарда силос қабырғасында – 40,8 ... 44,0 кг/гл қабырғаға жақын орналасқан дәндік массаның ылғалдыоығы жалпы барлық партияның орташа ылғалдылығына қарағанда жоғары. Микроорганизмдер мен кенелердің дамуына жақсы мүмкіндік береді. Элеватор силосынан дәндік масса шығарумен бірге маңызды өзін-өзі сұрыптау жүреді. Әр уақытта силостан шығарылған партияның бөлек бөлшектердің нәтижесі сапасы бойынша әртекті болу мүмкін. А.Д.Цюруг атындағы мелькомбинаттың диаметрі 6,2м және биіктігі 22м силостан шығарылған қара бидайдың дәндік масса көрсетті , ұзақ уақыт шығарылған (35 сағ) дәндік масса сапасы бойынша салыстырмалы біртекті болған (А.И.Стародубцев мәліметтері бойынша). Көрсеткіштердің кейбір ауытқуларын былай түсіндіруге болады : дәндік массаның қабырғалық қабаттарының оның орталық болғанына төгілуімен (әртекті) болады. Силостан шығудан бастап силостың толық босауынан кейін 3,5 сағаттан кейін сапасы нашарлауы байқалған, көбінесе шығудың соңғы 30 минутында байқалған.

Элеватор силосынан шыққан дәндік массаның өзін-өзі сұрыптау сипаты силос пішініне , оның көлденең сечение ұзындық қатынасымен шығу тесігінің орналасуына байланысты. Элеватордың әртүрлі силосына салынған құрғақ бидай дәндері бар зерттеулерде С.Г Герасимов үш сипатты жағдайды тапқан : қауыпты , ассиметриялық және алметриялық.

Қалыпты истечение кезінде шығу тесігінің үстінде орналасқан дәннің орталық қиғаш қабаты бірінші кезекте қозғалғды. Біртіндеп бұл қабатқа үстіңгі шеттік қабаттар тартылады. Осындай истечение симметриялы орналасқан тиеу және түсіру тесігі бар , диаметрі биіктігіне қарағанда салыстырмалы үлкен силостарда болады. Сондықтан дәндік массаның негізгі ортаңғы бағаны шеттік қабаттардан айырмашылығы сапасы жақсы.

Ассиметриялы истечение диаметр үлкен , бірақ тиеу және түсіру тесігі симметриялы емес орналасқан силостарда байқалады. Бұл жағдайда дәндік масса орталық бағанға төгіледі, онда бір уақытта қабырғаға жабысқан қабаттардың маңызды бөлігі қосылады. Силостың оң жағында көп жиналған дәндер ортаңғы бағанға қысым жасайды , ол мынаған әкеледі , шеткі қабаттарда орналасқан дәндік масса силостың оң жақ бөлігінде орналасқан дәндік массаға қарағанда тез түседі.

Симметриялы истечение кіші диаметрлі силостарда байқалады. Ол ортаңғы бағанға тез жылжыған барлық дәндік массаның бір уақытта қозғалуымен сипатталады. Силоста дәндердің жарты бөлігі қалғанда ағу ақырындап элеватордың әртүрлі силосынан дәндік массаны ғанда истечение ағу. Құрғақ дәннің истечение (ағу) сұлбасы тасымалдау лентасының нөмірленген бөліктері бар силосқа дәнді қабаттар орналасуының (биіктіктің әр метрі сайын) нәтижесінде құралған.Лентаның бөлшектерінің кішкентай өлшемдері (50х50мм) және тығыздығы дәндікіндей болғандықтан мынадай негіз берген : силостан шығарған кезде ол өзі орналасқан қабатпен бірге бір уақытта орын ауыстырады. 13 суретте римдік сандармен силостан дәндік массаның бөлек жерлерінің ағу кезектігі көрсетілген. Силостан дәндер шығару кезінде әрқашанда ортаңғы баған ғана қозғалады деген кейбір мамандардың тұжырымын зерттеу қарсы келген. Ағу сипатына дән ылғалдылығы да да әсер етеді.Ылғалдылығы жоғары дәндік массаны шығарғанда симметриялы ағу болмайды. Сақтауға көмілген дәндік массаның өзін-өзі сұрыптау нәтижесінде біртектілік бұзылады және дәндерді бөлшектеп немесе толық бұзатын әртүрлі физиологиялық процестер дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар пайда болады. Дәндік массаны дұрыс байқап күтпегенне жалпы өзін-өзі жылытуға әкелетін физиологиялық қатынастағы белсенді сияқтылар толық тарап кету мүмкіндігі бар. Дәндік массаны элеватор силосына салғанда және түсіргенде (конустар, тарелка-диск айналғыш т.б.) өзін-өзі сұрыптауды азайтатын көптеген тәсілдер танымды. Бірақ бұл құралдар әлі мүлтіксіз және толық сенімділік алған жоқ. Дәндік массаның өзін-өзі сұрыптауға мүмкіндігін есептеп барлық жағдайларда қатаң лүгі алу ережесін ұстау керек. Теріс жағдайда баролық партияның орташа сапасын сипаттайды.


Дәріс №8

Тақырыбы: Астық және астық өнімдерінің физикалық қасиеттері

1. Қуыстылық

Дәнаралық массада кеннің болуы , онда өтетін барлық физикалық және физиологиялық процестерге әсер тетді. Кеңнен қозғалып жүрген ауа конвекция жолымен жылуды тарату және бу күйінде ылғал дәндік массадан тарату мүмкіндігін туғызады.Дәндік массаның маңызды газ өткізгіштігі бар , бұл қасиетін оларды ауамен үрлуге (белсенді желдету кезіндк) немесе оларды залалсыздау (дезинфекция) үшін әртүрлі уландырғыш заттар буын енгізуге жақсы мүмкіндіктер береді.Дән аралық кеңістіктерде және тұқымдардың тірілігін сақтау үшін ауа қоры қажет. Солай дәндік массаның кеңістігінің техникалық және физиологиялық маңызы бар.

Дәндік массаны сақтау тәжірибесі үшін жалпы кеңістік өлшеммен оның құрылымы маңызды. Дәндік массада кеңістік көлемі үлкен болған сайын , оның солу тығыздығы аз болады. Кеңістігі үлкен дәндік массаны орналастыру үшін көлемі бойынша сыйымды қойма қажет.

Кеңістіктің өлшемі және пішіні (ірі және ұсақ кеңістік) дәндік массаның ауа және газ төкізгіштігіне , сорбциялық қасиеттеріне , белсенді желдету кезінде ауаға қарсы тұруына және т.б. әсер етеді.

Кеңістік дәндік массада маңызды көлем алады. Бидай дәндерінің тығыздығы 1,2 ... 1,4г/см³ болғанда натура 730..820г/л құрайды.Тығыздық пен натура арсындағы әртүрлілік дәндер тығыз салынған және олардың арасында маңызды дән аралық кеңістіктеор болуынан болады.

Солай кеңістік — дәндік массаның қатты бөлшектер арасындағы кеңістік көлемінің дәндік масса алып жатқан жалпы көлеміне қатынасы болып келеді. Дәннің кеңістігін мына формула бойынша анықтайды :

Кеңістік өлшемін және әр түрлі дақылдар 1 м ³ дәнінің массасын сипаттайтын мәліметтер келтірілген. Дәндік массаны кеңістігі дәндердің пішініне , серпімділігіне , өлшемдеріне және бетінің жағдайына , мөлшеріне және қоспа құрамына , дән партиясының массасына және ылғалдылығына , қойма пішініне және сыйымдылығына ьайланысты.

Кеңістігі төмен дәндік массаны , егер құрамында ірі және ұсақ дәндер болса , оны тығыз салады. Түзетілген дәндерді кедір-бұдырлы және әжімді дәндерді қатты тығыздап салмайды. Басқа да әр түрлі жағдайларда жұқа және қысқа дәндерді басқа пішінді дәндерге қарағанда тығызырақ салады.

Үлгі қоспалар кеңістікті үлкейтеді , ал ұсақ қоспалар дән аралық кеңістікке жеңіл орналасады және оны азайтады. Кеңістік дәндік массаның ылғалдылығы өсуімен бірге жоғарылайды. Қоймада ылғалданған дән ісінеді , көлемі өседі , осыған байланысмты дәндік масса твғвздалады. Оның нәтижесінен ағулық азаяды , жатып қалуға әкеп соғу мүмүкін.

Силостың қиғаш кесіндісінің көлемі өскенінен дәндік масса салынады. Төбешік биіктігі өскен сайын төменгі қабаттардың белгілі шекке дейіе өседі , содан кейін өзгермейді. Дәндік массаның тығыздалуына ( тұнуына ) байланысты ұзақ уақыт сақтағанда оның кеңістігі азаяды. Дәндік массаның алып жатқан көлемін білуге болады. Белсенді желдету кезінде бұл ауа мөлшшері бір айырбас деп санайды.

Өзін өзі сұрыптау нәтижесінде әр түрлі жерден алынған дәндік массаның кеңістігі бірдей болмауы мүмкін. Бұл дәндік массаның бөлек жерлер ауаумен біртекті қамтамасыз етілмейді және басқа қажет емес жағдайларға әкелу мүмкін.


Дәріс № 9, 10

Тақырыбы: Астық және астық өнімдерінің физикалық қасиеттері

1. Сорбциялық қасиеттері


Дәндер және дәндік масса сорбент ретінде. Барлық дақылдардың дәндері мен тұқымдары сыртқы ортадан әртүрлі заттардың және газдардың буын сіңіріп алу (сорбциялау) қабілеті бар. Мәлім жағдайларда теріс процесс жүреді, бұл заттарды сыртқы ортаға бөліп шығару (десорбция) жүреді.

Дәндік массада сорбциялық құбылыстар байқалады, олар: адсорбция, абсорбция, капиллярлы конденсация және хемосорбция. Олардың қосындылық нәтижесі сорбция деп аталады.

Кейбір дәндер және дәндік мпссалар жақсы сорбенттер. Олардың маңызды сорбциялық көлемі екі себеппен түсіндіріледі: әр дәннің капиллярлы-кеуекті коллоидты құрылымы дәндік массаның кеністігі.

Дәндер және тұқымдар типтік капиллярлы-кеуекті коллоидты денелер. Әртүрлі дақылдардың тұқымдарының құрылымы зерттеу дәннің клеткалары мен ұлпаларының арасында макро- және микрокапиллярлар және поралар бар екенін көрсетті. Маропоралар диаметрі 10-3...10-4см, микропоралар 10-7см. Дәннің ішкі қабаттарында макро- және микрокапиллярлар қабырғасы булар және газдар буларының молекуласының сорбция процесіне қатысатын белсенді жазықтық. Макро- және микрокапиллярлардан ожиженный булар қозғалады.

Алдыңғы белгілі мәліметтер бойынша ақ бидай және қара бидай дәнінің белсенді беті, оның ақиқат көрсеткішінен 20 есе үлкен екені белгілі. Қазіргі уақытта зерттеудің жаңа физико-химиялық әдістер және есептерін қолдана отырып кейбір авторлар мынаған келді: капиллярлар бетін алаңын құрайтын ақ бидай дәнінің белсенді беті, оның ақиқат бетін 200000 есе асады. Г.А.Егоров мәліметтері бойынша дәннің белсенді беті 200-250 м2/г шегінде орналасқан.

Солай дәннің белсенді беті оның ақиқат бетінен көпке асада. Сорбциялық процестер айқын көрнетін капиллярлы-кеуекті құрылымы бар дәндер мен тұқымдарды жабатын ұлпаларына (қабығы) көбінесе тән.

Сорбциялық қасиеттер дәндік массаны сақтау, өндеу және тасымалдау тәжірибесінде маңызы зор. Сақталатын немесе тасымалданатын дәндер партиясының ылғалдылығының және салмағының өзгеруі су буларының сорбциясы немесе десорбциясының нәтижесінен болады. Дәндік массалардың рациональді тәртібі немесе белсенді желдетілуі оладың сорбциялық қасиетерін есептеуімен ғана жүргізіледі.

Дәндік массаларда сорбциялық құбылыстар сипаттамасы. дәндік массаны тасымалдау, сақтау жәнеөндеу кезінде байқалатын барлық сорбция құбылыстары оның сапасына және сақталуына әсер ететуіне қарап екі топқа бөлуге болады: су буынан басқа газдар және булар дың сорбциясы және десорбциясы, су буының сорбциясы және десорбциясы.

Әртүрлі газдар мен булар сорбциясы. Дәндік массаны сақтау және тасымалдау кезінде, оны құрайтын шөптердің дәндері және тұқымдары ауа құрамында бар әртүрлі булар мен газдарды интенсивті сорбциялау қабілеті бар. Байқаулар көрсетті, дәннен булар мен газдарды (азот, көміртек диоксиді, аммиак және карбол қышқылының және т.б. булары) арылту қиынға түсті. Кейбір жағдайларда хемосорбция құбылысы жүреді, басқалай айтса сорбент және бумен сіңіріліп алған заттар арасында химиялық әсерлесу жүреді.бұл мысалы дәндерді залалсыздандыруға қолданатын көп фумиганттарға тән нәрсе.

Дәнмен көптеген булар мен газдар тез сорбцияланады. Дәндер тасымалдау ережесі қатаң бұзылғанда, егер дәндерді мұнай өнімдерінің иісі бар автомобильдерде, вагондарда, кемелерде тасымалдағанда, дәндік масса бұл иістерді тез сіңіріп алады, бұл иістерден толық арылту қиын.

Отын жанғанда пайда болатын және дән кептіргіштің кептіру камераларына түсетін күкіртті газды дәндер өзінде көп ұстайтыны мәлім.

Дәнмен булар мен газдарды сорбциялау жылдамдығын аммиак буларымен зерттеу жүргізіп көрсетуге болады. Қара бидай дәнінің кішкентай аспасын (5г) аммиак булары бар ауаға 1, 2 және 3 сағатқа қойғанда дәндерде бұл газдың жиналуы байқалады, оны жалпы азот мөлшерін есептеп анықтауға болады.

Сақтау тәжірибесінде маңызы бар булардың сорбциясы мысала ретінде дәндік масса эфирлі майлардың (жусан, кориандр, жабайы сарымсақ және т.б.) иісін сіңіріп алуды келтіруге болады. Егін жинағанда және обмолот кезінде астық осы өсімдіктермен қоқымданса (засоряться), дәндік массаға эфирлі майлар бар өсімдік бөліктері түседі. Жусан эфирлі майларының булары бар камераға ақ бидай дәндерін қойса, 24 сағаттан кейін дәндер сезілетін жусан иісін сіңіріп алған және соңғы тәуліктерде иісі қатты сезіледі. Жусан өсімдігінің вегетативті бөліктерімен дәндік массаны араластырғанда дәл осындай нәтижелер алынған.

Солай сақтау және тасымалдау кезінде дәндердің және дәндік массы басқа булар мен газдарды белсенді сорбциялау қабілетін есептеу керек. Сақтау қоймаларда және тасымалдау құралдарда бөтен иістер болмауы қажет.

Дәндерді және қоймаларды дезинфекциялауға арналған барлық химиялық заттарды дәндермен сорбциясы сияқты көрсеткіштерін және олар дәндерден тез және толық арылту (десорбция) мүмкіндігі міндетті түрде есептеледі.

Дәндік массаның гигроскопиялығы. Дәндік массаны сақтау кезінде және әсіресе жинағаннан кейінгі өндеуден (белсенді желдету, кептіру) кейінгі күйіне оның су буларын сорбциялау және десорбциялау қабілеті, басқаша айтқанда гигроскопиялық қатты әсер етеді.

Гигроскопиялықтың нәтижесінде басталатын сақтау кезінде дәндік массаның ылғалдануыдәндердің өмір сүруіне, микроорганизмдеріне және де т.б. тірі компоненттеріне жағдай жасайды.

Алдыда айтылып кеткенінен түсінікті, дәннің маңызды гигроскопиялығы капиллярлы-кеуекті құрылымымен және онда бар гидрофильді коллоидтардың болуымен түсіндіріледі. Бірақ кейбір дәндерді және дәндік массаларды неорганикалық текті коллоидты капиллярлы-кеуекті денелермен және өлі органикалық материямен толық отождествлять мүмкін емес екенін есте сақтау керек. Дәннің өмірлік функциялары барлық сорбциялық процестердің сипатына және ылғал тарату заңдылығына өз ізін қалдырады.

Дәндер мен сыртқы орта арасындағы ылғал алмасу (ауамен) екі теріс бағыттарда өту мүмкін:

а) дәннен ылғал ауаға беріледі - десорбция процесі – дән бетінде ауаға қарағанда су буларының парциальді қысымы жоғары болса, өтеді;

б) қоршаған ауадан ылғал сіңіруге байланысты ылғалдану – собция процесі - дән бетінде ауаға қарағанда су буларының парциальді қысымы төмен болса, өтеді.



Дәндегі тепе-тең ылғалдылық. Ауа мен дән арасында ылғал алмасу су буының және дән үстіндегі парциальді қысымы тең болғанда аяқталады. Бұл жағадайда динамикалық тепе-теңдік күйі басталады. Бұл күйге сәйкес дәннің ылғалдылығы тепе-тең деп аталады.

Тұрақты температурада дән ылғалдылығы мен ауадағы су буының қысымы (немесе оның саластырмалы ылғалдылығы) арасындағы байланыс сорбция мен десорбция изотермі түрінде сипатталады.

Су буымен (салыстырмалы ылғалдылығы φ=100%) қаныққан ауада тұрған дәннің максимальді тепе-теңдігі дән ауадағы су буларын сорбциялайтын шегі болып келеді. Келесіде ылғалдану тамшы-сұйық ылғал сіңіру нәтижесінде ғана жүре алады.

Егер гигроскопиялық ылғалы бар дәнді су буларынан бос атмосфераға енгізсе және бүкіл уақыт бойы осы күйде ұстаса, басқаша айтқанда дән шығаратын буларды арылтса, онда дәндегі барлық булар біртіндеп ұшып кетеді.

Барлық дәнді дақылдардың және қарақұмықтың дәндерінің тепе-тең ылғалдығы тәжірибеде 7-ден 33....36% шегінде болады. Дән ылғалдылығы 7% ылғалдылығы 15...20% ауаға тепе-тең; дән ылғалдылығы 33...36% су буымен шекті қаныққан ауаға тепе-тең. 8 кестеде әртүрлі дақылдардың дәндері мен тұқымдарының тепе-тең ылғалдылығы туралы мәліметтер келтірілген.

Дәндер және тұқымдар ылғалдылығы су буымен қатты немесе толық қаныққан ауамен әсерлескенде тез өседі.

Ауамен жеңіл әсерлесетін дәнмен су буларының сорбция процесі бірнеше тәулік жүреді екені табылды. Бірақ-та бірінші кезенде дәннің ылғалдылығы интенсивті ауысып тұрады. Дәннің сорбциялық тепе-теңдігі және тепе-тең ылғалдылығы стационарлы тәртіппен 7...20-шы тәулікте табылады. Мысалы ретінде вика тұқымдары бойынша Н.Е.Кучеренко мәліметтерін келтірейік .

Ауа ылғалдылығы 70% тең жағдайында бастапқы ылғалдылығы 13,5...17,2 және тепе-тең ылғалдылығы 21% тұқымдарда 10-шы тәулікте табылады. Тәжірибеде әртүрлі партияларды және әртүрлі жағдайларда сақтау кезінде тепе-тең ылғалдылықты табу процесі ұзаққа созылу мүмкін.




дақылдар

Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, %

10

20

30

40

50

60

70

75

80

85

90

95

Ақ бидай*

6,6

8,4

9,5

10,9

12,2

13,4

14,8

15,3

16,7

18,6

20,4

-

Қара бидай

6,9

8,2

9,6

10,9

12,2

13,5

15,1

16,2

17,5

19,3

21,6

24,5

Сұлы

5,5

7,2

8,8

10,2

11,4

12,5

14,0

15,2

17,0

19,5

22,6

-

Жүгері

6,2

7,9

9,3

10,7

11,9

13,1

14,6

15,5

16,5

18,1

20,7

25,0

Ас бұршақ

5,3

7,0

8,6

10,3

11,9

13,5

15,0

15,9

17,1

19,0

22,0

26,0

Люпин

4,2

6,2

7,8

9,1

10,5

11,7

13,4

14,5

16,7

25,0

-

-

Бұрщақ

4,7

6,8

8,5

10,1

11,6

13,1

14,8

15,9

17,2

19,5

22,6

27,2

*200С температурадағы тепе-тең ылғалдылық

Сақтау жағдайына байланысты дәндік массада ылғалдың таралуы. Дәндік массаны сақтау бойынша жұмысын қиындатқан себептің бірі, оның кейбір жерлерінен ылғалдың әртүрлі таралуы және кейде ылғалдың бір жерден екінші жерге таралуы болып келеді. Осының нәтижесінде дәндік массада ылғалдылығы жоғары жерлер пайда болады, дәннің массасын және сапасын төмендететін жоғалтуларға әкелетін әртүрлі физиологиялық процестер жеңіл өтеді.

Дәндік массада ылғалдың әртүрлі таралу себептері: әр дәнде ылғалдың әртүрлі таралуы (бұл анатомиялық ерекшеліктерге және дәннің құрамдық бөліктерінен заттар әртүрлі таралуына байланысты); толықтығы және ірілігі әртүрлі дәндердің әртүрлі сорбциялық көлемі; дәндік массаны қоршаған салыстырмалы ауа ылғалдылығы; дәндер сақтау қоймаларының жағдайы; төбешіктің (насыпь) әр жеріндегі температураның өзгеруі және осыған байланысты термо ылғал өткізгіштік құбылысы.

Бұл себептердің әр қайсысын қарастырайық.

Дәнде және тұқымда ылғалдың әртүрлі таралуы. Ұрықтың гигроскопиялығы жоғары, ал қабығы аз және эндосперм одан да аз екені белгілі. Мұндай дән бөліктерінен ылғал таралуы дән бетіндегі микроорганизмдердің дамуына мүмкіндік береді. Құрғақ дәнде де ұрықта әр қашан жоғары болады.

Жаңа жиналған дәндер партиясын дайындау кезінде, оның құрамында ылғалдылығы әртүрлі арамшөп дәндері мен тұқымдары болады. Сорбциялық тепе-теңдік заңдылығына сәйкес дымқыл дәндер ылғалдылықтың бір бөлігін жоғалтады, ал құрғақ дәндер оны алады. Дәндік массада осындай таралу ол пайда болғанда басталады және негізінде бірнеше тәуліктен кейін аяқталады, сорбциялық гистерезис құбылысына сәйкес ылғал толық теңестірілмейді (11 кесте).

12 кестеде келтірілген мәліметтер негізгі дәннің ылғалдылығы 14% болғанда 56% ылғалдылығы бар 9% арамшөп болатын дәндік массада ылғал таралуы сипатталған. Кестеде көрсетілген мәліметтерде егінді жинағаннан кейін немесе сақтаудың алғашқы кезенінде дәндік массадан арамшөп тұқымдарын қаншаға арылту қажет екені көрсетілген.

Жүгері початки ылғалды әртүрлі тарату байқалады. М.Г.Голика, В.Ф.Миловский және т.б. байқаулары бойынша, початканың әр жерлері және початка масағының дәндері сақтаудың алғашқы кезенінде әртүрлі ылғалдылығы бар.

Толықтығы және ірілігі әртүрлі дәндердің әртүрлі сорбциялық көлемі. Толық және ірі дәндерге қарағанда ұсақ және солғын дәндердің гигроскопиялығы жоғары болады. Оның себебі, оның салыстырмалы үлкен беті бар, ірі және толық дәндерге қарағанда ұрығының өлшемі үлкен. Соғылған дәндерде де гигроскопиялығы жоғары болады. Ұсақ, солғын және соғылған дәндер ылғалды орта болып келеді, сондықтан оның бетінде микроорганизмдер, кенелер және жәндіктер жеңіл дамиды. Бұл дәндер қуатырақ тыныс алады.
11 кесте. Ылғалдылығы әртүрлі дәндері бар ақ бидай дәндік массасының ылғал таралуы

Анықтау уақыты

Дән ылғалдылығы, %

құрғақ

дымқыл

Бастапқы көрсеткіштері

9,60

23,20

5 сағаттан кейін

13,57

19,06

8 сағаттан кейін

14,45

18,28

24 сағаттан кейін

14,61

18,02

72 сағаттан кейін

15,86

16,74

12 кесте. Негізгі дәнге арамшөп тұқымдарынан дәндік массаға ылғалдың таралуы.



Байқау күні

Ылғалдылық, %

Арамшөптен бос ақ бидай дәндері

Арамшөп тұқымдары

Ақ бидай мен арамшөп дәндері бірге

11 тамыз

14,0

56,0

19,8

12 тамыз

16,9

27,3

19,0

13 тамыз

20,0

24,0

20,4


Дәндік массаға түсетін салыстырмалы ауа ылғалдылығы. Сақтау кезінде дәндік массаның барлық жеріне атмосфералық ауа бір дәрежеде әсер етпейді. Тепе-тең ылғалдылық дәндік массаның ауамен түйіскен жерлерінде (төбешік беті, силостың шығатын тесігінің қасында орналасқан жерлер, т.б.) жеңіл және тез орналасады.

Қоймаларда құрғақ дәндер партиясын сақталуын ұзақ байқағанда, мынаған келген ауданға сәйкес оның ылғалдылығы тепе-тең ылғалдылық өлшеміне сәйкес болады. Бөлек қабаттар, көбінесе сыртқы қабаттар жыл кезеңдеріндегі ауаның салыстырмалы ауа ылғалдылығына және оның температурасына байланысты толқудан өтеді.

Ауа ылғалдылығына байланысты құрғақ дәнде ылғалдылықтын өзгеруін көрсету үшін 3,5 жыл бірдей кірпіш қоймада сақталған ақ бидай дәннің екі партиясына жүргізілген байқауының нәтижесін келтірейік. Ақ бидайдың бірінші партиясының ылғалдылығы 12,8%, ал екішінікі 10,5% (25 сурет). Екі жыл сақтағаннан кейін олардың ылғалдылығы теңескен, ал келешекте жыл маусымына байланысты өзгеруі бірдей жүрген.

Ылғалды және дымқыл дәндердің массасында осындай заңдылықты табуға болмайды. Осындай жағдайда жалпы төбешіктің үстінгі қабаттарының тез кебуін ғана байқайды; астынғы және ортанғы қаббатарында ауаның оң температураларында қосымша ылғал пайда болу және дәннің бұзылуы жүретін физиологиялық процестері дамиды.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және температураның ауқуының әсері дәндік массаны тасымалдау кезінде және қоймаларда оны өндеу (белсенді желдету кезінде) кезінде маңызды дәрежесі байқалады. Ылғалдылығы жоғары дәндерді әсіресе ауа ылғалдылығы төмен аумақтарға тасымалдағанда дәннен ылғал десорбциясы байқалады. Егер құрғақ дәнді солтүстік аумақтарға немесе ылғалды ауа райы бар аумақтарға тасымалдағанда, ол ылғалданады.

Ылғалдылықтың өзгеру сипаты және дәрежесі атмосфералы жағдайға, көліктің жағдайына және тасымалдау ұзақтығына байланысты.



Дәндік массаның барлық тірі компоненттерімен шығарылатын ылғал және жылу. Тұқымдардың, микрорганизмдердің, жәндіктердің, кенелердің өмірі жылу және ылғал шығарумен қатар жүреді. Оның нәтижесінде дәнаралық кеңістіктің ауасы ылғалданады және бөлек тұқымдардың және дәндік массаның ылғалдылығы жоғарлайды.

Егер ылғалдылығы жоғары дәндік масса оң температурада сақталса, ылғал көп бөлінеді. Мұндай жағдайда дәнаралық кеңістіктің ауасы су буымен қанаықтырылады, олардың конденсациясы жүреді және келешекте бүкіл дәндік масса және оның бөлек жерлері ылғалданады.



Дән сақтау қоймаларының жағдайы. Сақтау кезінде дәндік массаның ылғалдылығының өзгеру мүмкіндігін есептеп, элеваторды және қоймаларды пайдалану ережесімен оларды жеткілікті гидролизациялау және мүмкіндігінше жылуизоляциялауды қамтамасыз етілуі қарастырылады. Құрғақ қоймаларда дәндік массаға атмосфераның теріс әсері аз тиеді. Дәндік массаның барлық жерлеріне ылғалды әртүрлі тарату, оны өзін-өзі жылыту процесіне әкелу мүмкін.

Алды да қарастырылған дәндік массада ылғалды әртүрлі тарату себептері сақтау кезінде оның жағдайына әртүрлі әсер етеді. Ылғалды әртүрлі таратудың барлық себептерінде негізгісі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және оның температурасы.

Егер ылғалды әртүрлі таратудың құбылыстары амалсыз (дәннің ішінде ылғалдың таралуы), сақтауды дұрыс ұйымдастырғанда олардың көбісінен арылтуға болады. Қоймалардың және элеваторлардың қанағатарлықсыз жағдайы, дәндік массада арамшөп тұқымдарының, солғын және соғылған дәндердің болуына байланысты ылғалды әртүрлі тарату жағдайынан қашқақтауға (избежать) болады.

Дәндік массаны сақтауда келесіде қарастырылатын температураның ауқуына байланысты ылғалдың орын ауыстыруының маңызды мағынасы бар.

1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет