1.С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева.Маркетинг негіздері:- Астана : Фолиант, 2007. - 252 б.
2.Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2009.
4.Тойкин С. Х., Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. Маркетинг негіздері - Астана: Фолиант, 2008.
5.Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай.Маркетинг негіздері:/- Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. 190 б
6.Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы.–Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет
Практикалық сабақтың тақырыбы №15 Халықаралық маркетинг
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта халықаралық маркетинг туралы түсінік және оны қоршаған орта, шет ел нарықтарына шығу стратегиялары, халықаралық маркетингтегі маркетинг-микс стратегиясы, халықаралық маркетингттің мәдени және эстетикалық әдістері туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
-
Халықаралық маркетинг түсінігі және оны қоршаған орта
-
Шет ел нарықтарына шығу стратегиялары
-
Халықаралық маркетингтегі маркетинг – микс стратегиялары
-
Халықаралық маркетингінің мәдени және эстетикалық мәселелері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева.Маркетинг негіздері:- Астана : Фолиант, 2007. - 252 б.
2.Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2009.
3.С.Қ. Тойкин. Маркетинг курсы бойынша ойын, тесттер, тапсырмалар. Семей, 2002.54б.
4.Тойкин С. Х., Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. Маркетинг негіздері - Астана: Фолиант, 2008.
5.Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай.Маркетинг негіздері:/- Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. 190 б
6.Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы.–Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет
4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
-
Қазақстанда маркетингттің қалыптасуы және даму ерекшеліктері- Баяндама
-
Тұтынушы сұранысын талдау жүйесі - Баяндама
-
Жылжымайтын мүлік нарығын талдау - Эссе
-
Қазақстандағы ұялы байланыс жүйесі нарығын талдау – Эссе
-
Сервистік қызмет көрсету және оның артықшылықтары - Баяндама
-
Шетел нарығына шығу стратегиялары - Баяндама
-
Қазақстандағы желілік (сетевой)маркетинг қызметтері- Баяндама
-
Туризм саласындағы маркетинг ерекшеліктері (Қазақстан мысалында) - Баяндама
«Маркетинг» пәні бойынша тестілік тапсырма.
1-вариант
$$$ 1
Маркетинг орын алуында, адамдар өз сұрауы мен қажеттіліктерін
… көмегімен қанағаттадырады.
A. айырбас
B. сатып алу
C. жарнама
D. нарық
E. жеке сатып алу
$$$ 2
Маркетингтің ғылым ретінде қалыптасуы:
А. ХХ ғасырдың басында, яғни өнеркәсіпті дамыған мемлекеттерде бәсекенің қозуында
В. АҚШ-тағы ұлы депрессия жылдарында
С. акционерлік қоғамдар құрыла бастағанда
D. қоғамдар биржаны істей бастағанда
Е. тауарды жүзеге асыру мәселесі қозғандағы ғасырлар тоғысы
$$$ 3
Маркетинг жинағына келесідей негізгі элементтер кіреді:
A. өндіріс, тауар, ынталандыру, баға
B. тауар, баға, ынталандыру, сату орны
C. қоршаған ортаның бақылаулы және бақылаусыз факторлары
D. функциялық объекті, қызмет, сату орындары
E. тауар, баға, жеке сату, жарнама
$$$ 4
Тұтыну ұғымы, бұл:
A. қажеттілікті қанағаттандыруға арналған ақша мөлшері
B. бәсеке формасын қабылдаған қажеттілік
C. тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыра алатын тауар
D. тұтынушының ішкі мәдениеті
E. нарық субъектілері арасындағы коммерциялық құндылықтар айырбасы
$$$ 5
Маркетингтің негізгі мақсаты
A. максималды жоғары тұтынуға жету
B. сатып алушылар қажеттілігінің нақты мәні
C. анықталған нарықтағы тауарды тиімді жүзеге асыру
D. тек қана жүзеге асыратын тауарды өндіру
E. нарықтық жаңа тауарларды өндіру
$$$ 6
Маркетингтің дәрежесі ретінде мынаны көрсетеді
A. нарықта көрсетілген қоғамдық қажеттілік бөлігі
B. сату үшін өндірілгеннің барлығы
C. келісім шарттың уақыты мен орнын үйлестіру
D. сатып алу мен тұтыну үшін ұсынылатын тауар немесе қызмет көрсету
E. түр нұсқалы бұйым
$$$ 7
Маркетингтің бір дәрежесі тауарға сұраныс,бұл :
A. нақты өнім түріне қажеттілік
B. тауарға (қызмет көрсетуге )қажеттілік
C. тұтынушының тауарға төлем қабілеттілігі бар қажеттілігі
D. тауар өндірушілердің экономикалық егемендігі
E. құнның ақшалай көрінісі
$$$ 8
Нарықты зерттеу
A. маркетингті шараны жоспарлау мен бақылау
B. сұранысты қалыптастыру және өтімді ынталандыру
C. жаңа тауарды өндіруді зерттеу
D. нарық конъюнктурасын болжау, талдау
E. өтім мен сервисті жоспарлау
$$$ 9
Өндіріс концепциясы мынаған байланысты шығады:
-
тауарды ерекшелейді және сапасын жоғарлатады
-
көп тауар сату қажет
C. өндіріс пен технология ерекшеленеді
D. күш салу сатып алушы қажеттілігіне бағытталған
E. жаңа тауарлар жасалады
$$$ 10
Тауар концепциясында негізі көңіл бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |