Маркетинг


Маркетингтің типтік мақсаттары



бет7/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

Маркетингтің типтік мақсаттары

Саясатқа қатысты фирма мақсаттары







Маркетингтік мақсаттар
Тұтынушының сұранысын ең көп шамада қанағаттандыру;
Нарық үлесін ұлғайту;
Пайданы өсіру;





Өнім жөніндегі мақсаттар
Сапаны басқару жүйесін жасау;
Буып – түю, орау дизайнын жақсарту;
Жаңа тауарларды әзірлеу;





Баға жөніндегі мақсаттар
Бағаны төмендету;
Бағаның өсуі;
Икемді бағаларды қолдану;



Өткізу бойынша мақсаттар
Сатуға тиімді жол іздеу;
Фирмалық дүкен ашу;
Делдалдар жүйесін кеңейту;





Коммуникация жөніндегі мақсат
Тауар бойынша бренд құру;
Фирманың беделін арттыру;
Жарнама шығынын өсіру;



  1. Маркетингтің түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары.

Тәжірибеге сүйенетін болсақ, маркетингтік үдеріс тігінен де, көлденеңнен де жүзеге асырылады. Осының негізінде маркетинг түрлерін жіктеу белгілері арқылы жүйелендіруге болады. Ғылыми – теориялық негіздерді талдау және синтездеу негізінде сонымен қатар маркетинг тәжірибесіне сүйеніп, жіктелу белгілерін қолдана отырып, маркетиг түрлерін жүйелендірдік
Экономикада пайдалану деңгейіе байланысты маркетингті макро және микромаркетинг деп бөлуге болады.
Макромаркетинг теориясының эволюциясын талдаған Дж. Шит, Д. Гарднер, Д. Гаррет сияқты американдық ғалымдар оның пәні ретінде фирманың маркетингтік қызметі мен қоғамның өзара қарым – қатынасын есептейді, ал 60 – 80 жылдары аралығында оған көп назар аударылуы себебін сол кездегі қоғамның әлеуметтік және экономикалық өмірінде кәсіпкерлік пен бизнес ролінің артқандығымен түсіндіреді.
Макромаркетинг қажеттіліктерді қоғам деңгейінде талдауға және олардың тауарлық нарықтардың дамуына ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. Сол себепті макромаркетинг мәселелері микромаркетинге қарағанда, қоғам мүдделеріне негізделіп және жалпы экономикалық жүйе деңгейінде қарастырылады.
Американдық ғалым Дж. Фиск макромаркетингті экономикалық ресурстарды пайдалануға жұмылдыратын технология ретінде және маркетингтік әлеуметтік салдарын зерттейтін ілім ретінде сипаттайды. Ж – Ж. Ламбен макромаркетингті тұтынушылардың талап – тілегіне орай өндірісті, кәсіпкерлік пен инвестицияны керекті бағытқа бұрып отыру жүйесін қалыптастыратын экономикалық демократия факторы ретінде сипаттайды.
Маркетингті қолдану ауқымдары өте кең, оның қағидалары мен әдістер кең, оның қағидалары мен әдістері тек өндірісте ғана емес, адамзаттың қызметінің барлық өндірісте, адам тұлғасына да қатысты пайдаланады маркетингтің қолдану аймақтарын жүйелей отырып, оның қолданатын негізгі салаларына сәйкес: өнеркәсіп, тұтыну, қызмет көрсету және коммерциялық емес деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Осылардың әрқайсысы сәйкес нарықтардағы маркетингтік қызметті сипаттайды.
Нарықтық экономика жүйелеріндегі маркетингтің ең дамыған түріне тұтыну маркетингі жатады. Ол тұлғалар мен отбасыларынан тұратын түпкі тұтынушылар және фирмалар арасындағы қызмет өрісін қамтиды.
Маркетинге үдеріс ретінде ішкі екі жақтылық тән, ол маркетингтің сараптамалық және әрекеттік жақтарынан көрінеді. Осы екі аспектіге сәйкесінше маркетингтің: стратегиялық және жедел деген екі түрін бөліп көрсетуге болады. Стратегиялық маркетинг – тұтынушылардың қажеттіліктерін талдау негізінде бар және әулетті (потенциалды) нарықтарды айқындап, олардың тартымдылығын анықтау арқылы бәсеке қабілеттілігіне жету.
Қазақстандық бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызметін талдау, олардың негізінен жедел маркетингті қолданатынын көрсетті. Бұл – нақты нарықтық жағдайда маркетингтік құралдарын басқару, фирманың тауар, баға, өткізумен қатар коммуникация саясатын ұйымдастыру. Сондықтан, біздің мамандардың түсінігінше, маркетинг теориялық және тәжірибелік жағынан жедел түрінде ғана көрінеді. Бұл жерде оны қысқа мерзімде пайда алуға бағытталған, көбінесе жарнама - өткізу қызметін қамтитын менеджмент құралы ретінде қарастырылып отыр. Мұндай бір жақтылық тәсіл фирманың стратегиялық мәселелерін қамтымағандықтан, оның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Жүзеге асыру шекараларына байланысты маркетингтің ұлттық (ішкі), халықаралық, ғаламды (глобальді) деген түрлері бар.
Әр мемлекеттің экономикасының даму тиімділігінің шарты – бұл маркетингті ішкі және сыртқы нарықтарда қолдану. Ішкі маркетинг екі аспектіде қарастырылады: ұлттық нарықта мемлекет ауқымында және фирма ішіндегі жүзеге асырылатын маркетинг. Соңғысы фирманың клиенттерін және өз қызметкерлерін нарық субьектісі ретінде қарастырып бейімдеуін көздейді. Қазақстадық кәсіпорындарда өз қызметкерлері ішкі маркетинг бөлігі ретінде әзір қарастырылып жатқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет