Маркетинг


Өткізуді ынталандыру, оның түрлері және құралдары



бет16/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

Өткізуді ынталандыру, оның түрлері және құралдары



Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралардың кешені. Олар тауар орамасын, купондарды, сыйақы беру, тауар бағасын арзандату, несие, байқаулар, таныстыру рәсімдерін өткізу, лоторея, сыйлықтар және тағы басқаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық әдебиеттерде оның синонимі ретінде өткізуді қолдау, сейлз промоушн сияқты түсініктер қолданылады.
өткізу әдістеріне мыналар жатады:

  • өзінің сауда қызметкерлерін ынталандыру;

  • делдалдарды ынталандыру;

  • тұтынушыларды ынталандыру.

Делдалдарды ынталандыру мыналардан тұрады:

  • тауарды тегін беру;

  • арнайы жеңілдіктер ;

  • өткізуді ұйымдастыру бойынша байқаулар;

  • ақпаратпен қамтамассыз ету және сатушыларды оқыту;

  • бірлесіп жарнама жүргізу;

Тауарды өткізуде түпкі тұтынушыларды ынталандыру маңызды орын алады, оны мынандай құралдармен жүзеге асыруға болады.
Сыйақылар – бұл тұтынушыға белгілі бір тауарды сатып алғанда ақысыз немесе төмен бағамен ұсынылатын сыйлықтар. Көбінесе «Кодак» компаниясы ұтымды түрде пайдаланады.
Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары. Олар газет, журнал, тауар орамасы, өткізу мамандары арқылы таратылады.
Жеңілдіктер – тұрақты клиенттердің тауарды қайтадан сатып алуын және жаңа клиенттердің жаңа тауарды сатып алуын ұлғайтуды ынталандыру мақсатындағы бағаның төмендетілуі.
Байқаулар – сыйлық тартуды көздейді, жастар немесе аға ұрпақ өкілдері бар сегменттерде әсері мол.
Несие – тауар сатып алушыға несие беріледі. Ол тауар құнын белгілі бір уақыт бойы бөліп төлейді. Несие ұзақ мерзімде пайдаланатын және қымбат тауарлардың сату көлемін ұлғайтуды ынталандырады.
Тауарды таныстыру рәсімі (презентации) – тауарды пайдаланудың нұсқауларын беретін іскерлік сұхбаттасумен қатар, салтанатты және иәдени бағдарламалардан тұратын көпшілікке ұсыну рәсімі. Тауарды таныстыру рәсімі кезінде аудиторияны қызықтыратын ынталандырудың әр түрлі құралдары қолданылады.
Ақшаны қайтару кепілдігі. Тауар сапасына тұтынушылардың көңілі толмаса, оны кері қайтарып береді. Мұндағы негізгі шарт – тауар сақталынған қалпында қайтарылуы керек.
Тауар орамасы – сатып алғаннан кейін басқа мақсаттарға пайдаланылатын буып-түю. Мысалы, конфеттің шыны қалбыры.
Лотореялар мен сыйлықтар . «Coca-Cola» сусындарының бөтелке қалпақтарында сыйлықтар ұтып алуға белгілер жасалған .
Тегін үлгілер.Тұтынушыны қызықтыру үшін ақысыз ұсынылатын жаңа тауарлар.
Ынталандыру науқанын бастау алдында оның жоспары құрылады. Ол жоспарда тұжырымдамасы, ынталандыру нысаны, бюджетті, шарттары, мерзімдері, өткізілу ұзақтығы анықталуы керек.
Өткізуді ынталандыру шарттары – бұл делдалға немесе стып алушыға қойылатын талаптар. Мысалы, дистрибьютер тауарды сақтауы және жарнамалауы керек. Ынталандыру шарттары орындалмаған жағдайда оның мақсаты жүзеге аспайды.
Өткізуді ынталандырудың мерзімі жиі немесе қысқа болады, кейде маусым кезінде өткізіледі, сондықтан оның өткізу мерзімін дұрыс таңдау аса маңызды. Өткізуді ынталандыруды саудагерлер өндірушімен бірлесіп жүргізсе, оның шығындары да бірігіп төлегендіктен азаяды.
Жүргізілген ынталандыру түрінің тиімділігін бағалау өте маңызды орын алады. Ол үшін ынталандыруды өткізгенге дейінгі және оны өткізгеннен кейінгі сату көлемі мен өткізу шараларын ұйымдастыруға кеткен шығындарды талдау керек. Мысалы, купондарды пайдалану кезінде сату көлемінің қаншаға өскенін және купондардың өтелудәрежесі талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет