Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына. Яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау нақты кезеңдерден тұратын күрделі жұмыс. Бірінші кезеңде - бәсекеге қабілеттілік мақсаты белгіленеді. Нақты жағдайларға байланысты бұл мақсаттарға нарықтағы өткізу келешектерін бағалау, тауардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау, оның деңгейін көтеру үшін іс-шараларды жетілдіружатады. Екінші кезеңде тауарға қойылатын талаптар сатып алушылардың талаптары мен сұранысы туралы әр түрлі ақпараттарды талдау негізінде айқындалады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың барлық көрсеткіштерін нормативті, техникалық, экономикалық, деп үш топқа бөлуге болады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтаудың бірден бір әдісі оның негізгі параметрлерінің тізімін жасау және сол бойынша көпбалды жүйемен барлық бәсекелесуші бұйымдарын бағалау болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау 3 кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде оның параметрлері белгіленеді және олардың маңызы анықталады. Осылай, кондитерлік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін сарапшыларға оның органолептикалық, «дәмдік сапасы», өнім қауіпсіздігі, бағасы, орауы және өндіруші имиджі деген көрсеткіштерінің маңызы бағалауға ұсынылады. Бұл көрсеткіштер 1- ден 5-ке дейін аралықтағы олардың маңыздылығын атқаратын шкаламен бағаланады. Бәсекеге қабілетілік параметрлерін бағалау 5 балды жүйе арқылы жүргізілуі мүмкін. Сарапшылардан пікір сұрау арқылы параметрлердің мәнділік коэффициенті анықталады. Кондитерлік тағамдардың бәсекеге қабілеттілігі параметрлеріне срапшылардың қойған бағалары төмендегі 1- кестеде көрсетілген.
1-кесте
Бәсекеге қабілеттілік параметрлері маңыздылығының
сарапталған бағасы
Параметрлер
|
Орташа бал
|
Маңыздылығын білдіретін коэффициент
|
Өнім қауіпсіздігі
|
4,6
|
0,218
|
Баға
|
3,9
|
0,187
|
Буып-түю, орау
|
3,7
|
0,176
|
Өндіруші имиджі
|
4,0
|
0,189
|
Дәмдік сапасы
|
4,8
|
0,229
|
Барлығы
|
-
|
1,0
|
Зерттеудің екінші кезеңінде тұтынушылардан пікір сұрау жүргізіледі.
Үшінші кезеңде сұраныс нәтижесі талданып, өнім бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Әр параметр бойынша бәсекеге қабілеттілік коэффициенті есептелінеді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құрамы – оның сапасы.
Тауар сапасы мен тауар құндылығы екеуі бір ұғым деуге болады. Әйтсе де сапаға қарағанда құндылық – субъективті, абстрактілі түсінік. Тұтынушы көзқарасы тұрғысынан өнім құндылығы тауар таңбасы оның жеке қабылдануы, психологиялық тиімділігі, беделі, яғни маркетинг күшін көрсететін белгілермен анықталады. Отандық өнімдердің баға, сондай-ақ сапа, сервис, буып – түю, орау және жылжыту факторлары бойынша да бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу екенін атап өтуге болады. Оған жаңа технологияның аздығы, қаржының жетіспеушілігі, шикізат пен материалдардың сапасының төмендігі орын алып отырған, қаржылық – экономикалық механизмінің кемістіктері сияқты фокторлар әсер етеді. Бәсекелік артықшылықтарды табуға және олармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдістер және мықты бәсекеге қабілеттілік тетігі бенчмаркинг болып табылады. Бенчмаркинг ағылшын тілінен аударғанда стандарт деген мағынаны көрсететі. Ол бәсекеге қабілетті фирмалардың ең жақсы бизнес процестерін зерттеп өзіне бейімдеу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Кәсіпорындар мұны қолдана отырып, жақсы әдістер мен жаңа технологияларды өз өндірістеріне енгізе алады.
10 ЖАРНАМА, ОНЫҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯСЫ, РОЛІ МЕН МАҒЫНАСЫ.
Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады.
Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық роліне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |