Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы. Жарнамалық хабарламаны өңдеген кезде оның мазмұнын, түрін және стилін таңдап алу керек.
Жарнамалық сөз мәнері (слоганы), (жарнамалық ұран) –тауар сапасын, фирманың тура немесе абстрактілі түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран.
Жарнама үндеуінің стилі – жарнама мәтінін көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны.
Жарнама жасау стилдері: натураға қарап жасау;
Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау. Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
мақсаттық белгіленуіне қарай:
пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).
мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері. Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталадыру.
Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемімен өзі үлесін бөліп алуға арналған.
Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.
Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарларды жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады.