Маркетинг



бет23/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

Тауардың нарыққа шығуы немесе оның нарыққа ену кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты – тауарды өткізетін нарықты қалыптастыру. Енгізу кезеңінде технология жаңа дами бастайды, нарық әлі анықтала қоймаған, өндіріс қуаттылығы толық іске қосылмаған, ал тауар аз партиялармен шығарылғандықтан, фирма шығындары өте жоғары болады. Сатудың өсу қарқыны тауардың жаңа болуымен және тұтынушы сұранысына байланысты.
Әдетте, жаңа тауардан гөрі тауарды жаңғыртып, жетілдіру өткізу көлемін тез ұлғайтады.
Өсу кезеңі. Бұл кезеңде тауардың жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы біліп, сатып ала бастағандықтан оның өткізу көлемі жылдам өсе бастайды. Өндіріс толық қуатпен жұмыс істейді. Тауарды ірі сериясымен шығаратын кәсіпорындарда өндіріс қуаты жетіспей қалуы мүмкін. Жаңа тауар үлкен көлемде сатыла бастайды, бірақ нарықта оның бәсекелестері туындайды. Тауар сапасы өте жоғары болғандықтан, сату көлемі де, пайда да тез өсе бастайды. Тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді. Кемелдену сатысы мерзімі бойынша ТӨЦ-тің ең ұзақ кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген және өндіріс қуаттылығы толық қолданылады. Тауар ірі партиялармен шығарылып, оның ассортиментін кеңейту және тереңдету шығындары жоғары болады. Фирма үлкен көлемде шығара бастайды. Тауардың сапасы өте жақсы болып, дәстүрлі тауарлар қатарына қосылады.
Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі. Технологиялық процесс әсерінен жаңа және айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайды. Бұл кезеңде өндіріс қуаты толық қолданылмайды, сұраныс пен пайда тұрақты түрде төмендейді. Нарықтық ортадағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер тауарлардың ескіре бастауына байланысты, сатып алушылардың талғамы мен қалауының өзгеруіне орай бағаның төмендеуіне алып келеді.

9.4 БУЫП – ТҮЮ, ОРАУ


Буып-түю, орау (упаковка) фирманың маркетингтік қызметінде ерекше орын алады. Ол – тауардың қауіпсіздігін, яғни сақталуын қамтамасыз етеді, оның таралуына қызмет етеді және тауардың қасиеті мен пайдалану әдістері жөніндегі ақпараттарды береді. Буып-түю, орауғы мынадай талаптар қойылады:


- буып-түю, орау өнімнің белгіленуін, қолдану аясын, функциясын, жарамдылығын және сақтау мерзімін көрсетуі қажет;
- буып-түю, орау тауарды сақтауға, тасымалдауға және тұтынуға қолайлы етіп жасау керек;
- ол қазіргі заман талаптарына сәйкес тартымды, сыртқы түрі өнім мазмұнына сай болуы қажет;
- буып-түю, орау өткізу арналарының ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;
- буып-түю, орау тұтынушының әдеттері мен талаптарына қолайлы болуы міндетті.
Буып-түю, орау әсіресе, тұтыну тауарларын шығаратын фирмалар үшін маңызды болып саналады. Ол құрал-жабдықтарды үнемдеуді, тауарды қолайлы пайдалануды, оны қорғауды және насихаттауды қамтамасыз етеді. Нарықтағы буып-түю , орау рөлінің өсуіне төмендегі факторлар әсер етті:
1. Саудаға өзіне-өзі қызмет ету түрін енгізу, бұл жағдайда буып-түю, орау сатушының рөлінде болады, яғни ол тауар қасиетін, сондай-ақ оның қолдану әдісімен пайдалануын сипаттай отырып, тұтынушылардың назарын өзіне аударады.
2. Клиенттер табысының өсуі. Табысы мол сатып алушылардың тиімділігі жоғары, әдемі дизайны бар, қазіргі заманға сай буып-түйілген тауар үшін төленетін баға мөлшері жоғары болса да төлеуге дайын.
3. Буып-түю , орау – фирманың беделі мен бейнесі сақтаушы, қорғаушы ретінде де қолданады. Жақсы буып-түю, орау фирмасы немесе тауар белгісін бірден танытады.
Буып-түю, орауды жасау оның қандай да болу керек екендігін айқындайтын және тауарды жылжытудағы рөлін сипаттайтын тұжырымдамасынан басталады. Содан кейін оның пішіні, өлшемі, жасайтын материалдар құрамы, түсі, тауар туралы керекті ақпараты, таңбалық белгісі анықталады. Буып-түю, ораудың әртүрлі элементтері бір-бірімен және баға белгілеу саясатымен, жарнамамен және маркетингтің басқада элементтерімен тығыз байланыста болуы қажет. Тауарды таңбалау буып-түю, ораудың бір бөлігі болып саналады. Бұларға бирка немесе мұқият ойластырылған графикалық құрылым түрінде көрсетілген заттаңбалар (этикеткалар) жатады.

9.6 ТАУАР БЕЛГІСІ ЖӘНЕ БРЕНДИНГ


Тауар таңбасы және тауар белгісі тауар саяясатының бөліктері болып саналады. Тауар белгісі сол тауарға өндіріушінің толық құқығы барлығын және оның сапалылығын білдіреді. Бұл өз кезегінде өндірушінің жауапкершілін арттырып, тұтынушының тауарға деген сенімін туғызады. Тауар белгісі үлкен экономикалық мәнге ие бола отырып, фирма меншігінің құнды объектісіне айналады.


Тауар белгісі дегеніміз – заңдық тұрғыдан қорғалған және басқа тауарлардан сөз, бейне, көлем жағынан айырмашылығын білдіре алатын ұғым. Тауар белгілеріне: 1) термин; 2) таңба; 3) сурет; 4) символ; 5) әріптер немесе сандар жатады.
«Тауар белгісі» термині «тауар таңбасы» және «брендинг» деген ұғым тығыз байланысты. Маркетинг бойынша экономикалық оқулықтарда олар синоним ретінде көрсетіледі. Тауар таңбасы түсінігі тауар белгісіне қарағанда кең түсінік. Тауар маркісі немесе бренд дегеніміз, сатып алушы танымындағы тауар бейнесімен ұштасқан тауар белгісін білдіретін ұғым. Тауар таңбасы болған кезде ғана біз ол тауарды «бренд» деп атаймыз. «Бренд» терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол «таңба, мөр» деген мағынаны береді. Бренд – атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.
Қазақстанда брендтің даму деңгейі батыс елдермен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері – тауарды өткізудегі бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілерінің арасында қатаң күрес жүріп жатыр. Осыған байланысты отандық өндірушілерге тауар белгісі ғана емес, сондай-ақ маркетинг және жарнама құралдарын қолдана отырып, бренд жасау қажет. Фирма таңбалық белгілеудің 3 әдісін қолдануы мүмкін.

  1. Өндірушінің маркасы немесе жалпы ұлттық марканы қолдану.

  2. Фирма тауарын өз таңбасын қоятын делдал-дистрибьютер немесе

дилерлерге сату.
3. Өндіруші өнімінің жартымын өзінің таңбасымен, ал қалғанын делдал таңбасымен сату.
Тауар таңбасының атын іздеу – күрделі міндет, ол белгілі сапаға ие болуы қажет. Тауар белгісінің аты жылдам, оңай айтылатын, тез танылатын, жылдам сақталатын әрі дараланатын болуы керек.

9.7 ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ


ОНЫ БАҒАЛАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет