Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет19/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
жетісітк бағалау

әрекетінің мақсаты:
- оқу бағдарламаларындағы оқыту мақсаттарын анықтау; 
- оқу мақсаттарын оқытудан күтілетін нәтижелер мен сәйкестендіру; 
- сабақтың мақсатын айқындау
- бағалау критерийлерін құрастыру; 
- күтілетін нәтижелер негізінде сараланған тапсырмаларды дайындау; 
- дескрипторлар қурастыру;
- тиімді кері байланыс жүргізу арқылы білім алушылардың оқу
- жетістіктері деңгейлерін анықтау; 
- білім алушының жетістікке жетуін қамтамасыз ету болып саналады. 
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз 
болатын белгі
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін 
сипаттама. 
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір 
білдіру. 
Критериалды бағалау келесі принциптер негізінде жүзеге асырылады: 
- Оқыту 
мен бағалаудың өз ара байланысы.Бағалау оқытудың 
ажырамасбөлігі ретінде оқу бағдарламалары мақаттары және күтілетін 
нәтижелер мен байланысты. 
Демек,нені оқытамыз? қалай оқыту керек? білім алушылардың 
қажеттіліктері қандай? нәтижеге жетуде білім алушыға қалай көмектесеміз деген 
сұрақтарға жауап іздеуді тәжірибеде бағалау арқылы жүзеге асыру қажет. 
- Шынайылық,нақтылық,валидтілік яки сенімділік. 
Валидтілік – (ағылшын тілінде - validity) — әдістер мен зерттеу 
нәтижелерінің қойылған міндеттерге сәйкестігін анықтау өлшемі.
Бағалау нақты және сенімді ақпарат береді. Педагог тарапынан қолданылып 
отырған критерийлер мен құралдар оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге 
жетудегі жетістіктерді бағалайды деген сенімділік. Объективтілік, нақтылық, 
сенімділік кешенді түрде бағалау сапасын анықтайды.Бағалаудағы сенімділік 
педагог нені өлшейді? бағалауды қаншалықты дұрыс жүргізіп жатыр?- деген 
сұрақтардың мазмұнын құрайды. 
- Бұл принципті жүзеге асыру төмендегі қадамдарды жүзеге асыруды талап 
етеді: 


66 
- Нақты нені бағалау керектігін түсіну және анықтау; 
- Бағалау критерийлерін құрастыру және түсіндіру; 
- тапсырмаларды құрастыру және оларды орындаудың жолдарын 
жоспарлау. 
- Ашықтық және қолжетімділік. 
Бағалау оқу үдерісіне барлық білім алушылардың жұмылдырылуын 
қамтамасыз етіп, барлық қатысушылардың жауапкершілігін нығайту 
мақсатында түсінікті және ашық ақпарат ұсынады.Бұл принцип бағалау 
үдерісіндегі 
бағалау 
мақсаты 
мен 
процедураларының 
түсінікті 
болуын,нұсқаулардың нақты және анық болуын,нәтиженің тиімді және 
қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.Бағалау үдерісінде бағаның мақсатқа 
сәйкес,дұрыс екендігіне болған сенімсіздік болмауы қажет.Бұл өз кезегінде оқу 
үдерісі қатысушыларының арасында қарым – қатынас пен сенімділіктің пайда 
болуына ықпал етіп, олардың қызығушылығын арттырып, оқыту нәтижелеріне 
оң әсер етеді.
- Үздіксіздік
Бағалау білім алушылардың оқудағы жетістіктері деңгейін дер кезінде және 
жүйелі күзетуге мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс.Бағалау үдерісінің үздіксіздігі 
қалыптастырушы бағалау арқылы, жиынтық бағалаудың кестесін құру арқылы 
және баллдарды қою механизмін қолдану арқылы жүзеге асады.Бағалау 
үдерісіндегі бұл әрекеттер процедуралар арасындағы байланыс шарттарын 
анықтап,бағалаудың біріңғай жүйесін қуруға мүмкіндік береді. 
- Дамытуға бағыттылық
Бағалау білім беру саласының, мектептің, мұғалімдердің және білім 
алушылардың даму бағыттарын анықтап,оған бастамашылық етеді.Білім 
алушының білім және дағдылары бойынша ақпарат жинап,оны талдауға 
негізделген бағалау, білім беру үдерісін дамытудың болашақтағы бағыттарын 
анықтап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 
А.Әлімов өзінің «Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану» атты 
еңбегінде профессор Дайана Хесс ұсынған бағалаудың 6 қағидасын атап 
көрсетеді: 
- Маңыздылық – Бағалау үшін пәннің ең маңызды , бағалауға тұрарлық 
күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және 
басқада ресурстар шығындалады. Бағалау үшін нәтиже маңызды болуы қажет. 
- Дәлдік (Адекваттық) – Білім алушылардың қажетті білім, білік, 
дағдылар, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсетуге мүмкіндік 
беретін бағалаудың дәл қуралын таңдап алу қажет. 
- Объективтік (Дәлелділік)- көп уақытта бақылау жұмысының 
нәтижелерін бағалау субъективтік процесс. Объективтікке бағалаудың нақты 
талаптарын және критерийлерін таңдау арқылы жетуге болады. 
- Оқудың ажырамас бөлігі – Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігіне 
айналуы қажет. Педагог тек өзі үйреткен нәрсеніғана бағалауы керек. 
- Жариялылық – Бағалаудың түрлері мен тәсілдері білім алушыларға алдын 
– ала жариялануы керек.Баға жария түрінде қойылып, білім алушылар өздерінің 


67 
қандай білімдері және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек.Бағалау 
критерийлері мен тәсілдерін белгілеуге білім алушылардың өздерінде қатыстыру 
керек. 
- Қарапайымдылық – бағалау үдерісі мен оның формалары қолданыста 
қарапайым және ыңғайлы болуы керек.Бағалау талаптарын оқыту процесіне 
біртіндеп, оқушылардың бағалау құралдарын игеру деңгейіне байланысты 
енгізуге болады.
Заманауи білім беруде педагогтің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
іс - әрекетіне болған пікірлердің бір келкі еместігіне қарамай, барлық ғылыми 
зерттеу жұмыстарында баға және бағалаушылық іс - әрекет үдерісінің негізгі 
компоненттері ретінде келесілерді анықтауға болады: 
1.Оқыту мақсаттарын айқындау. 
2.Мақсатқа жетуді анықтайтын бақылау тапсырмаларын таңдау. 
3.Тексеру нәтижелерінің көрінісі ретінде белгі немесе басқа қуралдарды 
пайдалану. 
Бұл компоненттер бір – бірі мен байланысты және кейінгісі алдынқысы мен 
байланысты түрде жүзеге асады. 
Педагогтің бағалау іс - әрекеті – мұғалімнің кәсіби біліктілігіндегі ең 
маңызды іс - әрекет.Бағалау іс - әрекетінсіз білім беру үдерісін жүргізу, нәтижеге 
түзету енгізу, білім алушылардың оқудағы жетістік деңгейлерін анықтау мүмкін 
емес. Бағалау іс - әрекеті тұлғаның көз қарастары, қоғамның талаптары негізінде 
толықтырылып, өзіндік тарихи даму кезеңдерін қалыптастырады. 
Е.Г Матвиевская бағалау іс - әрекетенің тарихи даму кезеңдерін:
- Қоғамда кемел адам туралы түсініктің қалыптасуы (бұл бағалау пәнінде 
көрініс табады); 
- бағалау іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңдері (бағалау формалары мен 
әдістерінде көрініс табады); 
- негізгі ғылыми – тәжірибелік шығармашылық бағыт – критерийлері 
негізінде келесі төрт кезеңге бөледі: 
1- Синкретико эмпирикалық кезең (көне замандардан ІІІ ғ дейін) – бұл кезең 
педагогтің бағалау іс - әрекетінің қалыптасу кезеңі. Бағалаудың бірінші нысаны 
ретінде адамның зияткерлік қабілеттері алынды.
2- Дидактикалық- діни кезең (ІІІ- ХVIIғ).ІІІ ғасырда христиан дінінің пайда 
болуы педагогтің бағалау іс-әрекетін қайта қарауға түрткі болды. Ортағасырлық 
Европада қолөнершілерді оқытатын зайырлы мектептердің пайда болуы бағалау 
іс-әрекетінде бағалау мен бақылау элементтерінің негізге алынуына алып 
келді.Бұл мектептерде кіші оқушыларға үлкендер және шеберлер көмектесті, бұл 
тьюторлықтың және бірін – бірі бақылау, өз алдына жұмыс жасауға үйретудың 
бастамасы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет