Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
жетісітк бағалау

Оқытудың қиындықтарын анықтау.Әр бір пән бойынша бағалау 
қуралдарын (тесттер) пайдалану арқылы әр бір білім алушының қиындық 
траекториясын анықтап, оны түзету жолдарын айқындау; 
Кері байланыс жүргізу.Білім алушылар, ата – аналар, мұғалімдер үшін 
жетістікке жеткендікті көрсету үшін жүргізіледі. 
Уәж.Кері байланыстың өзі көп уақытта уәж болуы мүмкін. Ынталандыру 
ретінде тест немесе емтиханның жүргізілуі білім алушылардың ойларын 
жинақтап, алға ұмтылуына ықпал етеді. 
Болжау және сұрыптау.Білім алушылардың білімі және дағдыларын 
бағалау арқылы педагогтер олардың болашақтағы мінез – құлқы мен дамуын 
болжайды. 
Стандарттарды бақылау және орындау.Оқу жетістіктерін бағалау 
бойынша халықаралық және мемлекеттік тесттер бойынша нәтижелерін талдау, 
бақылау. 
Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау [177; 56].
Критериалды бағалау – оқытудың мақсат, міндеттеріне жету үшін оқу 
үдерісінің барлық қатысушыларының өз ара байланысты бақылау – 
бағалаушылық әрекеттері жүйесін қамтамасыз ететін процессуалды - әрекеттік 
метатехнология [178;196] 
Критериалды бағалау түсінігін 1963 жылы Роберт Юджин Глейзер (Glaser, 
R., 1963) енгізген болып, алдын – ала анықталған нақты критерийлер көмегімен 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау түсінігін береді. Бағалаудың бұл 
түрі нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді.Нормаға негізделген 
бағалауда білім алушылардың үлгерімі олардың класстастарының үлгерімі мен 
салыстырылып бағаланады. Критериалды бағалау болса, қалыптастырушы және 
жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас 
бөлігі ретінде оқу үдерісінде білім алушылардың білімді игеру деңгейі және 
дағдылардың 
қалыптасуын 
анықтап,оқу 
бағдарламаларындағы 
оқыту 
мақсаттарына жетудегі қиындықтарды айқындап, көмектесуге мүмкіндік береді. 
Бағалаудың бұл түрі мұғалім мен білім алушы арасындағы үздіксіз кері 
байланысты қамтамасыз етіп,оқу үдерісін балл және баға қоюсыз түзетуге ықпал 
етеді. Жиынтық бағалау мұғалім, ата – ана, оқушыға оқу бағдарламасындағы 
және тоқсандағы белгілі бір бөлім немесе ортақ тақырып аяқталғаннан кейін
балл және баға қою арқылы білім алушының дамуы туралы ақпарат беру үшін 
жүргізіледі [179;15б]. 


44 
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттары, бағалау 
құралдары, бағалау үдерісі және нәтижелерін қамтиді. 
Сурет 4 - Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны 
Критериалды бағалау жүйесін қолдану жолдарын сипаттайтын әдістемелік 
құралдарда критериалды бағалаудың құрылымы төмендегідей мәнге ие: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 5 - Критериалды бағалаудың құрылымы 
Критериалды бағалау үдерісінде бағалауды жүзеге асыру барысында оқу 
мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін бағалаудың циклдық құрамдас 
бөліктерін төмендегідей көрсетуге болады: 
К
рит
ериа
лд
ы 
ба
ға
ла
у 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет