Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
жетісітк бағалау

3- Бағалау теориясының пайда болуы (ХVII – ХХғ бірінші кезеңі) бұл кезең 
оқу үдерісінің, тәрбиелеудің,бағалаудың ғылыми негіздерінің құрылуы, жаңа 
дидактикалық түсініктердің енгізілуі,гуманистік идеяның дамуы және 
педагогтің бағалау іс - әрекетінің кемелденуі мен ерекшеленеді.  


68 
Я.А Коменскийдің «Великая дидактика» еңбегінде алғашқы рет 
оқушыларды интеллек, жұмыс жасау темпі және ынтасы негізінде типтерге бөлу 
бағалау іс -әрекетінің пәнін анықтады.Я.А Коменский баланы бағалауда, 
бақылауда, ынталандыруда әр бірінің тұлғалық ерекшеліктері ескерілуі 
керектігін айтып өтті. ХVIIІ – ХІХғғ Батыс Европа мен Россияда диагностикалық 
идеялар спектрі байытылды.Біртіндеп, бағалау іс - әрекетінің пәні ретінде 
базалық 
білім, 
жеке 
пікірін 
тұжырымдау,авторлар 
позицияларын 
салыстыру,жеке 
қабілеттер 
(Д.Локк), 
тұлғаның 
мүмкіндіктері 
мен 
ерекшеліктері, мотивациясы (Ж-Ж Руссо),талдау, топтастыру біліктері 
(И.Гербарт), жеке даму деңгейі (А.Дистерверг) қарастырылды. 
4- ХХ ғасырдың 90 жылдардың аяғы ХХІғ басы бағалау теориясы мен 
өлшем 
теориясының 
қалыптасуы 
бағалау 
іс-әрекетін 
кемелдендіру 
педагогикалық зерттеулердің көкейкесті мәселесіне айналды.Ғалымдар 
тарапынан білім беру жүйесін гуманистік принциптер негізінде реформалаудың 
философиялық, психологиялық – педагогикалық тұжырымдары (Ш.А 
Амонашвили, М.В Богуславский, М.В Кларин, Н.В Селезнев, А.В Хуторская, Б.Д 
Эльконин, И.С Якиманская) ұсынылды [199;50-56б]. 
Матвиевская тарапынан анықталған бағалау кезеңдері негізінде біз 
Қазақстандық білім берудың даму тарихында бағалау іс-әрекетінің қалыптасу 
кезеңдерін төмендегідей құрастыру орынды деп санаймыз: 
Кесте 11 - Қазақстандық бағалау іс – әрекетінің тарихи қалыптасу кезеңдері 
Бағалау іс – 
әрекеті кезеңдері 
Сипаттамасы 


Бастауыш 
діни 
білім кезеңі (VIII- 
XIIғғ). 
Бұл ғасырларда мұсылманша 
бастауыш білім беру орындары мен медреселер, діни білім беретін 
орындар жұмыс жасаған. Бұл медреселерде молдалар ұстаздық етіп, 
білімнің негізі тек құрандағы араб тіліндегі мәтіндерді жатқа білу, араб 
әріптері мен сөздерді жаттау ретінде жүргізілген. Шәкірттерді бағалау 
олардың есте сақтау қабілеттерін анықтау, дауыстық ерекшеліктерін 
айқындау мен шектелген. Бағалаудың басты мақсаты мұсылмандық 
жолында қызмет ететін, шариғат заңдарын білетін, құранды жатқа айта 
алатын шәкірт дайындау болған. 
Зайырлы білім 
кезеңі 
(XII 
– 
ХVIIIғасырдың 
соңғы жылдары) 
Бұл ғасырлар діни білімнің зайырлы білім мен бірге жүргізілуі мен 
ерекшеленеді.Діни білім болғаны мен медреселер дін жолын 
уағыздайтын пәндер мен бірге заңтану, тарих, құқық, философия, 
математика, риторика, астрономия, медицина қатарлы зайырлы 
пәндерінде оқытуға көшті.Бұл медреселерде тәлім алушылардың 
адамға өмір сүруге қажетті сол дәуірдің негізгі қажеттіліктері 
саналатын өзін – өзі қорғау, көсемдік, логикалық ойлау, танымдық 
қабілеттері бағаланды.Абу Наср Әл Фараби философиялық 
ойлары,Абай Құнанбаевтың ілім- білім алуға болған үндеулері бұл 
дәуірдің діни бағытқа қосымша зайырлы білімге болған 
қызығушылықтың оянуы және зайырлы пәндерді оқу үдерісіне енгізу 
мен ерекшеленеді.


69 
11 – кестенің жалғасы 
Орыс 
– 
қазақ 
мектептері 
аясында бағалау 
теориясының 
қалыптасуы 
(ХVIIIғасырдың 
соңы 
– 
ХІХ 
ғасыр). 
Бұл ғасырлар арасында ұлттық ерекшеліктерді сақтауға деген 
бетбұрыс қалыптасты. Бұл ғасырларда білім алушылардың тілді 
меңгеруі, пәндік білімдері,отан идеяларын жүзеге асыруға болған көз 
қарасы бағаланды. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі 
жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді 
дарыту болды.Медреселерде орыс тілі негіздері үйретілді
.
Бұл дәуірде 
Ы.Алтынсаринның қазақи білім беруді дамытуға қосқан үлесі орасан. 
Ы.Алтынсарин тарапынан құрылған мектептерде ғылыми білімге 
болған басымдылық жоғары болды.А.Байтұрсынов тарапынан бірінші 
қазақ әліпбиінің құрастырылуы ұлттық білімнің іргесі қаланып,білім 
алушылардың білімін дамытуға болған бетбұрыс орын алды.
Кеңестік бағалау 
теориясының 
даму кезеңі (ХІХ - 
ХХ ғасырлар). 
Бұл дәуір Қазақстандағы мектептердің қалыптасып, сапалы білім 
беруге көшуімен ерекшеленеді.Үздіксіз білім беруді жүзеге асыру 
мақсатында мектептік білім, арнайы орта білім, жоғары білім жүйелері 
қалыптасты.Білім сапасы Кеңес дәуірінің қалыптасқан бағалау жүйесі 
негізінде анықталды. Білім алушылардың білімінің тереңдігі, ойлау 
дағдылары бағаланды.Білім беруде гуманистік идеялар негіздері, 
тұлғаны дамытуға бағдарланған тұжырымдар пайда болды.Кеңестік 
білім жүйесінен бөлініп, ұлттық ерекшеліктерге негізделген мектептік 
білім беру жүйесін құруға болған ұмтылыс оянды. 
Тәуелсіз ой кезеңі 
(ХХІ ғасыр). 
Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары 
Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуы патриоттық тәрбие 
идеологиясы 
негізінде 
жүзеге 
асты.Жаңа 
ғасыр 
тұлғасын 
қалыптастыру мақсатында қазақстандық білім беру жүйесінде Кеңес 
дәуірінен қалған қалыптасқан 5 баллдық бағалау жүйесі өзгертілді. 
Құзыреттілікке бағдарланған жаңаланған білім мазмұны аясында 
критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енді. Білім алушылардың өзін 
өзі бағалау, өзін – өзі дамыту, жетістікке ұмтылу, сыни ойлау 
дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу, аргументтер арқылы 
көз қарасын дәлелдей білу қабілеттері бағаланатын болды. Рухани 
жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында білім беру жаһандық 
тәжірибелерге негізделіп, ұлттық болмыстың ерекшеліктерін кіріктіру 
арқылы даму бағытына көшті. 
Әдебиеттерді талдау барысында бағалау түсінігінің мазмұнынының бір 
келкі емес екендігін байқадық, бағалау ақпаратты жинақтау, талдау жасау, оны 
белгілі бір эталон мен салыстыруды өз ішіне алады.Бағалау түсінігі іс-әрекет, 
үдеріс ретінде, әрекет ретінде, әлеуметтік біліктер жиынтығы ретінде 
анықталады. 
Бағалау – құндылықтар негізіндегі шешім, пікір, білім алушылардың 
бағдарлама бойынша білімдерінің деңгейін және сапасын анықтау мақсатында 
іс - әрекеттің жүзеге асуы және нәтижесін эталон мен сәйкестендіру үдерісі 
[200;28]. 
Н.Ю Волковинская педагогтің бағалау іс - әрекетін зияткерлік әрекет деп 
түсіндіріп, бағалау іс-әрекетінің құрылымында жоспарлау, бағалау, баға қатарлы 


70 
үш компонентті анықтап көрсетеді. Бағалау өлшем нысанын эталон мен бағалау 
негізі мен сәйкестендіру, нәтиже шығару деп ұйғарады [201;20б].
Педагогтердің ішінде бағалау іс-әрекетінде жеке және әлеуметтік 
эталондарға сүйенетін педагогтер болады.Әлеуметтік нормативтік бағыт 
әлеуметтік нормалар, бағалау критерийлері ретінде қабылданған эталондар.
Бағалау салыстыру арқылы (педагог бір оқушының әрекетін және оның 
нәтижесін негізге алып, басқалардың нәтижесін салыстырады), және 
нормативтік (баланың жеке нәтижесі жалпы стандарт негізінде эталонға сәйкес) 
түрде жүзеге асады.Бұл жерде білім алушының тек бар білімі мен біліктері 
бағаланады.Білім алушының талпынысы, жеке ерекшеліктері назардан тыс 
қалады, сондай- ақ, оның ішкі көңіл күйі, оқудағы әрекетінің рационалдығы 
есепке алынбайды. 
Жеке нормативтік бағытты ұстанатын педагогтер әр бір білім алушы үшін 
өзіндік эталондарды қолданады.Білім алушының оқу барысындағы нәтижесі 
оның бұрынғы нәтижелерімен салыстырылып оның зияткерлік дамуының 
динамикасы анықталады.Бұл жағдайда педагог қолданатын негізгі критерий: 
жеке және тұлғалық.Педагог білім алушының алға ұмтылуындағы әр бір 
қадамын ынталандырып, мадақтап, оған кедергі болып тұрған немесе оның 
жетістігіне түрткі болған себептерге талдау жасайды.Білім алушының жеке 
ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріледі [202;440-441б]. 
В.А. Дегальцева педагогтің жеке бағалау жүйесінің төмендегі қызметтерін 
атап көрсетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет