Масимова хуршидам ташболатовна


бақылау кезеңі ұйымдастырылды



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
жетісітк бағалау

бақылау кезеңі ұйымдастырылды және өткізілді.
Бақылау кезеңінің мақсаты - ұйымдастырылған тәжірибелік жұмыстың 
нәтижесін талдау,зерттеу міндетінің тиімді шешімдерін тексеру,педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс- 
әрекетінің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін салыстырмалы 
түрде анықтау. 
Тәжірибелік – эксперимент кезінде біз ғылыми – педагогикалық 
зерттеулердің түрлі әдістемелерін қолдандық. 
Зерттеу жұмысымыздың бақылау кезеңінде педагогтердің біліктілікті 
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің даму 
деңгейінің сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау мақсатында біз сенімді 
әдістемелерді қолдандық, атап айтқанда: 
- Т.Элерстің тұлғаның жетістікке болған мотивациясын диагностикалау


192 
әдітемесі;
- В.В Синявский, В.А Федорошиннің коммуникативтік және 
ұйымдастырушылыққа бейімділікті анықтау әдістемесі ; 
- А.В Карповтың тұлға рефлексиясының даму деңгейін диагностикалау
әдістемесі. 
Тәжірибенің бақылау кезеңінде қайта жүргізілген сауалнамалар мен 
жоғарыда аталған диагностикалық әдістемелерді қолдану нәтижесінде 
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің даму 
деңгейі анықталды. 
Біз қолданған әдістемелер педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің даму деңгейінің қай деңгейде екенін, қандай 
қиындықтар мен кемшіліктердің бар екенін анықтауға мүмкіндік берді. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту тәжірибелік – экспериментіне 95 
педагог қатысты.
Оның ішінде эксперимент тобына - 46, бақылау тобына – 49 педагог алынды. 
Жұмысымыздың 2.4 тармақшасында қалыптастырушы эксперимент 
жүргізу үшін педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін дамытудың көрсеткіштері мен өлшемдері анықталған болатын. 
Эксперименттік 
жұмыстың 
үшінші 
кезеңінде 
педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту бағдарламасы мен 
әдістемесі тәжірибеге енгізілді. 
Төменде эксперименттік жұмысымыздың анықтау кезеңі мен бақылау 
кезеңінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде берілді.
37- кесте.Соңғы бақылау кезеңінде педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетінің мотивациялық – мақсаттық компонентінің 
даму деңгейлері мен көрсеткіштері. 
Қалыптасу 
деңгейлері 
Анықтау эксперименті 
Бақылау эксперименті 
Эксп.топ (46) Бақылау 
тобы 
(49) 
Эксп.топ (46) 
Бақылау тобы 
(49) 

педагог % 
педагог % 
педагог % 
педагог 
Жоғары 
26,1 
12 
26,5 
13 
45,6 
21 
22,4 11 
Орташа
52,2 
24 
51,1 
25 
41,3 
19 
55,1 27 
Төмен 
21,7 
10 
22,4 
11 
13,1 

22,4 11 


193 
43- сурет. Соңғы бақылау кезеңінде педагогтердің бағалау іс - әрекетінің 
мотивациялық – мақсаттық компонентінің даму деңгейлері мен көрсеткіштері. 
Кестеде көрініп турғандай анықтау және бақылау кезеңіндегі педагогтердің 
мотивациялық – мақсаттық компонентінің даму деңгейлерінде айтарлықтай 
айырмашылық байқалады. Егерде тәжірибеге дейін эксперименттік топтың 
жоғары деңгейдегі көрсеткіші 26,1% құраған болса, тәжірибеден кейін 45,6 % 
дейін көтерілген. Демек бұл, педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруға болған құлшынысы және бағалау үдерісінде 
өздерінің бағалау іс – әрекетін дамытуға болған ұмтылысының арта түскендігін 
көрсетеді. 
Педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың мазмұндық компонентінің даму 
көрсеткіші төмендегідей нәтижелерді берді: 
38-кесте. Соңғы бақылау кезеңінде педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетінің мазмұндық компонентінің деңгейлері мен 
көрсеткіштері.
Қалыптасу 
деңгейлері 
Анықтау эксперименті 
Бақылау эксперименті 
Эксп.топ (46) Бақылау тобы 
(49) 
Эксп.топ (46) 
Бақылау тобы 
(49) 

педагог % 
педагог % 
педагог % 
педагог 
Жоғары 
22,0 
10 
24,4 
12 
65,2 
30 
24,5 12 
Орташа
52,0 
24 
47,0 
23 
28,2 
13 
49 
24 
Төмен 
26,0 
12 
28,6 
14 
6,5 

26,5 13 
0
10
20
30
40
50
60
Эксп.топ(46)
Бақ.тобы (49)
Экс.топ (46)
Бақ.тобы (49)
26.1
26.50
45.6
22.4
52.2
51.1
41.3
55.1
21.7
22.4
6.5
22.4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет