Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
жетісітк бағалау

Объективтік – баға оқу материалын игерудің (білу,тану,елестету,есте 
сақтау, түсіну,мәселені шешу) нақты деңгейін көрсетуі қажет; 
Жекелік – әр бір оқушының білім деңгейін жеке – жеке бағалау; 
Дәлелділік – баға – ынталандырушы және сенімді болуы қажет. 
Ашық – жауаптардың бәрі интерпретациялануы қажет [210;183б]. 
Бағаның дәлдігі және нақтылығы мақсатқа жетуге деген іс-әрекеттің 
рационалдығын анықтайды.Әмбебап оқу әрекеттері білім алушылардың оқу- 
танымын кемелдендіру, оларды жан – жақты еңбек және шығармашылық 
жұмысқа белсенді жұмылдыру,білімін тереңдету, нақтылау мақсатында 
бағалануы қажет.Баға бағалау нәтижесі ретінде шартты балдар (белгілер), 
вербальді белгілер (сынақтан өтті, өтпеді),бағалаушылық пікір («жарайсын», 
«бір аз дайындалуың қажет», «тапсырманы керемет орындадың»), символдық 
(жұлдыздар, гүлдер, смайликтер) ретінде болуы мүмкін. 
Волковинская бағалау іс - әрекетінің белгілерін келесідей көрсетеді: 
- Бағалау іс - әрекетін құрылымдық байланыста жоспарлау (бағалау 
әрекетінің пәнін анықтау,бағалау негізін анықтау т.б) ,бағалау (нақты нәтижені 


75 
жоспарланған нәтиже мен сәйкестендіру,анықтау), және баға символдық 
(бағалаушылық пікір формасында бағалау нәтижесін түртіп алу); 
- бағалауға білім мен таным негіз болады, анық емес нәрсе бағаланбайды; 
- бағалау іс -әрекетінің нысаны – субъекттердің (оқушы, педагог, ата – ана) 
білім, білік, қабілеттерінде көрініс табатын іс - әрекеті ;
- бағалау іс - әрекетінің пәні нормативтік нәтиже мен сәйкес келетін 
субъекттің іс - әрекеттерінің нәтижесі; 
- Бағалау іс - әрекеті қажеттіліктер, бағалаушы субъекттің мотивтерімен, 
оның тәжірибесімен т.б жағдаяттық факторлар мен ескеріледі; 
- Бағалау іс - әрекеті алгоритм емес, және бағалау іс - әрекеті 
субъекттерінің жеке ерекшеліктеріне, үдеріске тәуелді.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық кезеңінде талданған педагогикалық – 
психологиялық, философиялық ғылыми еңбектер біздің педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің мақсатын төмендегідей 
тұжырымдауымызға негіз болды: 
Педагогтердің бағалау іс - әрекетінің мақсаты – күтілетін нәтижеге жету 
үшін оқыту үдерісінде үздіксіз кері байланыс жүргізіп, қиындықтар мен 
кедергілерді, жетістіктерді анықтау, білім алушылардың психологиялық
ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жетістікке жетуіне ықпал ету, білім 
сапасын арттыру. 
Біз педагогтердің бағалау іс – әрекетінің теориялық негіздерін талдай 
отырып, педагогтердің бағалау іс-әрекетінің құрылымын төмендегідей 
құрастырдық: (Сурет 13) 


76 
Сурет 13 - Педагогтердің бағалау іс – әрекетінің құрылымы 
Педгогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетінің 
қызметі, принциптерін анықтауда, аксиологиялық, акмеологиялық, жүйелілік –
іс- әрекеттік, синергетикалық тұғырларға сүйене отырып, біз педагогтің бағалау 
іс - әрекеті ынталандырушы, дамытушы, диагностикалық, кері байланыс 
білім алушылардың құзыреттіліктерін дамытуға,оқу 
жетістіктерін бағалауға, құндылықтарға тәрбиелеуге, 
білім беру бағдарламаларындағы оқу мақсаттарын жүзеге 
асыруға, білім алушыларды күтілетін нәтижеге жеткізуге 
болған ұмтылыс. 
Өзін – өзі 
дамыту 
Өз білімін жетілдіру 
Мақсат 
– білім беру саласында қабылданған нормативтік – 
құжаттарда бекітілген мақсат, міндеттерді жүзеге асыру, 
білім алушылардың жетістік деңгейлерін анықтау 
олардың жетістікке жетуін қамтамасыз ету. Қоғам 
талаптарына сай құзыретті тұлға қалыптастыру,білім 
сапасын арттыру.
Бағалауд
ы жүзеге 
асыру 
жолдары
бағалау мақсатын анықтау, критерийлерді құрастыру, 
тапсырмаларды дайындау, дескрипторлар құрастыру, 
әр тапсырмадан кейін кері байланыс орнату, бағасыз 
бағалауды жүзеге асыру, нәтижені анықтау, түзету 
енгізу.
Нәтиже
– педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы, оқыту 
үдерісін жүзеге асыру бойынша нақты түсінігінің 
қалыптасуы,оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
бойынша біліктерінің қалыптасуы,өз кәсіби 
мүмкіндіктеріне деген сенімділік т.б.
Мотив 
(уәж) 
Рефлексия 
Өз жұмысының нәтижесін талдау,өз бағалау іс - 
әрекетінің кемшіліктірін түзету, жетістіктерін жақсарту 
жолдарын айқындап,жетістікке жетудің тиімді жолдарын 
анықтау 

Пе
да
гог
те
рд
ің 
ба
ға
ла
у 
іс 
– 
әре
ке
тіні
ң 
құ
рылым
ы


77 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет