17-лекция
Тақырыбы: Депозиттік операциялар есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
1. Депозиттік операциялар туралы түсінік
2. Депозиттерді сақтандыру қорлары
3. Депозиттер т‰рлері
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған кар-жыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
-
банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
-
басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
-
депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар - бұл занды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк ездері дайындаған депозиттік саясатты үстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
-
депозиттік операциялар банктің пайда табуьша немесе бола-шақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
-
депозиттік операцияларды үйымдастыру үдерісінде депозит-тік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозит-тердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
-
депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
-
депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
-
депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
-
депозиттерді тартуға эсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсак және шағын банктер үшін депозиттер акша каржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылык делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша каражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пай-даланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
-
мерзімді депозиттер;
-
талап етілмелі депозиттер;
-
жинақ салымдары;
-
бағалы қағаздар.
Бірінші топ - талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жас-алады (1-қосымша). Чектік депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға кұкы беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың кауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу карапайымдылығымен түсіндіріледі. Соны-мен қатар олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп опе-рациялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткілікті баланстык қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
-
ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
-
ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы мүмкін;
-
шот иесі банкке тұрақты айлык мөлшерде немесе әрбір жа-зылған чек үшін коммисия төлеуі;
-
Үлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық опе-рациялары есептелетін контокоррент - Ырыңғай шот болып табы-лады. Контокоррентте банк карыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррент™ шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиен-ттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шыгындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келісімге сәйкес анықтал-ған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт - банк пен клиент арасындағы келі-сімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді: Овердрафт ағымды шоты жеке және занды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің баска бір түрі - нау-шоттар - пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, чғни ол қалкымалы болуы мүмкін. Супериау-шоттар - бұл қолма-қол ақшаны қолдану шот-тары, оларды ашу қызметтер кешенін үсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі - автоматтык аудару шоттары (ATS-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша каржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мүндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырыл-ған чектер - банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен катар, чекті банк кызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит қүрайды. Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көтеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыла-рының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары колданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты "тазартады" (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылык кұралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге, яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.
^Жөптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық баланс-ты үстануды талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет. Компенсациялык баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа кұнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді. Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді ұсынады.
Депозитің келесі тобы - жинак салымдары. Жинақ депозит туралы келісім (2, 3-қосымша) негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.
Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
-
кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
-
банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге қүқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
-
шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
-
салым иесінің шоттан акша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын үсыну міндеттемесі;
-
шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмүны туралы талаптардың болмауы.
Жинак салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы шоттарға ұксас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңцік жазбалар жазбаның жүргізілу түрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтык пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтын-дығын есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:
-
бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
-
салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
-
бастапқыда бүл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құкылы;
-
осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуга қүқылы;
-
бүл шоттар кызмет жасау мақсатында емес, жинақ максатында қолданылады;
-
банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады;
-
егер салымшылар - корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең тараған топтардың бірі - мерзімдік салымдар, оған мер-зімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғүрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғүрлым үлкен пайыз алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келісген мерзім агымында толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалынады ( 4.5- қосымша).Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:
-
30 күннен 89 күнге дейін;
-
90 күннен 179 күнге дейін;
-
180 күннен 359 күнге дейін;
-
360 күннен жоғары.
Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын хабарланған салымшының арнайы өтінішінін түсуі талап етіледі, оның мерзімі келісімде көрсетіледі. Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшер белгіленеді. Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістерді ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа коз есебінен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы.
Депозиттердің тертінші тобы - бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді:
-
аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кооперативтің, акционерлік коғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;
-
сақтаудағы және қарызды камтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
-
шетел операциялары бойынша қүндылықтар мен қүжаттар (шетел валютасындағы аккредитивтер);
-
депозиттік сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар каржылық қүралдардың ең бір кен тараған түрі. */ Депозиттік сертификат - эмитент банктің ақша қаржылары-ның сальгмы туралы, сальшшы немесе оның құқық қабылдаушы-ның мерзімі аякталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу күкын куәландыратын жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат - кірісті бағалы кағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем кұжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын үсыну - цессия, ол депозиттік сертификаттың сырткы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді: өз қүқын ұсынушы тұлға - цедент пен күқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және каржы түсетін шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету қүқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті түлғалар аты-жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді.
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
-
жолданбайтын - салымшыда сакталады және төлем мерзімі жеткенде банкке ұсынылады;
-
жолданатын - екінші нарықта сатылуы немесе басқа түлғаға өтуі мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзімге тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда сертификаттарды тез қолма-крл ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
• Шығарылуы бойынша:
-
бір рет;
-
сериямен шығарылатын.
• Рәсімдеу тәсілі бойынша:
• Төлеу шарттары бойынша:
- Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанга дейін пайыздық
мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар;
- сертификат™ өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның баска түрлеріне немесе талап етілмелі депозиттеріне колма-қолемес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалык тәсілмен шыға-рылуы және осы сияқты бағалы қағаздарга қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
-
аты;
-
сертификат™ ұсыну себебі;
-
ұсыну күні;
-
салым сомасы;
-
депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;
-
сертификат сомасын талап ету күні;
-
пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;
-
эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін);
-
банк мөрімен бекітілген, осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі түлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз серти-фикаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндет-темелерді назарға алады:
-
инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
-
салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
-
пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмін;
-
шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.);
-
номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
-
кең жарнаманы.
Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салым-дармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
-
сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржы-лық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвес-торлар ауқымы кеңейді;
-
екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сак-таган мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етіл-мелі шоттары мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сиякты табыс салығы салынбайды.
Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.
Депозиттерді қорғау жүйесі Үлттық банк тарапынан коммер-циялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Үлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жал-пылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшырған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан кұтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сактандыру жарналары жетіспеген жағдайда мемлекеттік бюджет каржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазакстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жүмысы жүргізілді. 1999 жылы кара-шада екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті үжымдык кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі" банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге қүрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор кұрылтайшысы -Қазақстан Республикасыньщ Үлттьщ банкі, ал оның мақсаты -депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынган жеке тұлгалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысьгның ең басында катысу-шылар болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, каржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Үлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.
Қор Үлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орна-ластыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің кызметі соңғы есеппен табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болған.
Қор каржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. Кепілдеу объектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйакы пайызы) бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері белгіленіп, қайтару міндеттемесін қор кепілдеген:
2001 жылдың 1 шілдесінен:
-
теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
-
доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
-
2001 жылдың 1 қазанынан:
-
теңгеде жылдык есеппен 14 пайыз;
-
доллар және еурода жылдык есеппен 8 пайыз.
Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары міндетті түрде салым кай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.
Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін тө-леп отырады, олар келесідей көлемде:
Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:
Теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың теңгеден артык емес, сондай-ак қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта каржыландыру мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейін есептелген сыйақы мөлшері.
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бірак 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады.
Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер) бір салым түрі ретінде қарастырылып, анықталған ере-желерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.
Салымшы өзінің әр түрлі валютада салған мерзімді салымы бойынша төлемдерді қайтару кезегін өзі анықтауға құқылы.
Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал калганы қор есебінен қарызға алы-нады. Қор өз несиесін таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауапты-лық, соның ішінде қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу қүқығы қарастырылған.
Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына Үлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0.125 пен 0.375 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі 2002 жылғы №136 ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлға-лардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесімен кепілденеді.
Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі - бү-гінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен қатар құралдар тізімі, қорға инвестиция-лауға болатын ұлғайту жүмыстары жүргізілуде.
Үжымдық сақтандыруға халықаралық стандарттарға өту бо-йынша бірінші топқа енетін банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелеріне қойылатын талаптарға жауап берілген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы банктердің бірі ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық ақпараттар бекітілген тізімге сәйкес қорға жолдануы тиіс.
Барлық банктер ұжымдық сактандыруға қатысуға тырысады, өйткені сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерінің жарғылық капиталынан аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мұндай шектеу крйылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесінен еркін шыға алады.
Шетелдік тәжірибе елде қалыпты жүмыс істейтін банктік жүйе қалыптасқанда ғана депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет ету мәні бар екенін көрсетеді.
Барлық дамыған елде депозиттерді сақтандырудың бір немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктік ассоциа-циясы ассоциациясының қатысушы-банктердің клиенттеріне жинақ салымдарын және 30 мың Швейцария франкіне дейінгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепілдік береді. Егер банкке карсы күйзеліс процедурасы басталса, аталған сома са-лымшыға бірден төленеді.
Францияда бір салымшыға кепілдік 400 мың француз франкін құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзімдік аманаттар кепілдікке жатқызылмайды. Сонымен қатар бір банкке қатысты депозитті 200 млн франктен аспайтын жалпы кепілдік шегі бар. Франция банктерінің ассоциациясы сақтандыру төлемі түріндегі қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоциация мүшелерімен Франция банктік жүйесіндегі олардың меншікті депозиттерінің мөлшеріне үйлесімді жүргізіледі.
Германияда неміс банктерінің федералдық ассоциациясы жетек-шілігіндегі депозитті қорғау қорына кіру ерікті сипатта. Аталған қорға қабылданудың міндетті шарты неміс коммерциялық банктерінің аудиторлық ассоциациясына мүше болуы. Ол банктерді жиі аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару біліктілігіне және пайдаға катысты талаптарды сақтауға міндеттейді. Жыл ішінде корға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық міндеттемелерінің 0,03 пайыз құрайды.
Жапония, Испания, Канада, ¥лыбритания және АҚШ-та депо-зиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Соны-мен қатар Испания, Голландия және Үлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттілі-гіне және қор көлемінің жоспарлы деңгейіне жеткенге дейін енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейді.
Канада банктерінің депозиттерді сақтандыру бойынша Канада корпорациясына төлейтін сақтандыру жарнасы банкте орналас-тырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың канада долларына дейінгі көлемде сақтандыру есебінен клиенттердің барлық салымдары өтеледі.
Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бір салымшыға 10 миллион жапон йеніне дейінгі көлемде өтеледі. Сақтандыру қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлігінен, Жапон банкінен және жеке меншік банктерден енгізілген. Банктердің қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының - 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктік секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерілген.
Депозиттерді сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейін ал 1991 жылы - 0,15 пайызға дейін өсті. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктік салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиіс.
Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек қою себептері неде? Біріншіден, депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік болып табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлі мүмкін болатын қосымша шығын-дарын төмендету мақсатында, банктердің кепілденген міндеттемеле-ріне шектеу қойылады. Мысалы, АҚШ-та депозиттерді сақтандыру жүйесінде депозиттер эр жеке шотта 100 мың АҚШ долларына дейін сақтандырылады, алайда бір салымшы көрсетілген сақтау сомасы көлеміндегі бірнеше шоттың иесі болуы мүмкін. Екіншіден, депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік емес елдерде сақтандыру төлемдерінің үлкен болуынан банктер өздері күйзеліске түскен банктердің барлық карыздарын өтеуге қабілетті болмауы мүмкін.
Банктің жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизмі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктік құпия - құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпараттың жеке түрі. Біздің республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған.
Соңғы кездері ел экономикасына тұрғандардың бос ақша қаржыларын тартудың депозиттерді сақтандырудан баска тәсілде-рінің бірі ретінде капиталдяр амнистиясы ұсынылады.
Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрі дамуына эсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екі топка белуге болады. Бірінші топты Қазақстан Республикасының Үлттық банк жүргізіп отырған акша-несиелік саясатынан шығатын факторлар кұрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшер-лемесін және басқаларды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |