“Математика-Экономика” факультеті



бет8/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

Есеп айырысу чек кітапшаларының чектері занды тұлғалар арасында өзара есеп айырысу үшін қолданылады.

Аманатшының чек кітапшасы жеке тұлғалардың олармен ақшасыз есеп айырысуы және нақты ақша алуы үшін қолданылады. Чектік кітапша егер клиентке банктен алты айдан кем емес уакыт қызмет көрсетілген болса және банк клиенттің әділдігі мен жауаптылығына сенімді болуына негіз болғанда ғана беріледі.

Қазақстан Республикасында чек беруші барлық банктің чектері қабылдауы мен төлеуіне және клиенттеріне тиесілі. Чек бланктері ҚР ¥лттық банктің өндірістік кәсіпорындарында дайындалады. Қауіпсіздік деңгейі Үлттық банкте бекітіледі.

Банк өз клиентіне чектерді ұсынбас бұрын, оны толтырып, келесілерді қоюы қажет:


  • чектің жоғарғы сол жағында банктің аты және (банк атымен қатар фирмалық белгісі қойылуы мүмкін) мекен-жайы, ал егерде чекті банк филиалы беретін болса, онда филиал аты және чектің жоғары он, жағынан филиалдың мекен-жайы жазылуы керек;

  • чек берушінің дербес шотының нөмірі. Ол чектің төменгі бөлігінде тиісті орында, сондай-ақ чек мәтінінде қойылуы керек;

-/ занды тұлға аты немесе жеке тұлғаның аты-жөні, шот нөмірлері. Бұл деректер чектің төменгі сол жағында жазылады;

- чектің сыртқы жағында жазбаның шекті сомасы. Ол үшін


чекке байланысты жарияланған тұтынудың және депонирленген
сома көлемінде бір чектің лимиті анықталады. Оның әрқайсысының
сыртында және оған берілетін сәйкестендірме карточкада банк бір
чектің лимит мөлшерін көрсетеді.

Банк клиентке чекпен қоса сәйкестендірме карточка (чектік карточка) ұсынады.

Чектік карточка клиентке санына қарамастан чек берілген әр кезекте бір данада беріледі және әрбір берілген чек бойынша чек берушіні сәйкестендіреді.

Егер кезекті чек беру кезінде лимит сомасы чек кітапшасында бұрын көрсетілген сомадан аспаса, онда жаңа чек кітапшасы беріл-меуі мүмкін.

Карточкада мынадай деректер болуы қажет:

• Оң бетінде:

а) банк аты және оның мекен-жайы;

б) «№ чектік карточка» атауы;

в) жеке тұлғаның аты-жөні және заңды түлға аты;

г) чек берушінің қолы;

д) чек берушінің төлқүжат деректері. Чек карточкасына
төлқүжат деректерін қою жеке тұлғалар үшін міндетті;

е) чек берушінің шот нөмірі.

• Сыртқы бетінде:

Бізге трасталған келесі жағдайларды сақтағанда чек төлеміне кепіл береміз:

а) чек оның сыртқы бетінде және чек кітапшасында
көрсетілген сомадан аспайтын сомаға жазылуы керек;

б) чек беруші қолы чек кітапшасында берілген қол үлгісіне


сәйкес келуі тиіс:

в) чекте көрсетілген чек берушінің шот нөмірі, чек


карточкасында көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс;

г) чек берушіні сәйкестендіру оның төлқұжаты деректерін чек


карточкасында берілген деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі;

д) чек жазылған күннен 10 күн ішінде төлемге ұсынылуы тиіс;

е) чек, онда көрсетілген толық сомада, ешкандай комиссиясыз
төленуі тиіс;

ж) банктің жауапты қызметкерлерінің қолы және мөрі болуы


тиіс.

Чектерді қолданып төлем жасау және басқа да операциялар тәртібі төмендегідей. Чек беруші заңды тұлға жазған чектерге чек кітапшасын жүргізген өкілетті түлғалардың қолы қойылып, чек беруші мөрінің таңбасы басылуы тиіс.

Чек ұстаушы чекті төлеуге қабылдап түрып чектің чекті төлеуге кабылдау туралы чек үстаушының белгісі деген бағанына және оның түбіртегіне аты-жөнін, сондай-ак қолын (жеке тұлғалар үшін) немесе мөр-таңбасын немесе чек ұстаушының атауы көрсетілген мөрін және чек үстаушы өкілеттік берген адамның қолын (занды тұлғалар үшін) қояды. Заңды түлғалар арасында чектермен төлем жасалғанда «мәні» деген баған төлем тапсырма-сындағы осы деректерге қойылатын талаптарға сәйкес толтыры-лады. Жеке тұлғалар арасында чектермен толем жасалғанда «мәні» деген бағанды толтыруға болады, ал қалған бос орын түтас сызықпен сызылады.

Чекте түзетулер және жөнделген жерлер болса, чек жарамсыз деп саналады. Чек бланкін толтырған кезде чек беруші қате жіберіп қойса, онда осы бланкте және оның түбіртегінде чек беруші «бүлінгенң деп жазып, күнін және крлын қоюға тиіс. Чек беруші жазып берген чекті чек үстаушыға беру үшін түбіртегінен айырады, чек ұстаушы чектің дұрыс толтырылғанын тексеруге мін-детті. Чекте түзетулер мен жөндеулердің болған-болмағаны, чек деректемелерінің дүрыс толтырылуы, чек түбіртегіндегі шығарылған қалдықтың дүрыстығы, чек түбіртегінің нөмірленуі тексеріледі. Сондай-ақ жеке куәлік немесе оның орнын ауыстыратын құжат бойынша чек жазып берген түлғаның жеке басының кім екеніне көз жеткізуге, чек берген адамның қолын чек кітапшасының сыртқы бетіндегі қолдың үлгісімен салыстырып тексеруге тиіс.

Чектің қолданылу мерзімі оны жазып берген күнді санамағанда, жазып берген күннен бастап күнтізбелік 10 күн болады. Чекті чек ұстаушы оны жазып берген күні қабылдап алады және чек ұстаушы чекті чек берушінің банкіне немесе чек ұстаушының банкіне ұсынады. Чек бойынша жартылай төлем жасалған жағдайда чек үстаушының банкі немесе чек берушінің банкі осындай төлем туралы чекте белгі жазып, чек үстаушыга чек бойынша соманың қалдығына қолхат беруге тиіс.

Чек берушінің банкі немесе чек ұстаушының банкі чекті төлеуге ұсынғанда қолма-қол ақша берген жағдайда чек үстау-шыдан осы чекті және ақша алганы туралы колхат талап етуге тиіс. Чек ұстаушы немесе чек берушінің банкіне ұсынылған чектерді өкілетті түлғалар олардың деректемелерінің дұрыс толтырылуы және олардың қолдану мерзімінің сақталуы жөнінде тексереді. Банк төмендегі себептерге байланысты чекті қабылдаудан бас тарта алады:



  1. жазумен жазылған сома санмен жазылған сомаға сәйкеспесе;

  2. чектің қолданылу мерзімі өтіп кетсе;

  3. чекте түзетулер және/немесе жөндеулер болса;

  4. чектегі жазу мен сияның түсінде айтарлықтай айырмашылық болса;

  5. чекте бір немесе бірнеше қорғау дәрежесі болмаса;

  6. чек деректемелерінде қателіктер болуы;

  7. чекте қойылған қол мен күжаттағы чек берушінің қойған қолының үлгісі (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына иелік етуге өкілеттік берген тұлғаның крл үлгісі/және чек берушінің мөртаңбасының сәйкеспей қалуы; ,/-

' 8) жабатын соманың (жабылган чектер бойынша) жетпейтіндігі, несйе сомасының асып кетуі (жабылмаған чектер бойынша) немесе кепілдік сомасының асып кетуі (кепілдігі бар чектер бойынша);

9) жалған немесе ақауы бар чектің табылуы;

10) чектерді пайдалану туралы шарттарда көзделген басқа
себептер.

Талаптарда бұзып жазылған, сондай-ақ деректемелерді толтыр-ғанда кате немесе/және түзетулер жіберілген чектер ақауы бар деп саналады және оларды банктер қабылдамайды.

Чектер мына жагдайда жалған деп саналады:


  • төленуге ұсынылған чек осы чекте көрсетілген банк бермеген чек кітапшасынан жазып берілсе;

  • чек бланкі қойылатын талаптарга сәйкес болмаса;

  • чек берушінің немесе чек беруші өкілеттік берген тұлғаның қойған қолы құжаттағы чек берушінің койған колының үлгісімен (жеке тұлғалар үпіін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген адамның қойған колының үлгісімен бірдей болмаса;

  • чек берушінің мөрінің бедері (егер бар болса) күжаттағы чек берушінің мөрінің (заңды тұлғалар үшін) бедерінің үлгісімен сәйкеспесе, жасанды немесе ақауы бар чек табылған жағдайда банктің өкілетті түлгасы бұл хуралы банк бухгалтеріне сол мезет-те жеткізуге міндетті.

Мұндай жағдайда олар жалған немесе ақауы бар чек та-. былғаны туралы акт (14-қосымша) жасайды. Акт бекітілген нысан-да 4 данада толтырылады және банктің немесе оның филиалының жетекшілері бекітеді. Актінің бірінші данасы банкте калады. Екінші данасы жалған чекті қоса бірден ішкі істер органына жіберіледі. Бұл кезде жалған чектің көшірмесі алынып, сыртқы бетінде анық-тау және тергеу органдарының өкілетті лауазымды тұлғаларының қолы қойылады. Бас бухгалтер чектердің клирингі бойынша таза позиция1 шығарғанға дейін телефон немесе байланыс қүралдары арқылы клиринг палатасына жалган немесе акауы бар чектердің табылганы туралы тез хабарлауға тиіс, хабарлағанда осындай чектердің мәліметтерін және олардың клиринг палатасына тапсы-рылған жазбаша тізбесін көрсетеді. Клиринг палатасы банктен жогарыда көрсетілген хабарды алысымен аталған чектер бойынша ақпаратты өңдеу үрдісін сол мезетте тоқтата тұруы тиіс.

Егер айырма жағымсыз болса, онда клирингке қатысушы дебе-ттік таза сальдоға, егер жағымды болса кредиттік таза сальдоға ие болады. Күн ішінде актінің бір данасы күн қорытындысы бойынша ақпаратты есептемеу үшін клиринг палатасына жіберіледі. Жалған чектің куәландырылған көшірмесі және төртінші данасы чек берушінің банкіне жолданады.

Акауы бар чек актінің екі данасымен чек үстаушының банкіне немесе жалган чек табылган күннің ертеңгі күнінен кешіктірілмей чек ұстаушының өзіне жіберіледі. Чек үстаушы банк немесе чек ұстаушы қайтарылған ақауы бар чектер мен жалған чектердің көшірмелерін қоса тіркелген актілерімен бірге қабылдауға міндетті. Чек кітапшасының қолданылу мерзімі бітер кезде немесе чек

Таза позиция - бұл клирингке барлық катысушылардың ақшалай міндеттемелер бойынша төлем күжаттары сомасыныц арасындағы бір катысушыға катысты және аталган қатысушының клирингтің қалған қатысушыларына қатысты ақшалай міндеттемелер бойынша телем құжаттары сомасы арасындағы айырма. беруші чектерді пайдаланып одан әрі операция жүргізуді тоқтатарда чек кітапшасындағы^ сома бойынша калдық қалса, ол оларды чек берушінің банкіне т^псыруға міндетті, жабатын соманың қолда бар қалдығын банк чек берушіге қайтаруға, соңғысы чек кітапшасын қайтаруға тиіс. Чектер қолдану туралы келісімде көзделген жағдайда чек кітапшасындағы соманың қалдығын баланстық шотқа сақтауға және жаңа чек кітапшасының сомасын белгілегенде есепт-еуге болады.

Чек кітапшасын қайтарғанда немесе толық пайдаланғанда чек кітапшаларын тіркеу журналында тиісті белгі жасалады. Чектерді толық пайдаланып, чек сомасы бітпеген жағдайда, клиентке со-маның қалдығына жаңа чек кітапшасын беруге болады. Чек кітапшасы жоғалған жағдайда, чек беруші бұл туралы чектердің қолданылмаған нөмірлерін көрсете отырып, чек берушінің банкіне тез арада хабарлауы тиіс. Мұндай чектердің деректемелері чек беруші банкінен басқа банктерге және клиринг палатасының на-зарына жеткізілуі тиіс. Егер зиянкестік немесе төлеушінің абайсыз-дығын пайдалану мақсатында чектің төленгендігі дәлелденбесе, жоғалған немесе ұрланған чектер бойынша төлеушіден (банктен) болған зиян чек берушіден өндіріледі.

Жоғарыда аталғандар, чек айналымында банктер арасындағы бір-біріне деген түсінбестігін туғызады. Мысалы: А. банкінің клиенті, Б. банкінің сол қаладағы клиентіне 550000 теңге көлемінде чекпен төледі. Ол чекті Б. банкі инкассоға тапсырды. Бір мезетте Б. банкінің клиенті А. банкі клиентінің есебіне 540000 теңге көлемінде чек жазады және соңғысы ендіріп алу үшін өз банкіне жолдады. Бұл кезде өзара келесі талаптар туындайды:

А. банкі Б. банкіне 550000 тенге, Б. банкі А. банкіне 540000 теңге төлеуге міндетті. 540000 теңгені екі жақ та өзара есепке алып, 10000 теңге төлеумен шектелуіне болады. Тәжірибеде мұндай есеп үлкен техникалык қиындықтармен байланысты, өйткені үлкен каржылық орталықта ондаған және одан да көп банктердің бір-біріне талаптары бар. Бұл кезде арнайы есеп айырысу ұйымының кажеттілігі туындайды, сол себепті банктердің бір-біріне өзара талаптарын орындайтын клирингтік ұйымдар кұрылады.



Клиринг ұйымьг Қазақстан Республикасының зандылығына сәйкес құрылтай қүжаттары негізінде қүрылады және клирингтік қызмет лицензиялауға жатады. Клирингтік операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтату және жою Үлттық банктің нормативтік- Клиринг ұйымы - Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің клиринг операциясын жүзеге асыру лицензиясы негізінде клирингті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым.

кұқықтық актілерімен бекітіледі. Лицензия алу үшін клиринг ұйымы ¥лттық банктің нормативтік-құқықтық актілерінде қаралған банк операцияларын лицензиялау мәселесін реттеуші құжаттарды Үлттық банкке ұсынуы тиіс, сондай-ақ келесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:



  • клирингті жүзеге асырудың экономикалық негізі;

  • клиринг ұйымының жоғары басқару органында бекітілген клирингті жүзеге асыру ережесі;

  • клиринг қатысушыларымен типтік келісім;

  • клирингті жүзеге асыру үрдісінде қолданылатын бағдарлама, техникалық кұралдар туралы мәліметтер.

Клиринг ұйымы мен клиринг қатысушылары1 арасындағы қатынас келесі міндетті шарттардан құрылатын келісіммен бек-ітіледі:

  • төлем қүжаттарымен және басқа да төлем туралы акпараттар алмасу тәсілі және тәртібі;

  • клирингті жүзеге асыру және оның нәтижесі бойынша ақша аударымы кезіндегі қатысушылардың күқы мен жауапкер-шіліктері;

  • ақпарат құпиялығының шарттары және оны сақтамағаны үшін жауаптылық;

  • клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымын жүзеге асыру тәртібі және мерзімдері;

  • клирингті жүзеге асыру және оның нәтижесі бойынша ақша аударымы кезінде қолданылатын тәуекелділікті басқару әдістері;

  • өз міндеттемелерін орындамаған клиринг қатысушыларына колданылатын эсер ету шаралары;

  • клирингті жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерін орындамаған клиринг ұйымының жауаптылығы.

Клиринг үйымы мен клиринг қатысушысы арасындағы келісім-де Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшы келмейтін басқада шарттар көзделуі мүмкін. Чектердің негізгі клирингін жүзеге асыру тәртібі бойынша басында чек клирингіне қатысушы банктер тіркеледі, одан соң оның өкілдері өздеріне бөлінген орындарға жайғасады, өкілдер пакет алмасады және өздерінің қолын қойып тізбелерді және жалған (ақауы бар) чектерді анықтау туралы актілерді куәландырады, клиринг ұйымының кьізметкер-

Клиринг қатысушылары - клиринг ұйымымен клирингке қатысуға ке-лісімге отырған, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар. Одан соң қатысушы банктер және клиринг ұйымы арасында құжат алмасу аяқталады, чек алмасу бойынша қорытынды анықталып, чектердің негізгі клирингіне қатысушы банктердің таза позициясы аныкталады. Клирингке катысушылар-дың таза позициясын аныктау барлық катысушылардың төлем құжаттары бойынша ақшалай міндеттемелерін клирингтің бір қатысушысына қатысты және клирингтің аталған қатысушысының ақшалай міндеттемелер бойынша сомаларын клирингтің қалған қатысушыларына қатысты анықталады. Клиринг қатысушыларының таза позицияларын анықтау кезінде барлық қатысушылардың дебет-тік және кредиттік таза позициялардың сомалар айырмасы нөлге теңесуі керек. Егер барлық кредиттік және дебеттік таза позициялар бір-біріне теңеспесе, клирингтік ұйым аталған сома-лардың сәйкеспеу себебін анықтап, клиринг қатысушыларының таза позицияларының қайта есебін жүргізеді.

Барлык осы рәсімдерден соң «Чектер клирингінің нәтижесі» деген клиринг есебі толтырылады, ол есепке клиринг ұйымының өкілетті тұлғалары кол қояды, мөр басылады.

Мудделі банктер арасында клиринг палатасының қатысынсыз алғашкы клиринг өткізіледі, ол негізгіге Караганда көмекші болып саналады. Негізгі клирингтің жұмысы басталғанға дейін чектердің бір бөлігін алдын-ала өзара алу және тапсыру негізінде банктер арасында өткізілетін клиринг алгашқы клиринг деп аталады.

Чектердің алғашқы клирингіне катысатын банктер клиринг па-латасында алдын ала негізгі клиринг басталганға дейін өзара чек­тер алмасады, ал клиринг палатасына тізбелер әкелінеді, солардың негізінде чектердің алғашкьі клирингіне қатысатын банктердің таза позициясы есептеліп шыгарылады. Чектердің алғашқы клирингіне қатысқан банктердің таза позициялары чектердің негізгі клирингінің нәтижесіне қосылады.

Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың келесі кор-респонденциясы жүргізіледі. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға бір банктен қызмет көрсетілсе:

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Егер чек беруші мен чек ұстаушыга әр түрлі банктер қызмет көрсетсе, чек беруші банкте:

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»

Чек ұстаушы банкте:

Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары».

14-лекция

Тақырыбы: Аккредитивтік операциялармен есеп айырысу.

(1-сағат)


Жоспар:
1. Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны.

2. Банктік карточкалармен есеп айырысу.

14.1 Аккредитив - банктің бір немесе бірнеше банктерге аккреди­тивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.

Аккредитивтік операция - банктің күрделі делдалдык операциясы.

Банктер аккредитивтік операцияларды жүргізумен катар аккре-дитивті ашқаны және/немесе жүргізгені үшін клиенттерден комис-сиялық ақы алады.

Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және қүжаттық аккре-дитивтер жатады.

Ақшалай аккредитив - бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін растайтын құжат және осы банктің бір немесе бірнеше банкке. аккредитив үстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі.

Құжагтық аккредитив - клиент өтініші және нүсқауы бойынша немесе жеке өз қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарга немесе оның бұйрығы бойынша толем жүргізуге банктің міндеттемесін қарастыратын қужаттық есен айырысу ны-саны, сондай-ақ бенифициар койған аудармалы вексель акцепт/ мен төлемін немесе аккредитивтіц барльщ шарттары сақталган жағ-дайда, белгіленген мерзімде аккредитивте көрсетілген кұжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес қүжатты көрсеткен кезде төленеді.

Қазақстан Республикасының Үлттық банкінен кепіл операцияла-рын өткізуге лицензиясы болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрьщ беруші қызмет көрсетуші эмитент банкке1 келесі деректемелерден тұратын өті-нішті ұсынады:

бұйрық берушінің аты және мекен-жайы;

бенефициардың аты және мекен-жайы, оның банктік

деректемелері;


  • эмитент банктің аты;

  • аккредитив түрі;

  • аккредитив сомасы;

  • аккредитивтің орындалу шарттары;

- аккредитивке карсы орындалатын құжаттар тізімі;1 Эмитент-банк - бұйрық берушінің етінішіне сәйкес аккредитив ашатын және аккредитив шарттарына сәйкес оның орындалуына міндетті банк.

- аккредитивтің әрекет ету мерзімі, тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері;



  • аккредитив бойынша банктік шығындарды жабатын тарап-тар аты.

Бұл кезде аккредитив ашуға өтінішті екі данада ұсынады. Бірінші данасы банкте аккредитив ашу үшін қалады, ал екінші данасы қабылданғаны туралы белгімен банк бекітілген мерзімде клиентке қайтарылады. Одан соң банк алынған өтініш негізінде бенефициар банкке жолдау үшін аккредитиве рәсімдейді. Аккре­дитив нөмірі, ашу орны мен күніне қоса, ашуға жазылған өтініш

деректемелері болуы тиіс. Сондай-ақ аккредитивте қайтарылатын немесе кайтарылмайтын аккредитив екендігі анық көрсетілуі тиіс. Егер мүндай нұсқау болмаса аккредитив кайтарылмайтын больш табылады.



Қайтарылатын аккредитив - эмитент-банк бенефициарды ал-дын ала хабардар етпестен өзгерілетін немесе жойылатын аккре­дитив, яғни . оның кызметі онда көрсетілген мерзім басталғанга дейін тоқтатылуы мүмкін.

Қаіітарылмайтын аккредитив - банк пен бенефициарды сен-діретін эмитент банктің келісімінсіз өзгертуге және жоюға жатпай-тын аккредитив, яғни уакыты өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады.

Сонымен қатар оны орындау әдісі көрсетілуі тиіс, үсыну бойынша төлеу, мерзімін үзартып төлеу, аудармалы вексель акцепті немесе негоциация'. Бүйрық беруші бенефициар өзгеріс жасағысы келсе бастапқы ұсынылган аккредитивке өзгеріс жасай алады. Бенефициар алынған өзгерісті қабылдау немесе қабылдамау жөнінде хабар беруі тиіс. Егер ол өзгеріс жасағандығы туралы хабарламаса, бастапқы ұсынылған аккредитив шарттары өз күшін сақтайды. Өзгерту туралы бір хабарлаудағы жартылай жасалған өзгерістер қабылданбайды. Егер аккредитив шартында оны эмитент-банк орындайтындығы көрсетілмесе, онда аккредитивте телемді жүргізуге, үзартып төлеуге, аудармалы вексель акцепті немесе негоциациясына өкілетті орындаушы банк көрсетілуі тиіс.

Егер аккредитив көрсетілген құжаттар эмитент банкке немесе оны орындаушы банкке ұсынылса және барлық шарттары сақталса, онда кайтарылмайтын аккредитив эмитент банктің келесі әрекет-терді орындауға нақты міндеттемесін көрсетеді:

- егер аккредитив ұсынушыға төлеуді білдірсе, ұсыну


бойынша төлем жасауға;

Негоциация - телем мерзімі жеткенге дейін вексельдерді есепке (сатып алу) алу.

- егер аккредитив мерзімін ұзартып төлеуді білдірсе, аккреди­тив шартымен көрсетілген мерзімдегі төлемді қамтамасыз етуге;

  • егер аккредитив эмитент банкке акцепті қарастырса, бене­фициар мен эмитент банкке ұсынылған аудармалы век-сельдерді акцептеу және төлем мерзімі жеткенге дейін оларды төлеу;

  • бенефициар ұсынған аудармалы вексельдерді трассат банк акцептемесе немесе акцептеп, бірақ белгіленген мерзімде төлемесе, мерзімінде акцептеу немесе төлеу.

Қайтарылатын аккредитивті эмитент-банк өзгертуі немесе жойылуы мүмкін. Егер өкілетті банк аккредитив бойынша өзгертуге немесе жоюға хабар алынбай тұрып аккредитив бойынша төлем жүргізген болса, эмитент-банк оның жұмсаған ақшасын өтеуі тиіс. Аккредитивтер сондай-ақ жабылған және жабылмаған болып бөлінуі мүмкін.

Жабылған аккредитив - клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив.

Жабылмаған аккредитив - банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатын аккредитив.

Егер эмитент-банк кайтарылмайтын аккредитиве сендіру үшін өкілеттігін басқа банкке жолдаса немесе өтінсе, онда сендіруші банкте эмитент банктегі сиякты міндеттемелер қалыптасады. Егер өкілетті банк аталған аккредитивті бекітуден бас тартса, онда ол эмитент банкті келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.

Эмитент-банк ақшаны қалпына келтіру міндеттемесін орында-ушы банктен басқа банкке белгілей алады (рамбурстаушы банк'). Мұндай жағдайда рамбурстаушы банк ұсынылған рамбурстық талаптар2 негізінде ақшаны қалпына келтіру құқын алады, бұл кез-де эмитент-банк рамбурстаушы банкке уақтылы рамбурстық нұс-қау3 жасауы тиіс.

Эмитент-банк егер қалпына келтіру рамбурстаушы банктің бірінші талабы бойынша немесе аккредитивте көрсетілген басқада шартпен немесе банктердің өзара келісімімен жүргізілмесе, орында-ушы банктің әрбір жоғалтуына жауапты болады.



1 Рамбурстаушы банк - аккредитив бойынша төлемнің орындалу үшін
атқарушы банкке акдіаны қалпына келтіруші банк.

2 Рамбурстық талаптар - аткарушы банктен рамбурстаушы банкке
аккредитивтің орындалуы үшін акшаны қалпына келтіру тәсілдеріне нұсқау.

  1. Рамбурстық нұсқаулар - эмитент-банк рамбурстаушы банкке ұсынатын
    аккредитивтің орындалуы үшін акшаны калпына келтіру тәсілдері бойынша
    нұсқаулар.

Рамбурстаушы банк шығындары эмитент-банк есебінен жабы-лады, кейде үшінші жақ есебінен төленеді, бүл жағдайда банк аккредитивтің түп-нұсқасына белгі коюы керек. Аккредитив орын-далмаған жағдайда рамбурстаушы банктің шығындарын қалпына келтіруге эмитент-банк жауапты.

Аккредитив бенефициарға кез келген баска банк арқылы жолдануы мүмкін (авизолаушы банк1). Бұл кезде авизолаушы банк аталған аккредитиве орындау бойынша өзіне міндеттеме кабылдамайды. Егер банк авизолаушы банк қызметін аккреди-тивтерді авизолауға пайдаланса, онда аккредитив шартына өзгеріс жасау осы банк аркылы жүргізіледі.

Аккредитиве алған соң авизолаушы банк оның сыртқы белгілері бойынша түпнүсқасы екендігін тексереді.

Авизолаушы банк аккредитивті авизоламауға шешім қабылдай алады, бүл жағдайда ол шешім кабылдағаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент банкті хабардар етіп, оған аккредитиве қайтаруы тиіс. Егер авизолаушы банк аккредитивтің түпнүсқа екендігін анықтай алмаса, онда ол келесі жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент банкті хабардар етуі тиіс. Аккредитивтің түпнұсқа екендігіне эмитент-банктен сендіру болмаса, авизолаушы банк оған аккредитиве қайтарады.

Эмитент-банк бекітуші банк немесе атқарушы банк тауар жөнелту кұжаттарын алғаннан кейінгі жеті жүмыс күні ішінде олардың кешенділігін, сондай-ақ аккредитивтің сыртқы белгілерінің сәйкестігін, яғни аккредитивтің тиісті шарттарына кұжат деректе-мелерінің сәйкестігін (келісімшарт нөмірі, тиеу күні, тауарды жеткізу орны, тауарды тиеу орны, тауарды жеткізу шарттары және басқалары) тексереді. Егер құжаттар сыртқы белгілері бойынша сәйкеспесе, банктер мүндай құжаттардан бас тартуға құқылы. Аккредитивте көрсетілмеген құжаттарды банк тексермеуі тиіс. Егер эмитент-банк қүжаттар сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сәйкеспейтіндігін анықтаса, онда банк өз қалауы бойынша бүйрық берушімен сәйкессіздікті жою мәселесі бойынша байланыса алады.

Барлық аккредитивте мерзімнің аяқталу күні және қүжаттарды төлемге, акцептке, нетоциациялауға үсыну орындары көрсетілуі тиіс. Қүжаттар мерзімнің аяқталу күнінде немесе мерзім аяқталғанға дейін ұсынылуы тиіс. Аккредитив бенефициардан басқа бір немесе бірнеше тұлғалармен толықтай немесе бөлшектеп қолданылуы мүмкін. Мүндай аккредитив аудармалы немесе тран­сферте деп аталады. Егер эмитент-банк аудармалы деп көрсетсе, аккредитив аудармалы болады. Авизолаушы банк - бенифициарға аккредитиве жолдауға және/немесе ол бо­йынша оның міндеттемесінсіз өзгерістер жасауға эмитент банк екілеттеген банк. Аккредитив аударымын жасау үшін бастапқы бенефициар ау-даруды өткізуші банкке, екінші бенефициар үшін түзетуді авизолау қүкын қалдыру жөнінде қайтарылмайтын нұсқау бере алады. Өткізуші банктің мұндай шартпен аккредитив аударымьгна келісім жағдайында,банк аударым кезінде екінші бенефициарға бастапқы бенефициардың түзетуге қатысты нұсқауын хабарлауы тиіс. Аккре­дитив екінші бенефициар нұсқауы бойынша келесі үшінші бенефи-циарға аударылмауы мүмкін. Аккредитив аударымына байланысты өткізуші банк шығындары бастапкы бенефициармен төленеді. Бұл кезде өткізуші банктің мұндай шығындар төленгенте дейін аккредитив аударымы бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды.

Алынған көліктік немесе сактандыру құжаттарының аккредитив талаптарына және ол бойынша өзгерістерге сәйкес келсе, эмитент-банк немесе орындаушы банк бенефициар есебіне төлем жасайды, аккредитив шартына сәйкес оның векселін акцептейді немесе негоциациялайды. Аккредитивтің орындалуына негізделген төлемдер қолма-қол емес ретпен жүргізіледі. Егер төлем бенефициар есебіне жүргізілсе эмитент-банк аккредитив сомасына төлем тапсырысын рәсімдейді, оның орындалуы Қазақстан Республикасының заң актілері мен ¥лттық банктің нормативтік-кұқылық актілерімен бекітілген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Шетел валютасында белгіленген аккредитивтердің орындалуы біздің мемлекеттің валюталық заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Бенефициардьщ аудармалы векселінің акцепті немесе негоциациясы аккредитивтер шарттарына сәйкес, Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңы және Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктермен аударым операцияларын жүргізу тәртібі мен бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады.

• Банкте жабылмаған аккредитиве ашу:

Дт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6505 «Шығарылған отелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

• Баска банк ашатын аккредитиве банктің бекітуі:

Дт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

• Клиент қаржысы есебінен ашылатын жабылған аккредитиве


банктің ашуы:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 2855 «Құжаттамалык есеп айырысу бойынша кредиторлар»

Жабылған аккредитив банктің басқа банктегі қаржысы есебінен ашылғанда:

Дт 1855 «Құжаттандьфылған есеп айырысу бойынша дебиторлар»

Кт 1052 «Банктің баска банктердегі корреспондент™ есепшоттары»

Банк басқа банкте жабуды жүргізбесе:

Дт 6020 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6520 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

• Аккредитив орындалса немесе жойылса, келесі шоттар кор-респонденциясы кұрылады. Жабылмаған аккредитиве орын-дау немесе жою кезінде:

Дт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша бол­уы мүмкін міндеттемелер»

Кт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша бол­уы мүмкін талаптар»

Жабылған аккредитиве орындау немесе жою кезінде, егер банк баска банкте өтеу жасамаса:

Дт 6520 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

Кт 6020 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Жабылған акредитивті орындау кезінде баланстық шот бойынша келесі өткізбе күрылады:

Дт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар»

Кт 1052 «Банктің баска банктердегі корреспонденттік есешлоттары» 1855 «Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша дебиторлар».

14.2 Банктік карточкаларды қолдану бойынша қатынастың негізгі субъектілері: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, аквайрер, төлем ұйымы, есеп айырысу банкі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет