“Математика-Экономика” факультеті



бет7/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

12-лекция

Тақырыбы: Есеп айырысу есебі

(1-сағат)


Жоспар:
1. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі

2. Төлем талап – тапсырмасымен есеп айырысу



12.1 Төлем кұжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның акшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады (6-қосымша). Төлем қүжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:

  • құжаттьщ аты;

  • оны жазу күні, айы, жылы, кұжат нөмірі. Күн - санмен, ай - сөзбен, жыл - санмен көрсетіледі;

  • акша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-күкылық ны-санын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;

  • ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-күкылық нысанын коса, толык атауы, дербес сәйкестендірілген коды;

  • төлем мәні, сондай-ак Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтык белгіленуі;

  • санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;

  • салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.

«Төлем мәні» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын қүжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код -төлем мәні» бөлігінде - төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.

Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуіыі банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша ау-дарьшына өтінішті (7-қосымша) үсынады. Мүндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.

Алушы-банк акша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Ол Қазакстан Республикасы зандылығына сәйкес, төлем тап-сырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да қүжаттарды талап етуге міндетті. Акша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырмасында немесе акша аударымы өтінішінде валюталау күнін' көрсетеді.

Жөнелтушінін төлем қүжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем кұжатының акцепт/ дел аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мелшерде, сондай-ак оны орындаумен байланыстарды шығындар үшін акша алу құқы беріледі.

Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті акша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс. Қажетті ақша сомасымен камтамасыз ету ақша жөнелтуші каржысының есебінен немесе келісімде көр-сетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.



Валюталау күні - бұл инициатор белгілеген бенефициар ақша алатын телем тапсырысында керсетілген күн.

Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:



  • алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;

  • алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді);

  • төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлама алмаса;

  • Қазақстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген жағдайларда.

Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем құжаттары акцептелген болып саналады:

  • бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жөнелтушіге хабарласа;

  • бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып, жөнелтушінің телем тапсырмасы негізінде ақшаны алса (банктік шотты дебеттесе);

  • бенефициар банк бенефициардың банктік шотын несие-лендіру арқылы бенефициарға ақша аударымын жасаса;

  • бенефициар банктің үш жұмыс күні ішінде жөнелтуші акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабар-лауын алмаса;

  • Қазақстан Республикасы заңдылығымен немесе бенефициар жэне бенефициар банк арасындағы келісімде қарастырылған басқа да жағдайларда.

Тел ем қүжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы банк арасындағы келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін.

Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін:



  • егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен қам-тамасыз ете алмаса;

  • егер телем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнел-туші және алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғау әрекетін бұзып жолданса;

  • Қазақстан Республикасы аумағында қолма-кол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжат-тарын қолдану ережелері және біздің Республиканың бекі-тілген төлем тапсырмасын кұру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда;

  • Қазақстан Республикасының зацдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда.

Егер алушы-банк төлем кұжатын акцептеуден бас тартса, онда төлем тапсырмасын алғаннан кейін үш жұмыс куні ішінде жөнелтушіге тиісті жазбаша немесе электронды хабарлама жолдауы тиіс. Ол үшін алушы-банк пен жөнелтуші арасында қарсылық туралы хабарламаны жөнелту тәртібі қарастырылады, бұл кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады.

Төлем қүжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды:



  • жөнелтушінің банктік шоты түтқындалған болса немесе Қазақстан Республикасының колданыстағы заңдылығына сәйкес оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылса;

  • егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасындағы көрсе-тілген деректемелер сәйкес болмаса.

Егер бенефициар емес алушы-банк жөнелтушінің банктік шотында аударым жасауға ақшалай қаржысы жеткілікті бола тұрыП, төлем тапсырмасын орындамаса және алушы-банк өзінің акцептен бас тартатындығын уақытында хабарласа, егер бұл Қазақстан Республикасының заң актілерімен қаралмаса, онда араларында болған келісімге сәйкес жөнелтуші аударым сомасының мөлшерінен айып төлейді.

Мемлекеттің заң актілеріне, алушы-банк және жөнелтуші ара-сындағы келісімге сәйкес, алушы банк төлем тапсырмасын акцеп­теуден негізсіз бас тартқандығы үшін жауапқа тартылады.

Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен жүргізіледі: жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге сәйкес, акцептелген толем тапсырмасының сомасына алушы банкке төлем жүргізуге және санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға байланысты шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бұл кезде жөнелтуші телем тап­сырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі пайда болады. Алушы банкке жөнелтуші төлемі алушы банк жөнелтуші шотын дебеттегенде жүргізіледі.

Жөнелтушінің акцептелген телем тапсырмасын алушы-банк республика зандылығының талаптарына және өзінде көрсетілген төлем тапсырмасының шарттарына сәйкес орындайды.

Егер алушы-банк жөнелтушіден тиісті өкілеттілік ала алмаса, онда келесідей құқығы бар:


  • жөнелтушінің төлем тапсырмасын аткаруга байланысты банк қызметі үшін комиссиялык акы мен шығынды аталған төлем тапсырмасының сомасынан ұстап калуга;

  • кезекті алушы банкке телем тапсырмасы сомасынан комис­сиялык ақы ұстау кұкын беруге.

Егер алушы-банк төлемді орындау кезінде төлем құжаттарын қолдану, ел ішіндегі қолма-кол емес төлемдер мен ақша ау-дарымын жүзеге асыру ережесін бұзып, нәтижесінде бенефициарға ақша аударымы кешіктірілсе, онда банк Қазақстан Респу-бликасының заң актілері мен өзара келісімге сәйкес қатысушыларға тұрақсыздық сомасын төлейді.

Қазақстан Республикасы заң актілерінің талаптарына сәйкес бірінші кезекте атқарылуға тиісті төлем құжаттары бар болып, тапсырманы орындауға жөнелтушінің банктік шотында қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк төлем тапсырмасын орындамауға және оны акцептеуден бас тартуға құкылы.

Шарттарының бірі валюталау күні болып табылатын төлем құжатын акцептеу кезінде, алушы-банк акцептелген төлем тапсырмасындағы ақша сомасын жөнелтушінің банктік шотынан алуға құқылы. Мүндай операциялар есебін алушы-банк арнайы дербес шотта жүргізеді және осындай телем тапсырмасының міндет-темелерін орындауға келесі делдал банк немесе бенефициар банктің уақыты жеткілікті болатындай етіп жолдайды.

Бенефициар банк төлем кұжатын акцептеу кезінде төлем құжатында көрсетілген соманы бенефициар есебіне қабылдайды. Банк бенефициар есебіне түсетін ақшаның негізсіз екендігін аньщтаса, банк бенефициар акцептен бас тартуға немесе төлемнің орындалуын тоқтатуға міндетті. Бүл жерде айта кететін жайт: егер аталған факт дәлелденбесе банк бенефициарға өзара келісімде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған көлемде, төлемді кешіктіргені үшін түрақсыздық сомасын төлейді. Өйтпеген жағдайда бенефициар банк бенефициар есебіне аударым бойынша түскен ақшаны қабылдамауға міндетті. Төлем құжатын акцептеуден бас тартқан жағдайда бенефициар банк жөнелтуші банкке төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жүмыс күнінен кешіктірмей бас тарту себептерін көрсете отырып хабарлама жібереді.

Бенефициар банк бенефициар есебіне ақша қабылдау кезінде, акцептелген телем құжатына сәйкес банк оны төлем күнінен кейін-гі операциялық күннен кешіктірмей акша кабылдағандығы туралы хабардар етеді. Бұл кезде бенефициар банк келісімшартқа сәйкес бенефициарды оның банктік шотынан жазбаны немесе төлем құжатын бекітілген нысандағы бланкте немесе электронды түрде жолдау арқылы жеткізеді.

Егер төлем құжаты жөнелтуші деректемелеріне сәйкеспесе немесе қайталап үсынылса, онда төлем қүжаты қате орындалған болып саналады. Бұл кезде жөнелтуші төлем қүжатының дұрыс орындалғандығын аныктайды, егер ол қате орындалса, онда анықталған қателік туралы, олардьщ арасындағы келісімге сәйкес алушы банкке хабарлайды. Егер алушы-банк келісімде көрсетілген мерзімде хабарламаны алмаса, ақша жөнелтуші алушы банкке келтірілген зиянға төлем тапсырмасында көрсетілген сома шегінде жауаптылықта болады.

Жөнелтушіден төлем құжатының қате орындалғаны туралы хабарлама алысымен, алушы-банк келесі әрекеттерді жүргізеді:

Біріншіден, қате төлем құжаты бойынша жөнелтуші деректеме-леріне сәйкес емес деректемелері бар қате құжатын тиісті бенефициар есебіне жолдайды немесе төлемнің барлық сомасын жөнелтушіге қайтарады.

Екіншіден, қате төлем кұжаты бойынша сома жөнелтушінің төлем құжаты сомасынан асатын болса, алушы-банк дұрыс алынбаған соманы жөнелтушіге қайтарады. Бұл кезде, егер бұл бенефициар мен алушы-банк арасындағы келісімде қаралса, онда алушы-банк бенефициардан аталған соманы даусыз кайтып алуға құқылы.

Егер алушы-банк пен бенефициар арасында келісім жасалмаған болса, онда алушы-банк бенефициар банкке қателесіп аударылған соманы қайтару туралы сұрату хат жібереді. Мұндай ақша қайтаруы кезінде банк бенефициардың төлем тапсырмасын жазып, оның «төлем мәні» бөлігінде ақшаны қайтару себебін көрсету арқылы жүргізіледі.

Үшіншіден, сома жөнелтушінің төлем кұжатының сомасынан аз қате төлем құжаты бойынша, алушы-банк жөнелтушіден сома айырмасын даусыз алуға және бенефициар шотына аударуға құқылы.

Егер орындалған төлем құжатында жөнелтуші қате жіберсе, онда алушы-банк ешқандай жауаптылықта болмайды.

Телем құжатын бюджет және басқа да ¥лттық банктің нормативтік құжаттары мен заңдылығьшда қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25 қара-шадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне сәйкес).

Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:

1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі өткізбе қүрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» бенефициар

2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк


қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспон-
денттік шоттар арқылы жүргізіледі:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының ¥лттық банкін-дегі корреспонденток есепшоты» Немесе Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоты»

3. Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық
ақы ұстайды:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Кт 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер»



12.2 Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың жөнелтушіге жет-кізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу қүжаттары негізінде берген талабы (8-қосымша).

Телем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада үсынылады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада (9-крсымша).

Бенефициар банк толем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассолаушы банк міндеттемесін алады.

Инкассолаушы банк міндеттемесі төлем талап-тапсырмасын инкассоға1 алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассолаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:



  • төлем талап-тапсырмасын толемге немесе акцептке кезекті ұсыну;

  • бенефициарға акцептен бас тарту немесе толем туралы толем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;

  • толем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бене-фициарга хабарлау.

Инкассо - банктің клиентінің тапсырысы бойынша жэне есеп айырысу құжаттары негізінде ақша аударушыдан оған тиесілі ақша сомасын алып, бұл соманы клиенттер есебіне аудару ісі жүргізілетін операция.

Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассолаушы банк төлем талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей қызметгің орындалуын анықтайды. Инкассоға инициатордан инкассолаушы банктің толем талап-тапсырмасын қабылдау инкассолаушы банктің операциялық күні ағымында жүргізіледі және оны инкассоға қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші-банк аталған күжатта толем талап-тапсырмасын алған күні мен алу уақытын белгілейді.

Бенефициар банк барлық деректемелердің толтырылу дүрысты-ғын тексеріп, төлем талап-тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы банк белгісімен бенефициарға қайта-рылады. Жөнелтуші-банк төлем талап-тапсырмасын алып, оларды тіркейді, барлық данасына алу күнін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды.

Бұл кезде ол жөнелтуші банкке түскен күннен бастап үш күн ішінде банкке төлем талап-тапсырмасын ұсынуға міндетті. Төлем талап-тапсырмасы тек жөнелтуші шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады.

Төлем талап-тапсырмасын толықтай немесе жартылай төлеуден бас тарту кезінде, төлеуші өз банкін осы үш күн ішінде хабардар етеді және төлем талап-тапсырмасын тиеу қүжаттарымен және төлемнен бас тарту туралы хабарламамен бірге бенефициарға қайтарады.

Төлемге келісім білдірілген жағдайда аталған төлем талап-тапсырмасы акцептеледі. Жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасының акцептеуді талап етпейтін төлем талап-тапсырмасынан басқалары соңғының аталған талаптарға сәйкес төлем жүргізуге келісімін білдіреді.

Егер ақша жөнелтушінің банктегі шоты Қазақстан Респу-бликасының заңдылығына сәйкес тұтқындалған болса, оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылған болса, төлем талап-тапсырмасына акцептеу болмайды.

Әдетте акша жөнелтуші банк ақша жөнелтушінің толем талап-тапсырмасын акцепті талап етпейтін төлем талап-тапсырмасынан басқаларын, жөнелтушінің акцепті негізінде акцептейді. Акцепт талап етілмейтін толем талап-тапсырмасын төлеу кезінде банк ақша жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақша аударуға құқылы. Ақша жөнелтушінің акцептсіз төленетін төлем тап-сырмасымен акцептелген құжаттар бойынша баланстан тыс есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті толем және аударым үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті. Бұл кезде Қазақстан' Республикасынын заң актілерінде карастырылмаған болса, жөнелтуші-банк өзара келісімге сәйкес ақша жөнелтушісіне айып немесе өсімақы төлеуге міндетті. Жөнелтушіде ақша сомасы жеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем тапсырмасын (бюджетке төлемдер, сот шешімі, кеден басқармасы бойынша қойылған толемдер және төлем талап-тапсырмасын (акцептсіз орындалатын) ақша жонелтушінің банктік шотына оларды орындауга жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сактайды.

Мұндай құжаттарды қабылдау кезінде жөнелтуші-банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған төлем талап-тапсырмасын картотекаға енгізу туралы банк бенефициарына хабарлама береді.

Ақша жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімде алушы банктің әр түрлі құжаттарды қабылдау және сактау міндеттері қарастырылады. Алушы банктің мұндай төлем құжаттарын қабылдау және сақтау келісімі жағдайында аталган банкке тиісті міндеттемелер қойылады.

Толем талап-тапсырмасын толык немесе жартылай толеуге ке-лісім білдірілген жағдайда, жөнелтуші оның барлык данасын банктік шотты жүргізуге өкілетті тұлғалар колы және мортаңба-сымен рәсімдейді және оны кызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:


  • бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз болады және операция аяқталған соң банктің кұжаттарына орна-ластырылады;

  • екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;

  • үшінші данасы тауар, көрсетілген кызмет, орындалған жұмыс үшін төлем жүргізілгендігі туралы колхат ретінде тиеу құжаттарымен қоса жөнелтушіге кайтарылады.

Төлемнің сома бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен және сөзбен жазылуы тиіс.

13-лекция

Тақырыбы: Инкассолық өкімдермен есеп жүргізу.

(1-сағат)


Жоспар:


  1. Инкассолық өкім

2. Чектермен есеп айырысу

13.1 Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алу жүргізіледі, бұл кезде инкассольщ өкім деп аталатын күжат қолданылады (10-қосымша), сондай-ақ салык кызметі жэне кеден үйымдарының инкассольщ өкімі (11-қо-сымша) қолданылады. Ақша жөнелтушінің банкіне ақша өндіріп алу туралы сот анықтамасы қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің, аталған өндіріп алуды сендіретін сот бұйрығы немесе көшірмесі, атқарушы парақтар және бұйрықтарға қоса инкассолық өкім ұсынылады. Салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Үлттық банк бекітеді. Инкас-солық өкімде жөнелтуші келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алуға құқық беретін заң актісінің сәйкес нөмірі мен күні көрсетіліп, төлем мәні жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкассолық өкімінде крсымша бюджеттік жіктелу коды, операция түрі көрсетіледі. Бұл кезде өндіріп алудың дұрыстығына, сондай-ақ ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақша алуға негіз болған сілтемелерге өндіріп алушы жауапты. Банктер ақша жөнелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық білдірген арызын қарамайды.

Егер, келісім акцептелмеген болса, онда ол акцепт мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылып алынады. Бұйрықты орындау немесе акцептелген бұйрықты қайтарып алу оны алушы-банк орындағанға дейін жүргізілуі мүмкін.

Жөнелтуші алушы банкке бекітілген бланк нысанында жазылған қайтарып алу өкімін (12-қосымша) жолдау арқылы бұйрықты тоқтатуына болады. Қайтарып алу туралы өкімде төлем құжатының күні, оның нөмірі, сомасы және алушы-банк бекіткен басқа да деректемелері көрсетілуі тиіс. Электронды тәсілмен жолданған өкім, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы бекітілген келісімге сәйкес санкцияланбаған төлемдерден қоргау тәртібі сақталған жағдайда, жолданған болып табылады. Қағаз жеткізушіде рәсімделген төлем құжатын қайтару туралы немесе оны тоқтату туралы өкімді төлем құжаттарын жөнелтуге өкілетті, төлем қүжаттарына қол қоюға құқылы тұлғалардың қолы және мөр болуы тиіс.

Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талап-тарына және жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімге қайшы келетін бұйрықты қайтару туралы өкімдерді қабылдамауы тиіс. Алушы-банк немесе бенефициар банк төлем тапсырысын қайтару туралы өкімді уақтылы алмаса ақша аударымын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты орындауды тоқтата т^ру туралы өкім жөнелтушінің жолдауы арқылы токтатылуы мүмкін).

13.2 Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің (чек берушінің) банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы бланкте жазылгаң жазбаша тапсырмасын білдіретін багалы қағаз болып табылады.

Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше түрге бөледі:


  • арнайы - тек осы кісіге төлеңіз;

  • ордерлік - осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз;

  • ұсынушы - ұсынушыға төлеңіз.

үстаушыға индоссамент - жолдау жазу көме-гімен басқа тұлғаға ақшаны Ордерлік чек - алу құқығын ұсынуға мүмкіндік береді. Индоссаменттің 4 тур/ қарастырылядьг.

  • банктік индоссамент. Чек ұстаушы чектің сыртына өз қолын қояды, оның нәтижесінде чек ұсынушы құжаты болып табылады және әрбір заңды иесі ол бойынша банктең ақша алады;

  • атаулы индоссамент. Үстаушы чек сыртына өз қолын қояды және чек бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады;

  • мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртында чекті басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша алу мүмкіндігін шектейді;

  • айналымсыз индоссамент. Егер чекті ұстаушы чек төлен-беген жағдайда арыз жасау мүмкіндігің болдырмауды немесе шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде «айналымсыз» деген сөзді крлданады.

Эр елде чек мазмұны бірыңғай. Заңды қ^рамында мыналар белгіленеді:

  • «чек» сөзі;

  • анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі;

  • банк' трассат;

  • төлем орны;

  • шығарылған орны және күні;

  • трассант қолы.

Трассат - тратта бойынша төлеуге міндетті тұлға.

Трассант - траттаны беретін тұлға.



Коммерциялық құрамы:

  • чек нөмірі;

  • трассат шотының нөмірі;

  • трассат банктің коды;

  • чек сомасының санмен қайталануы;

  • бенефициар;

  • кодтау желісі.

Біздің республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚР¥Б Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолда-нуға байланысты чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану туралы келісім жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей:


  • чек кітапшасындағы чек бланктерінің саны және олардың қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер (чек беруші банкі чек бланкісінің және чек кітапшасының үлгісін өз еркімен бекітуге құқылы);

  • чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда:




  • чек бланктерінің реттік нөмірін сақтау;

  • чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан басталуға тиіс, теңге сөзі жазып көрсетілген сомадан кейін бос орын қалдырылмауы тиіс, тиын сөзі чекте көрсетілмейді);

  • «бұйрық бойынша төлеңіз» деген сөздерден кейінгі бағанада чек жазып берілетін адамның аты-жөні немесе занды тұлға атауы көрсетіледі;

  • чек жазып берілген күннің қойылуы (күні және жылы -санмен, айы жазумен);

  • чек беруші қолының қойылуы және заңды тұлға үшін мөрдің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлғаның қолының және мөр-таңбасының (занды

/тұлғалар үшін) үлгісі қүжаттағы үлгіге сәйкес болуы тиіс; чектің түбіртегінде операция жасалғанға дейінгі сома қалдығының, чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі, сондай-ақ чек жазып берілген күн және чек берушінің немесе чек кітапшасына ие болуға өкілетті түлға қолы және чек берушінің мөрі (занды түлғалар үшін) қойылады;

  • Чекпен операция жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек беруші арасындағы өзара төлемдер тәртібі;

  • Чек кітапшасын қолдану мерзімдері;

  • Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі;

  • Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі;

  • Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кітапшалары, чекке қол қоюға өкілеттілігі бар тұлғалар құрамыньщ (заңды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек берушінің банкті хабардар ету тәртібі;

  • Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар және жалған чектер туралы чек берушіні хабардар ету тәртібі;

  • Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары;

  • Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі;

  • Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап қою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі.

Егер олар заңмен қарастырылған болса және чекпен жасалатын операцияларды өндеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі чекте крсымша деректемелерді талап етуге қүқылы.

Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарасты-рылуы мүмкін.

Қазіргі кезде Үлттык банк нұскауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:


  • Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;

  • Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:

- /чек берушінің аты-жөні немесе атауы;

- "чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін

көздейтін тұлғаның (занды түлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені;


  • чек беруші банктің жеке банктік коды;

  • чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);

  • чек кітапшасын крлдану мерзімі;

- чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);

  • чек кітапшасының берілу күні;

  • өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;

• Чек кітапшасының әрбір бланкіне:

  • мертаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және оның атауын қоюға;

  • чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін түлғаның (заңды түлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

  • салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін қою;

  • Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және мөр бедерінің (занды тұлғалар үшін) үлгілері бар кұжатты қабылдауға;

  • Чек кітапшаларын тіркеу журналына тиісті жазбалар жасауға;

  • Чектерді қолдану туралы келісімде көзделген жағдайларда бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рұқсат етіледі.

Есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекі-тілген үлгідегі, чек саны және чектермен есеп айырысуда қажетті жалпы сома көрсетілген өтінішті ұсынады. Осы деректер негізінде эр чек сыртында көрсетілген бір чек лимиті койылады. Чек алуға өтініш кәсіпорын жетекшісінің, аға бухгалтердің қолымен және мөрмен бекітіледі. Сонымен қатар, өтінішпен қоса клиент банкке аталған ақша сомасын өзінің есеп айырысу шотынан 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотына қосу үшін төлем тапсырысын әкеледі, бұл каржылар депонирленген сон, клиент бұл чектерді ала алады.

Бүл кезде мынадай өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара есеп айырысу кезінде алынған тауарлы-материалдык құндылықтар және көрсетілген қыз-меттер, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қабылданады.

Чектер келесі түрлерге бөлінеді:

^ есеп айырысу чек кітапшаларының чектері;


  • аманатшының чек кітапшаларының чектері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет