Кодтар - банк тағайындаған, операциялардың теңдесі жоқ белгілері;
Кодтың құрылымы келесідей: XXX NNN
Мұндағы:
XXX - операция түрінің коды; NNN - өткізбелердің мақсатының коды.
Кестеде операцияның түрлері бойынша кодтар тағайындау мысалы келтірілген:
Рет-
тік
№
|
Операциялардың түрі
|
Операция
түрінің
коды
|
1
|
Қолма-қол ақшаның есебі
|
001
|
2
|
Корреспонденттік шоттар бойынша операциялардың есебі
|
002
|
3
|
Бағалы қағаздар есебі
|
003
|
4
|
Банкаралық депозиттер есебі
|
004
|
5
|
Заңды түлғалар салымдарының есебі
|
005
|
6
|
Жеке тұлғалар салымдарының есебі
|
006
|
7
|
Банкаралық карыздар есебі
|
007
|
8
|
Клиенттерге берілген қарыздар есебі
|
008
|
9
|
Кепілдіктер есебі
|
009
|
10
|
Операциялардың басқа да түрлері
|
Ары карай
|
Операциялар түрлерінің кестесі операциялар санының өсу шамасына және операцияларды бөлшектеп есепке алуға байланысты кеңейтілуі мүмкін. Ол үшін, әрбір банк жүргізілетін операцияларға кодтар тағайындаудың ішкі ережесін жасайды, онда әрбір операцияны есепте бейнелеудің дәйекті түрде сипатталған ережесі болу керек. Банктің ішкі ережелерінен алынатын операциялардың есебі, банк жүргізетін барлық операциялардың бухгалтерлік есебінің рәсіміне қосылады және рүқсат етілген өткізбелер жүйесінде бейнеленуі тиіс. Бас бухгалтерияның жауапты қызметкерлері қосымшалар енгізуі немесе анықтамалықтағы өткізбелерді қабыл-дамауы мүмкін. Жүйе рұқсат етілген анықтамалықтан әрбір өткізбені автоматты түрде іздестіруді жүзеге асырады, егерде тапса, онда бұл жазбаға операцияның коды тағайындалып, өткізбе «Бас бухгалтерия рас-таған» деген атакқа ие болады. Егерде өткізбе табылмаса, бөлімше, филиал немесе жалпы банк бойынша (Бас 5-қосымша) бөлек-бөлек банк жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есеп рәсімдеріне сәйкес келмейтін өткізбелер есебі автоматты түрде қалыптас-тырылады. Осыдан соң, Бас бухгалтерияның жауапты қызметкері рұксат етілмеген өткізбелердің есебіндегі әрбір өткізбеге талдау жүргізіледі, одан кейін операциялар өткізбесі дұрыс болған жағдайда код және Бас бухгалтерия растаған атағы тағайындалады, егерде өткізбе дұрыс болмаса, онда бухгалтерия кызметкері оны «сторно» белгісімен белгілейді және түзетпе-өткізбе (сторно-проводка) орындауға Тізімдеме әзірлейді (6-қосымша). Бөлімшелер немесе филиалдар осындай белгісі бар өткізбелерді ағымдағы операциялық күнмен түзетеді. Бас бухгалтерияның қызметкерлері төлем мақсаттарының Жиынтық мемориалдық ордер (7-қосымша) операцияларының кодтарынан және орындалған операцияларының кодтарына және орындалған операциялар журналына сәйкес келуіне ішінара бақылау жүргізеді (8-косымша). Бұл жағдайда жүйе, жүргізілген операциялардың журналын кодтары немесе операция-лардың сомалары бойынша автоматты түрде қалыптастырылуы керек.
2.2 Банктердегі есепті-операциялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын және бақылау қызметін жүзеге асыратын Бас бухгалтер қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне жетекшілік ету, тек жоғары білімді мамандарға ғана жүктелетін үлкен жауапкершілікті іс, сондықтан да бас бухгалтер, оның орынбасары, департамент бөлімдерінің бастықтары лауазымдарына жоғары экономикалық білімі бар, қолданыстағы банк зандылықтары бойынша зандарда бекітілген, банк жүйесінде тиісті жұмыс өтілі бар тұлғалар тагайындалады. Бұл жерде, Бас бухгалтердің орынбасары, департамент бөлімдерінің бастықтары, банктің филиалдарындағы бас бухгалтер мен оның орынбасарлары лауазымдарына бас офистің бас бухгалтерімен келісе отырып тагайындалады. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері бас бухгалтерлер жөніндегі Ережелерде анықталған.
Бас бухгалтер департаменттің барлық қызметіне жалпы бас-шылык етеді, оның жүмысын ұйымдастырып, департаментке жүк-телген міндеттерді орындайды. Ол бухгалтерлік есепті ұйымдасты-рудың жалпы және әдістемелік принциптерін департаменттің орындауына жауапкершілікте болады, мүше болу құкы бойынша Банк Басқармасының отырысына қатысады және Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды талқылауға енгізеді. Өзінің тәжірибелік қызметінде Қазақстан Республикасының аумағында колданыстағы заңдарға, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуші, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, өкілетті органдар бекіткен нормативті актілерді басшылыққа алады. Бас бухгалтер департаменттщ қызметіне қатысты Банктің Басқарма төрагасының бүй-рықтары мен өкімдерінің, банк басқармасы шешімдерінің, банк жарғысы ережелерінің іс жүзіндегі зандылықтарға сәйкестігін тек-серуді және бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Ол іс-әрекеттегі заңдылықтардың, Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің нормативе актілерінің негізінде Департамент қызметіне қатысты барлық шұғыл мәселелерді шешеді. Ол, сол сияқты, есеп, есептілік, бақылау операциялық жүмыстар және құжат айналысын қолда-ныстағы заңга және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті актілеріне сәйкес ұйымдастыру мәселелері бойынша банк бөлімшелеріне нұсқау, түсінік және кеңес береді. Мұнан басқа, бас бухгалтердің міндетіне департаменттегі кадрлармен жұмыс жүргізу кіреді, сол сияқты банк Басқармасының карауына департаменттің құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстарды және де көзге түскен қызметкерлерді мадақтау және тәртіпті орындаушылық жөнінде ұсыныс береді. Ол Департамент қызметкерлерінің кызмет сапарлары бойынша материалдарды қарастырады, және осы материалдар бойынша өз құзырының шегін-де шешімдер қабылдайды, тиісті құпиялық режимдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша министрліктер, ведомствалар, банктер мен басқа да ұйымдарға жіберілетін ағымдағы корреспонденцияға қол қояды, департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың хаттарына, өтініш, арыздарына берілетін жауаптарға, департаменттің өз іс-әрекетіне жасалған арыздар бойынша жауаптардан басқаға қол қояды.
Бас бухгалтер тоқсан сайын Банк басшысының алдында Департамент жұмысы жөнінде есеп береді, жұмыстар жоспарын белгілеп, олардың орындалуын бақылайды, тексерулерді ұйымдас-тырып, есепті, бакылауды және банк бюджетінің орындалуын ұйымдастыруға көмек көрсетеді, бухгалтерлік есеп пен есептілік мәселелері бойынша барлық ішкі ережелерді, тәртіптерді, ереже-лерді, нұсқауларды әзірлеуге қатысады. Банк басқармасының Төрағасының және банк Басқармасы төрағасының осы сұрақтармен айналысатын орынбасарының тапсырмасы бойынша Департаменттің құзырына кіретін барлық мәселелерді шешеді.
2.3 Бас бухгалтерлік кітаптың рөлі мен маңызы
Бас кітап - көмекші бухгалтерлік журналдардан алынған банктің синтетикалық шоттары бойынша жиынтық жазбалардың негізінде қалыптасқан банктің ақпараттық жүйесі.
Бас бухгалтерлік кітап шоттарының құрылымы негізгі және қосымша белгілерден түрады.
Негізгі белгілері - бұл екінші деңгейлі банктердің Бас кітабын құрастыруға керекті бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына сәйкес бөлшектеу деңгейінің ең аз міндетті деңгейі:
-
баланстық шот нөмірі;
-
резиденттік белгісі,
-
экономика секторы кодының белгісі;
-
валюта түрінің белгісі.
Қосымша белгілері - баланстың жеке шоттарының бөлшек-тенуінің қосымша мәні, қосымша белгілердің тізімі келесідей:
-
дербес шоттың нөмірі;
-
валюта коды;
-
шотқа қызмет көрсетуші бөлімшенің және орындаушының коды;
-
клиент типі;
-
шоттың арналуы мен мәртебесі;
-
экономика секторы;
-
реттеуші және статистикалық есептілік бойынша кредиттер турі;
-
шағын кәсіпкерлікке қатысы;
-
пайыздық мөлшерлеме және пайыздарды есептеу әдісі;
-
активтер мен міндеттемелердің түрлері (мерзім бойынша);
-
тағы басқалар.
Бұл белгілер ашылуы, өзгертілуі және жабылуы мүмкін. Оған Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің нұсқаулары немесе Бас банктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері негіз болуы мүмкін. Бас банктерде дербес шоттарды ашуды, өзгертуді және жабуды Бас банк пен филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінің Бэк-офис-терінен алынған дербес шоттарды ашуға, жабуға және өзгертуге құрастырылған өтініштердің негізінде Бас бухгалтерия жүргізеді .Бас кітаптың шоттарын ашуды, жабуды және өзгертуді авто-матты режимде банктің Бас бухгалтериясы жүргізеді. Жүйе, Бас кітаптың ағымдағы құн үшін (9-қосымша) ашылған, жүргізілген, түзетілген немесе жабылған шоттары жөніндегі есеп беруді қалып-тастырады. Бас кітаптың шоттары келесідей ақпараттарды қамтиды: күні, шот нөмірі, шоттың атауы; кіріс және шығыс калдықтар, дебеттік немесе кредиттік айналымдар, орташа қалдықтар, бөлім-шенің атауы.
Бас кітаптың негізгі есеп берулеріне келесілер жатады:
-
Бас кітаптың ашылған, түзетілген немесе жабылған шоттары жөніндегі есебі (9-қосымша);
-
Бас кітаптың көмекші кітаптағы дербес шоттардың қалдық-тарымен салыстыруын тексеру есебі (10-қосымша);
-
Бас банктің немесе филиалының операциялық күнді аяқтау есебі (11-қосымша);
-
Түзетпе-өткізбелерді (сторно-проводкаларды) орындау тізім-демесі (12-қосымша);
-
Банкте жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебінің рәсімдеріне өзгеріс енгізуге өтініш (13-қосымша);
-
Бас кітаптың орындалған өткізбелерінің күнделікті Журналы;
-
Банкте жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есеп рәсімдеріне сәйкес келмейтін жазбалар жөніндегі Есеп;
-
Күнделікті алдын ала жасалатын баланс;
- Күнделікті баланстық есеп және балансқа қосымша;
Қазақстан Республикасы Үлттық банкі, банк басшылары, банк-
тің құрылымдық бөлімшелері, қүрылтайшылар, аудиторлық ұйым-дар және тағы басқалар Бас кітаптың есептерін пайдаланушылар болып табылады.
Көмекші бухгалтерлік кітаптарды қолданудың арқасында, Бас бухгалтерлік кітапта сақталуға тиісті акпараттардың көлемі айтар-лықтай қысқарды. Бас бухгалтерлік кітап шотының басында тек шоттың нөмірі ғана көрсетіледі (активтер шоты, міндеттемелер шоты, капитал шоты немесе шығындар шоты).
Ал операциялар есебіне келетін болсақ, бас бухгалтерлік кітап-та тек жиынтық сомалық жазба ғана болу керек. Мұндай әрбір жазба бухгалтерлік операцияларды тудыратын көмекші бухгалтерлік кітаптың күнінен және бұл жазбада бейнеленген барлық операциялардың жалпы сомасынан тұрады.
Көп жағдайда көмекші бухгалтерлік кітаптар ұқсас операциялар жөніндегі ақпараттарды топтастырып сомалық мәліметтерін бас бухгалтерлік кітапқа жіберіп отыратын компьютерлендірілген жү-йені білдіреді. Бұл жүйені қолдану үшін операцияларды Бас кітаптың қандай шоттары бойынша жүргізу керектігін білу керек, сондықтан да әрбір көмекші бухгалтерлік кітапта тиісті операцияларды жүргізуге қажетті Бас кітаптың шоттарын анықтауға мүмкіндік беретін жазулар болуы тиіс. Мысалы, қарыздарды есепке алушы көмекші кітапта әрбір қарыз бойынша, осы қарыздармен байланысты операциялар жүргізілетін шоттардың нөмірі көрсетілуі қажет.
Бас кітаптың шоттары (шоттар жоспары) келесідей шоттарды қамтуы қажет:
-
ұзақ мерзімді қарыздар шоты;
-
қысқа мерзімді қарыздар шоты.
Бұл қарыздар жөніндегі жазбаларда әрбір кредит бойынша көмекші бухгалтерлік кітаптардағы шоттарда бейнеленген қай шоттың сәйкес екендігін корсету керектігін білдіреді. Мұнан басқа, әрбір қарыз бойынша есептелінген пайыздар сомасын, өтеу сомасын немесе айыптар сомасын қандай шотқа енгізу керектігін жүйе білуі тиіс.
Көмекші және бас бухгалтерлік кітаптар шоттарының нөмір-лерінің арасында сәйкестік бар. Осылайша, бір қалыпқа келтіріп жобаланған бухгалтерлік есеп жүйесі, банк қызметін жақсы жүргізу үшін ғана емес, сол сияқты банктің тиі
3 лекция.
Тақырыбы: Банктегі есеп және есеп беру негіздері
(1-сағат)
Жоспар:
1.Бухгалтерлік есептің әдістері, мақсаттары
2.Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде
3.1 Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бух-галтерлік кітапты жүргізуді ғана емес, сонымен қатар банктің кызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қар-жылық есеп беруді өндеу, бухгалтерлік есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын камтиды. Акша-несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына, одан кейін пайдаланушы-ларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Бухгалтерлік есеп - бұл «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құкықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Бухгалтерлік есептің максаты бухгалтерлік ақпараттарды пай-даланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушы-лардың (әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иеле-рінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен түрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы каржылық есептілікті құру нәти-жесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айы-рықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.
Халықаралык стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар :
акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылык қызметі туралы толык және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазакстан Республикасының заңдарының сакталуын бакьілау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қам-тамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
- меншікті және тартылған каражаттардың пайдаланылуын,
банктің қаржылық кұралдарының қалыптасуын және оларды
басқаруды бақылау;
алдын ала бекітілген тиімділік және өтімділік деңгейі аркылы банктің табыстылық деңгейін үздіксіз бақылау және талдау;
алғашқы құжаттар түпнүсқасы бухгалтерлік жазуларды бара-бар бекіту және барлық операцияларды бухгалтерлік жазу-ларда көрсету;
қаржылық-шаруашылык операцияларды мерзіміне сай өз уақытында тіркеу.
Бухгалтерлік есептін объектісі - толык шаруашылық бірлік және оның құндылықтары, қорлары, құралдары және олардың кұралу көздері болып табылады.
Философиялық сөздікке сүйенсек, такырып ұғымына түрлі қатынастарға түсе алатын және қандайда бір қасиетке ие бола алатындардың бәрі жатады. Яғни бухгалтерлік есептің такырыбы - жекелеген әрекеттерді сипаттайтын, құрамында өзгеріс туды-ратын, мүлікті және олардың калыптасу көздерін орналастыратын шаруашылық операциялары.
Бухгалтерлік есептің эдісі - осы пәннің оқытылуы және та-нылуына әдістер мен амалдар болып табылады. Олар экономика-лық-математикалык, статистикалық, үлгілеу және т.б. әдістер болуы мүмкін.
Бухгалтерлік тэртіптің (процедураның) негізгі элементтеріне құжаттау, түгендеу, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау, калькуляция, есептілік жатады.
Құжаттау - операцияларды құжаттармен рәсімдеу үрдістері, ол бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы. Бухгалтерлік кұжат -шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруға байланысты жазбаша бұйрық, бұл кейінгі бухгалтерлік есепшотын анықтауға қызмет етеді. Егер рәсімделген құжат болмаса, бірде-бір операция есепке алынбайды.
Тугендеу - бухгалтерлік рәсімнің бір элементі, яғни негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, акша қаражатын, есеп айырысуларды және олардың есеп беру мәліметтерімен сәйкес келуін тексеру операциялары.
Операцияларды топтастыру бухгалтерлік есепшоттарының көмегі арқылы жасалады. Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпарат-тарды сақтаудың негізгі бірлігі. Басқа сөзбен айтканда, мүліктің жағдайы, олардың қалыптасу көздері және шаруашылық опера-циялар жайлы ағымдық акпарат жинақталатын жүйеленген эконо-микалык топтау.
Бағалау - бұл мүлік кұнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.
Калькуляция - шығындарды топтастыруды камтамасыз ететін және өзіндік кұнды аныктайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.
Бухгалтерлік рәсімдеу элементтері арасында қабылдануы қиын және түсінуде ауыртпашылық туғызатын элементтер бар, ондай элементтер шоттар және онда шаруашылык операцияларының екіжақты сипатталуы.
Екіжакты жазу - бухгалтерлік есепшоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу әдісі болып табылады. Және әрбір шаруа-шылық операция кем дегенде екі шотта бір сомада көрсетіледі.
Баланстык корытынды жэне есеп беру. Бухгалтерлік шотта сипатталған құралдар және олардың күралу көздері туралы мәлімет-терді белгілі бір мерзімде акшалай бағасын баланстық қорытын-дылап отыру қажет.
Есеп беру - кәсіпорын кызметінің белгілі бір кезендегі қоры-тындысын сипаттайтын есептілік қорытынды көрсеткішінің жүйесі.
Бухгалтерлік есеп мектебінің өздерінің негізін салушылары бар, әрбір кезең өзінің озық адамдарын шығарды. Басында бұлар италиялықтар болды, кейіннен оларды француздар алмастырды, одан кейін немістер болды. Қазір барлық назар бухгалтерлік есеп-тің жаксы мектебін күрған америкалықтарға бұрылған. Бұлардың жарқын өкілдері: Черч, Монтгомери, Патон, Мэй және т.б. Олардың идеялары тоғыз негізгі принцип калыптастыруға алып келді:
екіжақтылык;
акшалай өлшем;
кәсіпорындардың дербестігі;
үздіксіздігі;
өзіндік құндылығы;
кертартпалығы;
матер иалдылығы;
өткізімділігі;
сәйкестілігі.
Екіжақтылық принципі
Бұл төмендегі ережелерге сүйенеді: шаруашылық субъектісінің каржысы оның міндеттемелері мен капиталының сомасына тең.
Әрбір қүбылысты екі жағынан қарастыруға болады. Мысалы, компания тауарды несиеге алды делік, яғни ол оны кіріске алады (актив), бірак сонымен катар келешекте кайтаруға міндетті несиелік қарызға алады (пассив). Екіжакты жазу осы екі сәтті де қамтыды:
активтер шоттың сол жағында, пассивтер оң жағында. Кез келген жағдайда екі құбылыс бір-біріне қарама-карсы,ал баланс оларды теңестіруі керек.
Ақшалай өлшем принципі Ақшалай сипаттағы мәліметтер бухгалтерлік жазбада көрініс та-бады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық бірлігіне эсер етуімен байланысты. Барлык шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепте ақшалай өлшемде көрсетіледі. Әрине мұнда каржылық емес ақпараттар да көрініс табуы мүмкін, бірак ақшалай өлшем бірлігі салыстырмалы қаржылық мәлімет алатындай жалпы қолайлы өлшем бірлігі болады.
Кэсіпорындардың дербестік принцип! Банктің бухгалтерлік шоттары олардың иелері мен жұмыс-шыларының бухгалтерлік шоттарынан бөлек болуы керек. Бух-галтерлік есепті жүргізуші банк, занды түрде дербес, өздерінің меншік қатынасынан тәуелсіз. Банктің меншігі ол банк қүрылтай-шыларының меншігі емес, ал құрылтайшылардың меншігі банктің меншігі болып табылмайды. Бұл бухгалтерлік есептің барлык жүйесіне тән принцип. Бұның негізі - мүліктік меншік шотка салынғандар иесін және оның банкінің міндеттемесін бір-бірімен қиылыспауы керек, бөлек және жауапты болуы керек.
Үздіксіздік принцип/ Бұл принцип бойынша банк өз кызметін үздіксіз жалғастырады, яғни келешекте де қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға кемесе операциясын қысқартуға міндетті емес. Бір немесе бірнеше филиалдардың жойылуы немесе активтер сатылған жағдайда, келесі есепті кезенде активтер мен олардың нақты сатылған күны есепке алынады. Егер накты сатылған кұн есептіліктен кем болса, онда жасырын шығысты ескере отырып, оны шығыс пен пайда есебінде көрсету керек.
Өзіндік құн принципі Кәсіпорын қандай да бір күралдарды сатып алғанда, оларды алуға кеткен шығыстар, бухгалтерлік есепте көрсетіледі және осы құралдардың өзіндік құны болып аталады. Бухгалтерлік есепте барлык шаруашылық құралдар нарыктық бағасымен емес, өзіндік құнымен көрсетіледі.
Кертартпалық принципі Кертартпалық принципіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарльщтай сақтықпен көрсетіледі, себебі банктің каржылык
жағдайына төніп тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:
а) есепті кезеңнің аяғына дейін нақты алынған табыстар ғана есеп беруде көрсетіледі;
ә) есепті кезеңде немесе алдағы кезендегі барлық күтілген міндеттемелер және әлуетті жоғалтулар, тәуекелді жабуға резервте көрсетілуі керек, тіпті есептік мерзімінің аяғынан келесі қаржылық есеп беруге дейінгі аралық пайда болса да. Бұндай жағдайда кертартпалық принципі капитал саласының өсуін мынадай жағдайда ғана мойындайды, осы жағдай толық анықталғанда, капитал сомасының азаюы толық анық болғанда мойындайды.
Халықаралық есепте барлық резерв түріне байланысты өткіз-белер, пайданың қолма-қол және жеткіліктілігіне қарамастан, сәйкес тәуекелдің пайда болуымен байланысты жасалады. Бірақ кертарт-палық прицип жасырын дәлелсіз резервтердің құрылуын актай алмайды.
Материалдылық принцилі
Банк басшысына және инвесторларға шешім кабылдау үшін пайдалы барлық материалдық немесе маңызды ақпараттар қар-жылық есепте көрсетілуі керек.
Егер ақпараттардың жоқтығы немесе бұрмаланып берілуі есеп беруге пайдаланушының экономикалык шешіміне әсерін тигізсе ақпарат материалды болып табылады. Сондықтан материалдылық принципі маңызды емес жаңалықтарды ескермейді, тек барлық маңыздыларды тіркеп отырады.
Өткізу принципі Өткізу принципі табысты қай кезде санау керектігін анықтайды. Ол бойынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сәтте және тұтынушыға өнімді жеткізген кезден есептеледі.
Сәйкестілік принцип!
Бухгалтерлердің негізгі міндеті есепті кезеңдегі пайданы есептеу болып табылады. Пайда дегеніміз берілген есепті мерзімдегі табыс пен шығыс арасындағы айырма. Сәйкестілік прин-ципі есепті мерзімдегі шығыстың есебін реттейді. Оның мағынасы: күрделі табыс алумен байланысты шығыстар әр түрлі шығын-дардың жиынтығынан тұрады. Яғни табыстар және оған сәйкес шығыстар бір есепті кезенде көрсетілуі керек.
Тағы бір айта кететін жағдай, бухгалтерлік есеп - бұл жоспарлау,
реттеу, ұйымдастыру және ынталандыру кызметтері сиякты баскару функцияларының бірі болып табылады. Бұл басқарудың жетілдіру, нарықтық механизмінің құрылуы барлық бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуымен үздіксіз байланыста екенін білдіреді.
Кәсіпорынды басқару мақсаты үшін, каржылык және өндірістік-шаруашылық қызметтері туралы ақпаратты неғұрлым тиімді пайдалану үшін бухгалтерлік есептің озық әдісін пайдалануға, шетелдік оң тәжірибеге, бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудін халықаралық стандартына, есептеу техникаларын кеңінен қолдануға бағдарланған есептеу әдістерін пайдалану қажет.
Жұмыс үстінде бухгалтер шешуі қажет мынадай жағдайлар кездесуі мүмкін:
шаруашылық операциясы жүргізілген мезгілде анықтау, яғни сәйкестендіру мәселесі;
шаруашылық операциясының құнын анықтайтын бағалау мәселесі;
жіктеу мәселесі, яғни шаруашылық операциясы қандай түрде жіктелуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |