Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Құндылықтар Дағдылар



бет32/54
Дата19.05.2022
өлшемі7.15 Mb.
#457530
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
umk mom 2021-22

Құндылықтар

Дағдылар

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
- өмір бойы оқуға дайын болу

- сын тұрғысынан ойлау;
- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
- проблемаларды шешу қабілеті;
- ғылыми-зерттеу дағдылары;
- қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
- жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
- АКТ саласындағы дағдылар

«Математика» пәнін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады. «Математика» пәнін оқу оқушыларға:



  • математикалық әдістердің әмбебаптығын және олардың қоршаған әлемді зерделеудегі рөлін түсінуге;

  • әртүрлі мәнмәтіндердегі үрдістерді сипаттау үшін математикалық модельдерді құру әдістерін зерделеуге;

  • зерттеу әрекеті мен өмірлік жағдайларда қолдану үшін алынған математикалық білімдер мен дағдылардың пайдасын ұғынуға;

  • қойылған есептерді шешу үшін коммуникативтік дағдылардың кең спектріне ие болудың маңыздылығын бағалауға;

  • әрі қарай өз бетімен білім алу және түрлі есептерді, соның ішінде қолданбалы сипаттағы есептерді шешу мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндіктер береді.



Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалаудың спиральділік қағидаты, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі; - бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландырылу болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет