Материалдары



бет17/18
Дата25.02.2016
өлшемі1.58 Mb.
#20054
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Экономикалық қыры:

- халық шаруашылығындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншіктің парасатты түрде үйлесімі;



  • монополизацияландыру және өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі;

  • ғаламшардағы барлық тұрғындардың негізгі тіршілікке қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде мәдени игілікті, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру;

  • жергілікті тұрғындардың пайдалы қызметін тиімді және адамгершілік тұрғыдан ынталандыру.

Әлеуметтік қыры:

  • жер бетіндегі аштық пен қайыршылықты тамырмен жою;

  • балаларға, қарттарға, ауру мен мүгедектерге қамқорлық;

  • мектепке дейінгі және мектепте жалпы білім беру, балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу;

  • жалпы қол жететін кәсіби орта және жоғарғы оқу орындарынң жүйесін кең түрде дамыту.

Қорыта келгенде, тұрақты даму тұжырымдамасы біз көріп отырғандай, болашақтағы адамзат қоғамының барлығы біртұтас болуына бағытталған. Сондықтан, ол осы ерекшеліктерімен маңызды және үлкен мәнге ие болып отыр.

1992 жылыдың маусымында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша ҚОДК-92 (КОСР-92) Конференциясы болды. Оған 179 мемлекеттің басшылары, үкімет мүшелері мен сарапшылары, көптеген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылыми және іскерлік аумақтың адамдары қатысты. Конференцияда бірнеше маңызды құжаттар қабылданды:

- Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио Декларациясы

- Барлық орман түрлерінің тұрақты дамуы мен басқарылуы, сақталуы бойынша ғаламдық консенсустың принциптері туралы мәлімдеме.

- Жақын болашақтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық – экономикалық мәселелерін шешу үшін әлем бірлестіктерін дайындауға бағыттайтын 21 ғасырдың күн тәртібіндегі – құжаты.

2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001-2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негшізгі мақсаты – тұрақты даму институттары арқылы ведомоствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жеілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылдығын арттыру болып табылады.

Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметтің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібінде ХХI ғасырға тұрақты дамуын зерттеу, секторлық ынтымақтастықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындады.

Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспар негізінде болды. Экологиялық жобалар (Ғаламдық экологиялық қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «Қазақстан Республикасының кедейлікті жеңу бойынша бағдарламасы» т.б жүзеге асырылады. Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестіруімен Тұрақты дамудың Ұлттық кеңесі атқарушы орган немесе жеке жоба аясында 21- кезектегі мәселемен шұғылданады.

Қазіргі кезде де экологиялық жобалар басым. Себебі, «Көп тұтыныңдар», «Әрбір отбасына автокөліктен» девиздері биосфераның мүмкіндіктеріне қарама-қайшы.

Адамзат тарихында экономикалық өзгерулер, әртүрлі жобалар мен іс-шаралар ұзақ мерзімде табиғи заңдылықтармен жүзеге асырылса, ол экономикалық тиімді болып саналады. Керісінше, тез пайда әкелетін экологиялық салдарды есепке алмайтын жобалар шыығнды болады. Сондықтанда ұзақ мерзімдегі аралықта «неғұрлым экологиялық болса соғұрлым экономды болады» принципін ұстану керек.

Қазіргі кезеңде тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бірінші кезекте болып отыр. Яғни, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамассыз ету. Іс жүзінде аталмыш мәселелерді жүзеге асыру үшін экономикалық құралдар қажет. Мәселен, елде кең көлемдегі белгілі экономикалық механизмдердің анық бір бөлігі- төлемдер мен салықтар, сатылатын лицензиялар жүйесі, рұқсат беру мен квоталар, қайтарымды-кепіл жүйесі, құқықтық талаптар – нормативті орындамағандары үшін айыппұл мен төлемдер, келтірілген эклологиялық зиянның өтемақысын төлеу, экологиялық сақтандыру мен т.б қолданылады. Экономикалық механизмдерге экологиялық облигациялар, демеуқаржылар мен жеңілдіктер, қоршаған ортаны қорғау үшін берілетін, экологиялық талапқа сай сай емес өнімдерге төлемдер, экологиялық қорлар құру жатады.

Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық дағдайдың ушығып тұрған сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы- экономикалық даму процесін экология мүдессіне сай үйлестіре есепке алып жүргізу, яғни экономиканы экологияландыру.

Қоршаған ортаның ластануы қолданып отырған шараларға қарамастан, республикадағы күрделі экологиялық жағдайға әкеліп отыр.

Сонымен , экономиканың тұрақты даму концепциясы әрбір мемлекет үшін ең негізгі мәселе. Жалпы эколого-экономикалық саясатты әрбір ел өзінің салт-дәстүріне, меншік қатынастарына, діни танымдарына байланысты жүзеге асырулары керек.


УДК: 372.834

ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ ПРЕПОДАВАНИЯ ПРАВА

В СОВРЕМЕННОЙ ШКОЛЕ
Орынканова Ж.М., Усманова Э.Ж.

Семипалатинский государственный педагогический институт


Проблема преподавания права в школе — одна из наиболее актуальных на сегодняшний день, она вызывает интерес у учителей и методистов. Эта актуальность связана, с одной стороны, с переменами в нашем государстве и обществе — построение правового государства и гражданского общества. Этим объясняется и необходимость подготовки молодёжи, активной, с развитой гражданской позицией и высокой правовой культурой. С другой стороны, знание основ права, возможность ориентироваться в правовом пространстве, знание и умение защищать свои права необходимо каждому человеку в ХХI веке.

На сегодняшний день, несмотря на обширный круг выпущенных пособий, методических разработок остаётся актуальным и неоднозначным вопрос: как преподавать? Известно, что право является системой государственных норм, правил, предписаний, обязанностей и запретов. Такая его трактовка скучна для школьников, изначально настраивает их негативно по отношению к этому предмету. Для формирования у учащихся позитивного (не идеального) образа права и его роли в жизни общества и отдельного человека возникает необходимость менять способы подачи материала на уроках. Подчеркнём ещё раз, задача учителя не состоит в идеализации права, рассмотрения его как некой абстракции, абсолютной, необходимой, вечной и бесконечной. Изучение казахстанского современного права должно опираться на реальные текущие изменения. Особенно важным видится критическая оценка происходящего в политико-правовой сфере учителем, выделение положительных и отрицательных явлений. Это очень важно для совершенствования содержания уроков. Если мы хотим научить школьников воспринимать право положительно, выработать у них уважение к закону, необходимо, чтобы в изучаемом материале доминировали позитивные примеры изменений в правовой сфере. Понятно, что в любом, даже самом цивилизованном обществе наряду с положительными изменениями происходят и некие отрицательные. При формировании правового государства проблемы и сложности не исключаются, а наоборот, являются неизбежными. Замалчивать факты правовых нарушений при изучении соответствующих тем, естественно, нельзя. Учащиеся, особенно старшеклассники, подмечают все промахи и недочёты в функционировании правовой системы. Однако же на уроках желательно не акцентировать внимание на отрицательном, подчеркнув первостепенность и значимость существующих проблем для государства, законодательных органов власти и общества в целом, обозначить проблему для критического рассмотрения и решения на всех уровнях. При изучении правового материала на уроках целесообразно, основываясь на деятельном подходе, применение активных форм учебной работы школьников. К ним относятся: эвристическая беседа, самостоятельная работа учащихся с текстами различных источников (учебником, законами, кодексами, статьями СМИ), «мозговой штурм», написание творческих сочинений, дебаты, решение ситуационных задач, составление искового заявления и других документов, круглые столы, работа над текстами с допущенными ошибками, сопоставление и сравнение статей различных правовых документов. Особое значение имеет практическая направленность при изучении правовых вопросов. Ученик должен понимать: зачем изучается материал, почему он должен, к примеру, знать основные способы защиты прав человека. Школьникам не нужны знания об абстрактном праве, им необходимо знать, где, когда и как они будут иметь возможность их применять, зачем это нужно лично им. Только в этом случае можно добиться положительного результата.

Для успешного изучения права необходимо создать следующие методические условия:

1. Опора на документ.

Право формально определено, то есть прописано. Поэтому при изучении на уроках, например, отраслей права, требуется не личная субъективная трактовка учителем положений кодекса, а обращение самих школьников к «букве закона», то есть определённой статье того или иного правового документа.

2. Познавательный интерес учащихся к праву.

Ценностно-положительное отношение к праву способствует превращению его из «чужого», исходящего от внешнего по отношению к адресатам норм права авторитета, в «своё» право, способствующее интересам большинства членов общества. Это также обеспечивает надлежащую реализацию права, правомерное поведение. Это «превращение» возможно, если ученик поймёт, зачем изучает предложенный материал, оценит, чем эти знания могут помочь ему, причём не абстрактно, а конкретно, не в отдалённой перспективе, а здесь и сейчас. Учащиеся средней школы не достигли ещё возраста совершеннолетия, а значит и полной дееспособности, поэтому лишены возможности реализовывать большинство прав. Поэтому на уроках следует, во-первых, акцентировать внимание на правах и возможностях детей и подростков (актуальных для них), во-вторых, моделировать проблемные ситуации, проводить деловые и ролевые игры, где ученики «примеряют» на себя взрослые роли. Известно, что принцип соучастия в событии, который в полной мере реализуется в процессе деловых и ролевых игр, формирует личностное, заинтересованное отношение к изучаемому вопросу и его познанию.

3. Самостоятельная деятельность учащихся.

Учащиеся сами подбирают статьи законов, кодексов и конкретизирующие их примеры. Исследуют, анализируют, критически оценивают содержащуюся в них информацию.

4. Активная познавательная деятельность учащихся на уроках.

Отход от традиционного урока и широкое использование дискуссионных, игровых форм, решение задач, проведение семинаров, «круглых столов», использование проектных технологий. Успешное формирование правовой культуры обеспечивается только активной, эмоционально окрашенной деятельностью. Активность в процессе обучения позволяет школьнику быстрее и успешнее осваивать социальный опыт, развивает коммуникативные способности, формирует отношение к окружающей действительности.

5. Проблемное изучение.

Право неприемлемо изучать как готовые факты. Правовые вопросы требуют критической оценки, понимания сущности проблемы, поиска альтернативных решений. Педагоги-учёные (Б.Б.Айсмонтас, О.В.Нестерова и др.) к достоинствам проблемного обучения как одного из способов формирования правовой культуры относят следующие: Проблемное обучение способствует формированию определённого мировоззрения учащихся (высокая самостоятельность усвоения знаний трансформирует их в убеждения); формирует личностную мотивацию; развивает мыслительные способности; обеспечивает выявление учащимися новых связей в изучаемых явлениях и закономерностях.

6. Доминирование аксиологических (ценностных) характеристик права над охранительно-карательными.

Необходимо при изучении правовых проблем на уроках добиться, чтобы школьники воспринимали право как право «доброе», а не «злое». Учитель, который смог убедить ребят, что право не только запрещает и наказывает, но, во-первых, оно открывает возможности, защищает интересы граждан; во-вторых, является цивилизованной силой регулирования общественных процессов, феноменом развитого современного общества, без которого невозможно жить в ХХI веке, уже во многом справился с задачей формирования правосознания учащихся. Ведь известно, что «устойчивая положительная реакция личности на правовую действительность», — это одно из основных условий формирования познавательной активности юного человека.
Список использованной литературы


  1. Актуальные проблемы образования // Преподавание истории и обществознания в школе.-№7-2009.-с.9-17

  2. www.history.vuzlib.net

  3. www.his.1september.ru

УДК 338.124.4(574)


ҒАЛАМДЫҚ ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН

ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ
Орунханова Г.К.

Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Дағдарыс өнеркәсіптік айналымның бар кезенің сипаттайды және ол кезеңде өндіріс тоқтайды немесе қысқарады және жұмыссыздық деңгейі көбейіп, ақша құнсызданады.

Дағдарыс сөзі грекше «krisis», қазақшаға аударғанда «қиындық кезең» деп түсіндіріледі. Аумақтық белгісіне қарай экономикалық дағдарыстың екі түрлі болады: локальды және глобальды.

Экономикалық дағдарысты ішінара мынадай түрлерге: ақша, қаржы, банктік, төлем, өтімділік дағдарыстары және т.б ретінде бөліп қарастыруға болады..

Ал, енді бүгінгі дағдарысқа келетін болсақ, бұл ғаламдық қаржы дағдарысы және ол әлемдік экономикалық дағдарыстың құрамдас бөлшегі ретінде экономиканың қаржы секторының дамуындағы орын алған келеңсіздіктерден туындайтын жағымсыз құбылыстардың біріне жатады.

Ғаламдық қаржы дағдарысының пайда болуының ең басты себебі - бұл АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыс. АҚШ-тың эконмикасы өзінің тарихында осыған дейін әртүрлі дағдарыстарды басынан кешкен болатын: біріншісі – 1929-1933 жылдар аралығындағы «ұлы дағдарыс», оның салдары барлық әлемде көрініс тапты, екіншісі –20 ғасырдың 70 жылдардағы дағдарыс, ол мұнай бағасының өсуіне, инфляция деңгейінің жоғарлауына және доллардың құнсыздануына жол берген болатын. Сонымен қатар, АҚШ- та 1987 жылы биржалық дағдарыс та болған еді.

Бүгінгі күнге дейін АҚШ-тың үлесіне әлем өндірісінің 20 пайызға жуық бөлігі келеді десек, алайда оның экономикасының тұтынатын бөлігі одан жоғары немесе 35 пайызға жуық мөлшерді құрайды екен. Доллардың күштілігі өз кезегінде, ішкі тұтынуды сыртқы федеральдық қарыздар есебінен өсіріп, 2006 жылғы статистикалық мәлімет бойынша, ЖІО-нің 8,7 трлн. доллары сыртқы қарызды құрады. Бірақ, АҚШ- ғы соңғы жылдары орын алған бюджет және төлем балансы дағдарысының өсу қарқыны тұсында қарызды қаржыландыруды қолдау қиынға түскен еді.

Дағдарыс бізден емес, шет елден басталады, салқыны бізге де тиеді. Біздің экономикамызға дағдарыс әсерінің үш-төрт себебіне тоқтауға болады. Біріншісі, екінші деңгейдегі банктердін шет елден көп қаржы әкелуіне байланысты. Шамамен 46 млрд доллардан астам. Егер оған басқа несие алған кәсіпорынның қаражатын қоссақ 100 миллиард АҚШ долларынан асып кетеді. Ал біздің Қазақстанның ішкі өнімі 100 миллиард доллар. Сонда біздің бұл көрсеткіш қарызбен пара -пар болып тұр . Бұл, әрине, жақсы көрсеткіш емес. Кезінде үкімет бұндай келеңсіздікті тоқтатуы керек еді. «Мына артық ақшадан ертең қалай құтыласындар» – деп қадағалап сұрауға тиіс болатын. Осы жайлы елбасы ұлттық бақылау органдарында , Ұлттық банкке қатаң ескерту жасады. Екіншіден, халықаралық ұйымдардың мұндай жағдайға байланысты қоятын талаптары бар. Біздің әрекетіміз сол талаптарға сай болуы керек. Одан әрі кеткен жағдайда ел экономикасы қиындыққа ұшырайды. Дегенмен, сол қаржы арасында көп нәрсеге қол жеткіздік. Миллион текше метрдей үйлер, т.б сәулетті ғимарат салынды. Қазір Астана мен Алматыда , барлық облыс орталығында құрылысқа қатысты біраз нәрсе шешілді. Шешілгенмен баға да өсіп, шарықтап кетті. Осыған «байланысты нақты бақылау органдары қайда қарап отырды» - деді Елбасы. Неге алып- сатарлар жүгенсіз кетті деген әңгіме айтылды. Шындығында, бағаға нақты бақылау болуы керек еді. Нарықтық экономика дегенмен, еркін баға дегенмен келісімді жүргізетін саясат болуға тиісті. Мәселен, шет елдің билік органдарында мұндай жағдайда бағаны реттеп отыратын механизм бар.

Ұлттық валютаның девальвациялануы – АҚШ-тың қоса алғанда, барлық мемлекеттердің ұлттық өндірісін қорғау үшін мәжбүрліктен баратын дағдарысқа қарсы қорғаныс шарасы.

Әлемдік дағдарыс зардаптарын алғашқылардың бірі болып 2007 жылдың қыркүйек айында-ақ сезіне бастағанына қарамастан Қазақстан девальвацияны көптеген елдерден кейін жүргізіп отыр. Әлемдік дағдарыстың алғашқы толқынын Қазақстан теңгенің тұрақтылығы жағдайында енсере білді. Уақыттан ұту өзге елдердегі (Украйна, Ресей, Беларусь) девльвацияның теріс сценарилерін бағалай отырып, әлемдегі жаңа ахуалды ескеруге, сөйтіп, ұтымды жолды таңдауға мүмкіндік берді.

Қазір жедел де, батыл түрде девальвация жүргізетін сәт туып отыр. Ол бірінші кезекте көршілес Ресей мен Қытайдың алып рыноктарында өз өндірушілерін қолдау үшін рубль мен юань девальвациясының жүруіне байланысты туындап отыр.

Ресей үкіметі рубльді девльвациялау туралы шешім қабылдады. Центрбанк пен үкімет бұл сценариийден үлкен үміт күтіп, жағдайдың бұлайша өріс алуы экспорттаушы компаниялардың табысын және жергілікті жерде өндірілген тауарларға сұранысты ұлғайтады деп есептеді. Ресей сарапшыларының пайымдауынша, егер ел үкіметі рубльдің құнсыздануынан бас тартса, ол отандық экономикадағы теріс тенденцияларды тереңдетіп, оның өзі экспортқа бағытталған өнеркәсіптің күшті ықпалының ұрынуына әкеліп соғар еді.

Қытай басшылығы да юаньнің девальвациялану саясатын жүзеге асыруда. Қытай валютасының одан әрі де құнсыздануы барынша «қисынды қадам» деп есептейді сарапшылар. Юаньнің девльвациялануының кешігуі Қазақстан экономикасының нақты секторын рубль мен юаньнің құнсыздануы салдарынан өнімдер экспортының өсуіне және бүтіндей алғанда экономикалық өсуді сақтауға ықпал ететін болады.

Сарапшылардың пайымдауынша, үкімет Ұлттық банк және қаржы қадағалау агенттігі елдегі экономикалық және қаржылық жағдайды бақылауда ұстап тұр, сол арқылы девльвация туралы шешімді де ел үшін өте тиімді сәтте қабылдады.

Сондықтан, девальвация дегеніміз ол қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін көрсетеді. Девальвация отандық өнеркәсіптің шетелдік компаниялары отандық рыноктан ығыстырып тастауына мүмкіндік береді. Себебі, ол импорттық тауарлар бағасын өсіріп, жергілікті тауарларға қарағанда олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, сол арқылы импортқа шектеу қояды, яғни өз тауар өндірушілерімізге жағдай жасалады.

Девальвация Қазақстандағы өндірістегі тауарлардың өзіндік құнын төмендетеді, демек, инвестицияларды кеңінен тарту үшін жағдайлар жасайды.

Негізінен алғанда, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға өз өнімдерін өткізу барған сайын күрделенді. Демек, осыған сәйкес девальвация салдарынан тауардың теңгеге шаққандағы құны айтарлықтай төмендейді.

Девальвация Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемдік рыноктарға шығу үшін жағдай жасайды.

Әкономикалық өсуге қолдау көрсету мақсатында Қазақстанда бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес сектордың өндірістерін ашуға жағдай жасайтын 30 корпоотивтік көшбасшысы бағдарламысын жүзеге асыру жөнінен белсенді жұмыстардың жүргізіліп жатқаны белгілі. Оның сыртында, экспортқа бағдарланған өндірістер құру мақсатында мемлекет агроөнеркәсіп кешенін дамытуды белсенді қолға алуда, ал ол орталық Азия өнірінде азық- түлік тауарларын негізгі жеткізіп беруші ретіндегі жетекші позицяға ие болуға мүмкіндік береді.

Дағдарысқа қарсы күрес шеңберінде үкіметтің экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға салмақ салып отырғанын ескергенде теңгенің девальвациялануы дағдарысқа қарсы дұрыс шара болып табылды.

Өнеркәсіптік Қытай мен Азиялық жолбарыстар тәжірибесі нені көрсетеді? Белгілі болғанындай, олардың табысының құпиясы – ұлттық валютаның салыстырмалы түрде төмен бағамен ұстануында.

Қытай үкіметі дәстүрлі түрде әлсіз юань протекциянистік саясатын ұстанады, ол мұндай саясатта тек АҚШ жағынан қысым болғанда ғана бас тартады. Соңғы жиырма жыл бойына ұлттық валюта бағамын жасанды түрде төмендете отырып, қытай арзан өнімдер шығарады және солармен рынокты толтыру арқылы ІЖО-нің жоғары өсу қарқынын ұстап тұрады.

Қазақстан мен Ресей тәжірибесі -1998 жылғы кеми бастаған валюта резерві Үкіметті валютаны девальвациялауға мәжбүр етті. Рубльдің девальвациялануы импорт жағдайының айтарлықтай төмендеуіне, экспорттық позицияның күшеюіне алып келді. Рубльмен шығындар жұмсаған сайын ресейлік тауар экспорттаушы кәсіпорындар бәсекеге қабілетті бола алды. Ол Ресей экономикасының өз дамуында секіріс жасауында жағдай жасады, егер 1998 жылы бұл ІЖО кері сипатта болса , араға бір жыл салып, 1999 жылы ІЖО өсімі 6,4 пайызды, ал 2000 жылы он пайызды құрды.

Девальвацияның халық үшін пайдасы неде? Бұл сауалға мамандар былайша жауап береді. « Девальвация –ол халық салымдарын сақтау тәсілі».

1997 жылы қазан айында Алматыда Елбасы бірінші рет «Қазақстан 2030» Стратегиялық даму бағдарламасын жария етті. Содан бастап ел президенті мемлектіміздің ішкі дамуын, сыртқы саясаттағы атқарылып жатқан жұмыстарды, алдағы тұрған мақсат-міндеттер туралы жыл сайын осындай жан-жақты терең мазмұндағы жолдауымен Қазақстан халқына шығып, даму бағытымызды айқындап берді .

Елбасымыз өзінің биылғы жолдауын дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға деп атады. Бұл жолдаудың әрбір қазақстандықтың күткені анық. Себебі, қаржы дағдарысы бүкіл әлемді қамтыған кезде қазақстан қандай іс шаралар атқарады.? Еліміз әрі қарай қалай дамиды? - деген сұрақтардың әрбір азаматтың көкейінде жүргені күмән туғызбауы керек.

Жолдаудың басты ерекшелігі – дағдарыстан шығудың жолдарын нұсқағандығында. Қазақстан қалай тұрақты даму жолына түседі? - деген сұраққа елбасы өз жолдауында нақты жауап берді. Жолдаудың негізгі бағыттары дағдарыстан шығу бағдарламамызға сәйкес Қазақстанның келешекте тұрақты дамыған мемлекеттер қатарында болуын қарастырды.

Қазіргі дағдарысты еңсеруге байланысты экономикасы дамыған елдердің өздері 10 трлн. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсап отыр. Осы көрсеткіш бүкіл дүние жүзі бойынша жалпы ішкі өнімнің 15 пайызын құрайды. Бұл - өте көлемді қаражат. Қазіргі кезде дағдарыстан қалай шығамыз, оның қандай жолдары бар?

үкіл әлемнің экономистері мен белгілі тұлғалары зерттегенмен, ешкім бұл сұраққа нақты жауап бере алмай отыр. Өйткені, бұл-күрделі құбылыс, әлемдік дағдарыс.

Елбасымыз халыққа жолдауын осы дағдарысқа қарсы тұратын нақыл бағдарлама ретінде айтты. Осы бағдарлама негізінен екі бағытта орындалады. Оның бірі экономикалық бағытта, екіншісі әлеуметтік бағытта. Біріншісіне тоқталсам, өткен жылы біздің ұлттық қордан экономиканың бес саласы бойынша арнайы қаражат бөлінді.

Әлеуметтік салаға байланысты Үкіметтің атқаратын жұмыстары туралы ерекше бағдарлама қаралды. «Елбасымыз бұл дағдарыс өтеді, кетеді, мемлекет, оның тәуелсідігі, ұлттың мұраты, ұрпақтың болашағы деген құндылықтар мәңгі қалады»,- деп Жолдауын осындай тұжырыммен бастады. Соған сәйкес, үкімет жолдауды іске асыруға байланысты арнайы бағдарлама қабылдап, оны «Жол картасы» деп анықтап, «экономиканы қолмен басқару» деген ұғымдар енгізді. Апта сайын бюджеттен жұмсалатың қаражаттың мониторингін жасап отыруды тапсырып, 2009 жылға арналған іс- қимыл жоспары белгіленді. Оны үкімет бекітті.

Елбасы дағдарыс кезінде қаржы тәртібін бұзбауға, оны орындауға шақырып, уақтылы нәтиже беруіне жұмыс жүргізуіміз керек екенін айтты.

Елбасымыз жолдауын қорытындылай келе, барша қазақстандықтар үшін бірлік пен ынтымақтықтың аса маңызды. Сондықтан, қандай да болмасын дағдарыстан шығу дұрыс саясат пен халықтың бірлігіне байланысты.


УДК 338.124.4(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН

МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ
Готман Л.А.

Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Қазіргі кездегі ұйымдастырылған және жан-жақты заңдастырылған нарықтық шаруашылық жүйесінде бағалы қағаздардың орны ерекше.

Бағалы қағаздар – мүлік құқығын көрсететін, одан табыс алуға мүмкіндік беретін белгілі де қатал заңдастырылған формадағы құжат.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және биржасы туралы» 1996 жылғы 21 сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит сертификаттарын және вексель Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 15 наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңына сай жүргізіледі. Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады

Мемлекет бағалы қағаздар нарығына келесі бағыттарда ықпал жасайды: біріншіден, мемлекет мекемелері бағалы қағаздар нарығын реттеп ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:

а) акционелік қоғамдардың қатысу тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат алу түрлерін реттейді.

б) бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық түсімдерін реттейді.

в) биржалық қызметін және бағалы қағаздармен операциялар түрлерін анықтап реттейді.

Екіншіден, мемлекет мекемелері нарық субъектісі ретінде бағалы қағаздар нарығына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлект облигациялар, қазыналық міндеттемелер сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.

Үшіншіден, Орталық банктің ақша-несие саясаты арқылы бағалы қағаздар нарығына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор нарығындағы жағдай ақша көлемін реттеуменжәне несиені қолдау немесе ірку саясатымен тығыз байланысты. Орталық банк коммерциялық банктердің ақша резервтеріне бастауы да, тоқтауы да мүмкін. Ақша массасының қысқа мерзімдіе реттеу үшін Орталық банк қазыналық міндеттемелерді сатады және қайта сатып алады. Бағалы қағаздардың бұл түрін коммерциялық банктерден басқа ірі фирмалар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары сатып алады.

Қазақстан Республикасында да бағалы қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріспен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастыруды тереңдету керек. Қазақстан экономикасын өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың нақты секторына жұмсауды қажет етеді.

Сонымен тұрғындардың сақтаған қорларын банк және бағалы қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Қ.Р.-да бағалы қағаздар нарығын дамытуда, кездесіп отырған мәселелерді шешуде көптеген бағдарламалар, мемлекеттік саясаты, реформалары қабылданып, іске асырылып жатыр. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың бағыт-бағдарын айқындайтын негізгі бағдарламалар, «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы, «Қазақстанның әлемнің 50 дамыған мемлекеттер қатарына ену» стратегиясы, «2010-2015 жылдарға арналған индустриалды – иновациялық даму» бадарламасы, «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» т.б. Осы бағдарламалар негізінде елімізде бағалы қағаздар нарығын дамытудың бағыты келесілер болып отыр:



  • Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту;

  • оны ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамассыз ету;

  • бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкіндіктерді кеңейту;

  • инвесторлардың құқығын қорғау және адал бәсекелесті қамтамассыз ету.

Ішкі және сыртқы нарықтарды инвестициялау үшін едәуір ақша көлемінің болуын ескере отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы бағалы қағаздар нарығына халықаралық сыныптағы кәсіпқойлар талап етіледі.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін жеке тұлғалардың ондағы инвесторлар ретіндегі белседілігін арттыру айтарлықтай қолайлы. Алайда, бұл бағалы қағаздар нарығы қалай құрылғаны және қалай жұмыс істейтіні жөніндегі арнайы білімсіз мүмкін емес. Халықпен бағалы қағаздар нарығы туралы жүйелі түсіндіру әрі ақпараттық жұмыс қажет. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының негізгі 1992 жылы қалыптасса да, әлі де өз шешімін таппаған бірнеше өзекті мәселелер бар. Бұл мәселелердің туындауына еліміздегі қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы, заңдылық негіздің ауыспалылығы, еліміздегі қалыптасқан экономикалық жағдай және т.б.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы үшін алға қойған мақсаттардың бірі болып елімізде тұрақты дамыған техникалық инфрақұрылымы жетілген бағалы қағаздар нарығын құру. Бағалы қағаздар нарығын дамытудың басты бағытында өзекті мәселе болып ынталандыру құралдарының тапшылығын қалыптастыру үшін қажетті жағдай болып келесілер табылады: - техникалық инфрақұрылымды дамыту: институтционалды инвесторлар үшін ішкі жағдайын қалыптастыру : - бағалы қағаздар нарығын реттейтін екі деңгейлі жүйені қалыптастыру: аталған мэселе шеңберінде қазақстандық бағалы қағаздар эмитенттерінің институционалдық тартымдылығын көтеру қарастырылады. Бұл мәселені шешуде корпоративті басқару нормаларын сақтаудың, шағын акционерлердің құқықтарын қорғау принциптері, акционерлік қоғамдардың қызметіндегі төлем тәртібі және акционерлік қоғамдардың қызметінің айқындығының бағалы қағаздардан алынатын салықтардың салықтық заңдылықтағы бөлігінің ролі ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен туындайтын мәселе — бағалы қағаздардың ақпаратты қайтымдылығы - айқындылығы. Бұл мәселені шешуде бағалы қағаздар нарығында барлық акционерлік қоғамдардың қызметінің ақпаратын бір орталықтанған жүйені құруға ынталандырудың орны ерекше. Бұл мәселе тек қана акционерлік қоғам емес, сонымен қатар қаржылық нарықтың және халықтың акционерлік қоғамының қатысушыларына да қатысты. Қаржылық нарықты функциялайтын толық бағалы қаржылық құралдарды құру қажет.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында агенттік облигацияларды ынталандыру құралы ретінде енгізсе, ол бірінші кезекте мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асырып, экономиканың басымды салаларында ішкі жэне сыртқы капитал нарығында қаржылық ресурстардың өзара айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады. Басқа мемлекеттердің компанияларының бағалы қағаздарын ішкі инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оларды тарту келесідей жетістіктерге қол жеткізуге жағдай туғызады: - өздерінің инвестициялық портфельдерін және тәуекелділіктерін диверсификациялау; - жергілікті валютамен шетел бағалы қағаздарынан табыс алу, ол үлттық валютаны реттеуге және жағдай жасайды; жергілікті жэне шетел эмитенттерінің бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларға қызмет көрсету есебінде трансакциондық шығындардың төмендеуіне қол жеткізу; - ұлттық бағалы қағаздарды шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына сәйкесінше ауыстыруды талап еткен жағдайда орындау. Корпоративті бағалы қағаздармен байланысты туындайтын мәселе болып батыс фирмаларының бағалы қағаздарының Қазақстандағы жетекшілендірілген бағалы қағаздарының әлдеқандай құнының жоғары болуы және де потенциалды өсуге мүмкіндігі бар болуы табылады. Корпоративті бағалы қағаздар инфрақұрылымының даму деңгейінің төмен болуы келесі себептермен байланысты: - көптеген акционерлер және басшылар бағалы қағаздар нарығының шығу жағдайында акционерлік қоғамға бақылауды жоғалтып алу қаупі; - қажетті инфрақүрылымның жоқтығы, яғни келісімшартты орындауда технологияның, тәртіптің, ереженің болмауы; - тіркеушімен байланысты жұмыс нормалары толығымен өнделмеген; - мүлік құқығын қайта тіркеуге толық сенімділіктің жоқтығы. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бағалы қағаздарға қатысты менеджменттің жетілуіне және олармен жұмыс істеу стратегиясының өндеуіне қаржылық құралдар түрлерін көбейтуіне қажеттілік тудырады. Оларды шешудің келесідей жолдары бар: мемлекеттік емес бағалы қағаздар айналымын қалыптастыру, клиенттердің сұранысын толық қанағаттандыру, банкілік және қаржылық компаниялардың персоналдардың деңгейін көтеру және т.б.

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы, мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік — психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мэселелерге:

1. Нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

2. Бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

3. Заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

4. Салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

5. Бағалы қағаздар нарығының материалдық - техникалық негізінің аздығы; 6. Нарық инфрақүрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.

Ал, әлеуметтік - психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды. Бағалы қағаздар нарығына мамандарды бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық банктің осы іспен шүғылдануға рұқсат берген орталықтары дайындайды. Оқу орталықтарының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырады. Аттестациялық комиссияның құрамына Ұлттық банктің бір мүшесі оның басқармасы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтін бас басқарманың мамандары кіреді.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі - кіші және жалпы жеке меншіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің эрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырады. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуынан мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни немесе нарықтық үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.

Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар: 1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып тасталған акциядан түскен ақша — ол «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі, акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешілді. 2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен қаржыларымен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды Сондықтан, мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын бзасқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді. 3. Саясат факторы - дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі - халық. жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығы жүзеге асыру — бүгінгі кездегі ең өзекті саясат (халықтың әлеуметтік менталитетін есептегенде). Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет