Материалдары



бет15/18
Дата25.02.2016
өлшемі1.58 Mb.
#20054
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Пайдаланған әдебиеттер:

1. М.Қ.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995. 86-бет.

2.С.К.Рүстемов. ХХ ғасыр басындағы түркі-мұсылмандық студент жастардың қозғалысы. //Бекмаханов тағылымы-2004. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. А., 2004. 18-19 мамыр, 54-бет.

3. Бұл да сонда.

4. М.Қ.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995. 92-бет.

5. К.Н.Нұрпейіс. Алаш һәм алашорда. А., 1995. 34-бет.

6. Б.С.Сайлан. ХХ ғасыр басында қазақ жастарының саяси санасының қалыптасуы және оған Алаш қайраткерлерінің ықпалы.// Шәкәрім. 2008. №6-7, 160-бет.

7. Бұлда сонда, 161-бет.

8. Омбыдағы “Бірлік” қауымы//Қазақ. 1918 жыл, №259, 12 қаңтар.

9. Бұл да сонда.

10. Алашорда ұлтшылдарына комсомолда орын жоқ.//Лениншіл жас.1937. №5,10қаңтар.

11. Бірлік. // Абай. 1918. №3.

12. Бұл да сонда.

13. Игілік іс. // Сарыарқа. 1917. №2.

14. Бұл да сонда.

15. Шығыстағы “Талап” ұйымы.//Сарыарқа. 1917. №13, 14 қыркүйек.

16. Бұл да сонда.

17. Бұл да сонда.

18. Қазақ-қырғыз жастарына. // Абай. 1918. №3.

19. Б.С.Сайлан. Қазақ жастарының тұңғыш ұйымдарының тарихы..// “Қайнар” университетінің хабаршысы. 2008. №2/2, 62-бет.

20. Бірлік. // Абай. 1918. №3.

21. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. А.,2001. 597-бет.



ҚАРТ ҰСТАЗ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚ ИНТЕЛЕГЕНТІ
Дүйсенбаев Қ.,

Семей қаласы.


... Өмір жайлы не түсінем мен деген,

Өмір жайлы сұрай берме сен менен.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар.

Өміріне кегі кеткен, өлмеген.

Жалғыз айып тағылғанда көлденең,

Ақиқаттың аппақ туын бермеген.

Содан сұра, содан сұра өмірді,

Нені көрді, нені сезді, не білді.

Неге ақылды ақымақтан жеңілді,

Біреу жылап, біреу неге көңілді,

Содан сұра, содан сұра өмірді...

(Мұқағали Мақатаев)
Әкем шашын тақырлап алғызып, басына тақия, костюм шалбар киіп, галстук тағып жүретін. Жас кезінен қалада болғанының әсері ме екен. Адам баласының өзіне пір тұтатын адамы болады ғой. Әлиханды көріп, бірге жүргендігі болар. Жас кезінен, мұрт қойып, Әлихан Бөкейхановқа ұқсағысы келетіндігін енді түсіндім. Мектепке келген жас мұғалімдер, әкемді «ата» деп атайды екен. Қырық, қырықбестегі мұртты адамды шалға теңеу емес. Бұл ағалықтың парасаттылықтың, жас мұғалімдерге үлгі болғанның белгісі.Ұлы Отан соғысында болған. Әскери билетінде жалаң бас мұртты суреті бар еді. Мектеп мұғалімі, құрмет белгісі орденінің иегері, сол қаратаяқ адам туралы айтпақпын оқырман.

Қонанов Дүйсенбай 1896 жылы Семей уезі, Шыңғыс болысының,бесінші ауылында дүниеге келген. Әкесіне азан шақырып қойылған аты Мұхаметжан біртоға, көп сөйлемейтін, қолы шебер, етікші болған. Немере ағам Башеев Дүр (Дүрмұхамет) ақсақал айтып отырушы еді. «Бірде таң мен ерте малдарын өріске шығарып бара жатқан малшы: атын ерттеп жатқан Қонаннан «таң атпай қайда жиналдың»? –деп сұрапты. (Оразбай Құнанбайдың айлакер, жуан тәкаппар немересі / Абай жолы 262 б/) Оразбай етік тігіп бер деп сәлем айтқан, соның ауылына барайын деп жатырмын –дейді. Кешке қарай малшы малын ауылға айдап келе жатса, атам алдына өңгерген бір тоқтысы бар қайтып келе жатады. «Қонан-ау етікті тігіп болып қойдың ба»?-деп қойшы таң қалады. Сонда, «ой құдай-ай Оразбайға да екі күн керек пе»?- деп, күле жауап берген екен. Ауыл аралап қона жатып етік тігеді, сондықтан болар жеңгелері қойған аты «Қонан». Қонанның бес ұлы болыпты. Тұңғышы Жангелді білімді, ақынжанды туған туысты бауырына тартатын өте бауырмал адам, үйленбеген. Екінші Биғали үйленбеген қалжыңбас, сөзшең адам болса керек. Үшінші ұлы Нұрғали, құдай деген бес уақыт намазын қаза қылмайтын, байсалды, көп сөйлемейтін, өте ұқыпты, таза киінетін, жомарт адам болған. Төртінші баласы Дүйсенбай сауатты,арабша хат танитын молдалардан оқыған көзі ашық. Кенжесі Жексенбай өжет, қайсар, өткір жігіт, үйленбеген. Ұлы Отан соғысына кетіп, оралмаған, белгісіз кеткен.

Дүйсенбай 1909 жылдан 1913 жылға дейін Базаралыұлы Иқаттың (Абай жолы романындағы Базаралы, ав.) малын бағып күнін көріпті. Мал соңында жүріп, намысшыл бала ойға кет еді. Бұл не тіршілік, осы күнімнен құтылар не шара бар. Қалаға барып, басқадай тірлік жасап, басқаша өмір сүргісі келеді. Әкесі Қонан қайтыс болған соң, ағайындарымен ақылдаса келе қалаға кетуге бел буады.1913 жылы кірешілерге*(мал өнімдерін таситын) еріп, Семей қаласына келіп «Затондағы» тері заводына жұмысқа түседі. Арабша хат танитын пысық жігіт, кешкі мектепте оқып 4-класстық білім алады.

-«Біздің қалада Әлихан Бөкейханов бастаған «Алаш» партиясы құрылып, қазақ халқының бостандығы, тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр. Еліміздің зиялы қауымы, оқыған азаматтар осылар жағында, соларды қолдауда»,-деп бір сырдың бетін шығарды. Оған қолайлы үй (қазіргі Ғ.Тоқай №92) Оспан Қасеновтың үйі еді. Алаш арыстарының тұрағына айналып, көптеген күрделі мәселелерді шешуге ыңғайлы орын болды. Нәтижесінде Семей қаласында құрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар бірінші Алаш атты әскери полк ұйымдастырылды.(Семей таңы, №51,18/12/2008ж. Ә. Бапанова)

С.Торайғыров «Әлиханның Семейге келуі» 1917 жылғы 21 қазанындағы мақаласында:

«Көш бастаған еріміз!

Қуанышта еліңіз.

Төбеміз көкке жеткендей,

Көкіректен бүгін кеткендей,

Сізді көріп шеріміз.

Еліңіздің бұл шағын,

Алаш туын һәм бағын,

Көзбен көріп төленді,

Көптен бергі теріңіз,

Алаш туын қолға алған

Қараңғыда жол салған

Арыстаным келіңіз!»- деп жырға қоса жазады.

1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда өкіметі құрылғаны жарияланып, ал Алашорданың уақытша тұратын орны Семей қаласы болып белгіленді. Семей ол кезде озық ойлы, прогресшіл көзқарасты орыс демократтары Достоевский, Михаэлис, Долгополов, Коншин, т.б.тағылымы мен ұлы Абайдың мұрасынан ғибрат алып, рухтанған қазақ зиялыларының үлкен бір тобы бас қосып, жиналған еліміздің мәдени-рухани орталығына айналды. 300 жыл отарда болған, Рессей патшасының құрамындағы елдің, бостандықты аңсап, тәуелсіздік алатын уақыты туды деген сөз. Бұдан сәтті, бұдан қолайлы шақ болмас сірә.

1918 жылы 6 наурызда Семей семинариясының студенті, алаш азаматы Қазы Нұрмұхаметұлы жазықсыз оққа ұшқанда Шәкәрім ақсақал халыққа арнап сөз сөйледі. «Әлеумет! Мына жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер, бұл күнгі һәм мұнан соңғы ұлтым деген азаматтар мына мен сияқты болып ұлтым деңдер деп өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты Қазы еді. Қазы – би деген сөз. Қазы билігін айтып кетті», -деп көз жасын тия алмаған Шәкерім. Қаралы жиынға қатысып сөз сөйлегендер ішінде Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсеков, Мұстақым Малдыбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар болған. Осы жиында жерлесі, Шәкәрім тебірене сөйлегенде, Қонанов Дүйсенбайдың да болуы мүмкін. Алаш жұртының жігерін жаныйтын, намысын қайрайтын жиын еді бұл.

Жас жігіттің, маңайында жолдас жора көбейді. Қара жұмысқа қатайып, пісіп өскен, бұлшық еттері ойнап, еңбек десе жанып түседі. Жақсы жұмыс істеп, алдыңғы қатарлы жұмысшы атанады Бес саусағынан өнер тамған, шебер жігіттің, жақын достары біліміңді жетілдір, ары қарай оқы дейді. Арабша жазу сызу білетін, орысшы, татарша тіл білетін сауатты жігіт. Дос жарандарының ақыл кеңесін құп алады және солардың көмегі тиеді. «Қазына қаражаты есебінен 1920- жылдың жазында Орынборға аттандым» -деп жазады өмірбаянында. Қазақ елінің астанасына барғанда кімдер қарсы алды, кімдермен кездесті, кімдер мен жүрді? Орынбордағы ойшыл азаматтармен бірге оқыды емеспе. Ол жақта үш жыл жүріп өмірге деген түсінігі кеңи түседі. Жаңа өкіметтің саясатын жаңаша түсінуге тырысады. «1920 жылғы 26 тамызда В.И.Ленин мен М.И.Калинин Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Советінің «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Советтік Социалистік Республикасын құру туралы» Декретіне қол қойды. Қазақстан Советтерінің сол жылғы қазан айында өткен құрылтай съезі РСФСР құрамында Қазақ АССР –інің құрылғанын жариялады». Әлем оқырмандарына аты мәшһүр Жюль Веріннен соң араға қырық жылдай уақыт салып ағылшын жерінде Хэрберт Уэльс тікелей мұрагері іспетті орнын басты. Сол Херберт Уэльс 1920 жылы Кеңес Одағына сапарлап, пролетариат көсемі В.И.Ленинмен кездесіп, «Ала көлеңкедегі Рессей» атты кітап жазған. Онда ол кеңестік қоғамның ұзақ тұратындығына сенбеді. Рессейді түн қараңғылығы жамылып келе жатқандай елестеткен жазушы Ленин жайындағы эссесін «Кремль қиялгері» деп атаған. Бұл фантаст жазушының көріпкелдігі еді, ұлы держава жетпіс жыл ғана өмір сүрді емеспе?

1923 жылы Орынбордағы медтехникумды аяқтап, фельшерлік мамандықты игереді сонымен қатар 7- класстық білім алды. XX ғасырдың басында ғылым жетістігі өріс ала бастаған. Қазақ халқы мал өсіріп, ен жайлаған кең даланың иесінің ең қажетті маманық, және заман талабы, мал дәргерлері болатын. Малы саудың -жаны сау. Мыңыраған малың болса, банкідегі ақшаң да, құнды қағазың да, депозитің де сол. Олай болса елінің малын емдеп, көбейтуге үлес қосқаны емес пе. Ел аралап халқының малын емдеп жүргенде, өкімет малды ортаға ала бастады. Кеңес өкіметі, «азия халқын сауаттандыру» мақсатында латын әрпін кіргізді. Бір-ақ күннің ішінде халық «сауатсыз» болып шыға келді. Жаңа өкімет жаңаша оқытып жаңа тарих жасады. Көп ұлттан «кеңес ұлтын» шығармақшы болды. Бұл саясаттың астары «қалың» еді.

Дүйсенбай ағартушылық жолға түсу мақсатында, оқуын ары жалғастырады. Өзінің замандасы әрі жерлесі Мұхтар Әуезов дәріс беретін мұғалімдер училищесінің, екі айлық курсты оқып, мұғалімдік жолдама алады. XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы ел арасында мұғалім деген сөз «профессор», дипломы болса, тіпті «академик» деген атақпен теңестіруге болар еді. Обл ОНО – ның бұйрығымен Жарма ауданында 1932 жылдарға дейін «Ақжол», «Қапанбұлақ», «Шакей», «Қарашоқы», «Қызыл ағаш» мектептерінде мұғалім және мектеп меңгерушісі қызметтерін атқарады. (Зав.Жарминским Рай ОНО Ш.Асылбаев. справка №70 24.02 1951ж.) Жаңалыққа жаны құмар жас жігіттің, көргені көп байсалды азаматқа айнала бастайды.Оқып білгені бар, сауатты адам қалыптасады. Патшаның тақтан құлағанын, төңкерісті, Кеңес өкіметінің орнауын, басынан өткереді. Өнерлі шебер, қамшы өріп, ер қосып, домбыра шабатын, бір сөзбен айтқанда ағаштан түйін түйеді. Ұзын бойлы, әзілқой қалжыңбас, көргенде көз тоярлық, оқыған білімді мұғалім жігіт. Отызда орда бұзар жігіт жасы. Кез келген адам жігіт болсаң осындай бол дейтіндей шағы. Жаңа заман куәгері «Алаштың астанасы Семейде» жүріп, қалайша алашодашылармен араласып, танып білмеді?- деген сауал көкейімде жүретін. Бұған жауапты туысым қарт журналист Кеңесқазы Бәшей берді. 1963 жылдың жазы болатын. Алматыға жоғарғы оқу орнына түсіп келген кезім. Алғашқы ұстазым әрі туысым Дүйсенбай мұғалімге сәлем бере бардым. Ауырып жатыр екен. Әңгімелесе отырып шәй іштік. Сонда есімде қалғаны «Қытайда өткен Алашордашылардың съездіне бара алмай қалғаны туралы айтып еді. Жас кезім, «Алаш кім? Алашордашы кімдер?» мән беріп толық сұрамаппын да» –деді ұзақ ойланып.



1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған бастауыш 4-кластық білімі бар Гая Ицкович (Филипп Исаевич) Голощекиннің «көгенде лақ, байлауда бұзау қалмасын, барлығын ортаға өткізіңдер» деген жарлығы шықты. Кедей кепшіктің, орта шаруаның алдындағы барлық малдарын ортаға қабылдап алды. Байлардың үйір –үйір жылқылары иесіз, тау тасқа жосып, ит құсқа жем болып, тістегеннің аузында, жұлғанның жұдырығында кетті. Ортаға ешкімде толық тізімдеп, түгендеп ала алған да жоқ. Өйткені малының санын иесінен басқа ешкімде білмейтін-ді. Байларды қудалап компескеледі. Мойынсеріктер, артельдер ,колхоздар құру жұмыстары жүре бастады.Осындай ұйымдастыру, сайлау кезінде мынадай оқиға болған екен. Өкімет өкілі жалпы халыққа коммунаның не екендігін түсіндіреді. Саяжан қол көтеріпті. Өкіл «айт Саяжан кімді сайлаймыз»- десе мені сайласын депті. Сөзге тосылып қалған өкіл не ітейміз десе отырғандар сайлаймыз, сайлансын, сайлансын- депті. Сөйтіп өзін- өзі ұсынған, Саяжан ақсақал артельдің председателі болыпты. Қазақтың оның ішінде қыр қазағының тек мал мен мал өнімдеріне иек сүйеп, киім, қаражат, тамақ қылып күндерін көріп отырған. Бар жақсылықты сөз жүзінде үйіп төкті. Қыз келіншектерге ер азаматпен тең боласыңдар! Шаруаларға жерге өздерің иесіңдер, малды алғашқыда кедейлерге бөліп беруі, «іс жүзінде» партия басқаратын ат төбеліндей адамдардың айтқаны ақ, болып шыға келді. Болшевиктер партиясы атынан шебер сөйлегендер адал ұлдары болды да, бағы тайғандар халық жауы болып есептелді. Жомарт, ақылды берекелі байлар мал мүлкінен айырылып бір-ақ күнде болшевиктердің «қас жауы» болып есептелді. Жалпы халықтың, елдің күн көрісі болып отырған, мыңғыраған байлардың малдары таран-таражға түсті. Ортаға қабылдаймыз деген, табын-тыбын қой, үйір-үйір жылқы, тістегеннің аузында, жұлғанның жұдырығында кетті. Иесіз мал тау тасқа бет-бетімен кетіп, ит құсқа жем болды. «Дала академигі» Шәкәрім Қажы, өкімет саясатын байқап, жанын қоярға жер таппай, оңаша кетіп қалды. Жалғыз жеке дара шошалада тұрып жатты. Елден бөлектеніп жалғыз қалуына не себеп. Туыстары шет ауып кетіп жатты. Хажы туған елін де жерін де болмақ. Қайда бармақ. «Жақсы заман туды!» деген дүрбелеңді, құптамады түсінбеді. Жаны қиналды. Жалғыз қалды. Большевиктердің іс әрекеті көз алдында болып жатты. Халық тұралап қалды, өлім жітім көбейді.елде ашаршылық жайлады. «Осыны біліп, естіп отырған Шәкәрім атпен келіп, қызыл отауға түседі. Халық қажыны, не айтар екен?- деп сыртта үміттене тосып тұрды, екі сағаттай әңгімелесті. Қажы қызыл отаудан шығып тіл қатпастан, атына отырып жүріп кетті.» ( жазушы, драматург Мерғали Ибраев) Бір топ жандайшаптары бар Қарасартов пен Халидов тау ішінде қаперсіз кетіп бара жатқан Шәкерімге тұтқұйылдан оқ жаудырады. Құралайды көзге ататын мерген, қарсылық көрсеткен де жоқ, оқ атпады! Кеменгер дана адам өлді! Кім білсін, НКВД басқа адамға шатастырып алдыма? Бұл қаракеттері, ақылсыз қара тобырдың адамды өлтіріп ғана қоймай, қазақ халқына жасаған үлкен қиянаты екенін түсінді. Қажының ақылынан, ғұлама білімінен, қадір қасиетінен қорыққандары соншалық қылмыстарын жасырып, сүйегін құр құдыққа көмеді. Алпысыншы жылдары Ахат аға әкесінің сүйегін арулап жерлеу үшін, қарт Ораз ақсақалды, Оразов Мұқанды және Газ-69 автокөлігінің жүргізуші бар төрт адам барып, құрқұдықты қазады. Қазып жатқанда бас сүйектің маңдай тұсының теңгедей терісі шірімей сақталғанының куәсі болыпты-деп Мұханның ұлы Серікханның аузынан естідім. 1931 жылы Шәкерім қажы қапыда құрбан болды, ашаршылық наубаты өтті. Осындай аумалы төкпелі заманның куәгеріне келеңсіз жағдайларды көзімен көрген, ашщы шындықты айтқызбай, Әкемнің соңына кімдер түсті, неліктен 1932 жылы ішкі жаққа, орыс арасына кетті? Бой тасалап Кемерово қаласындағы Бармақов Жүніс деген туысына барады. Жүністің ұлы Төлеубек кейіннен Өскеменнің Зрян қаласына келеді. Онсызда қазақтарға колхоз совхоздарды басқаратын, балаларды оқытатын мұғалімдер мен көзі ашық оқыған азаматтар керек болып жатты емес пе? 1936 жылдың 15 апрелінен Ноғайсібірдегі «Сталинск» қаласының (№ 12 мектебінде) 1938 жылдың 4. апреліне дейін Гор ОНО-да инструктор қызметінде жүрді.(Зав.Гор ОНО Сильвестрова, Инспек.обуч.вар- Рыбкин. Справка № 0 79 5.06 1938г.) Ол жақта үлгілі қызыметі үшін екі рет қымбат заттай сыйлық алып, бір рет облыстық оқу бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталады.

Құжаттары бойынша, Абай елі,1938 жылдары СССР Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау ауданы деп аталады.(артель «Бидайық» председателі Түгелбаев. Секретарь Башеев.1938ж.) 1940 жылы Қаз.ССР Семей облысы, Абай ауданы деп аталған.(spravka 25mai1940ж №25/5/40 Diroktor Taitoleov)

Семей түрмесінде қаншама қазақ интелегенттерін, тіпті ауылдар мен аудан орталығындағы шала сауатты, шаш алдесе, бас алатын НКВД қызметкерлері қаншама адамдарды, сот үкімінсіз атып тастады десеңізші. Әкем Дүйсенбай репрессия сеңі жүріп өткен соң ғана еліне оралды. 1938 жылы Абай ауданындағы «Ақ-қойтас» бастауыш мектебінің меңгерушісі болады. 1939 жылы Семейдің педучилищесіне оқуға түсті. Абай елінен 1941 жылдың 13 желтоқсанында Ұлы Отан соғысына аттанды. От пен оқтың, ажалдың ортасында жүріп, қарапайым халықтың, қызыл әскерлердің, «Сталин үшін», «Коммунистік партия үшін» жанын қиғандарын көзімен көрді. Соғыстың алғашқы кезеңінде қару жарақ тапшы болды. Азиаттықтар тіпті ұрысқа қарусыз кірді, болса қосауыз мылтық ұстады. Берсе екі адамға бір қару берді. Ал орыс халқының өкілі винтовка не автомат иеленгенін біріміз білсек біріміз білмейміз. Яғыни фронттағы (Ұлы Отан соғысындағы) сатқындық пен әділетсіздіктің куәгері болды. Майдангер жазушы Қалмұқан Исабаевтың өз аузынан: «басшылардың, қызметкерлердің балалары тек штабта ғана отырды. Соғыс даласынан жұмысшы шаруалардың ғана өкілін кездестіресің» –деп қазақ телеарнасынан айтқаны дәлел емес пе. Осы сөзден талай астарлы сырды аңғаруға болатынын байқаймыз.

Қан майданнан 1945 жылдың қазан айында аман есен жеңіспен еліне оралады. (командир части капитан Козлов.полевая почта 01553. 19.10.1943г.)1939 жылы Семейдің педагогикалық училищесіне түсіп 1946 жылы, бастауыш мұғалімі деген квалификация атағын алды. Қызметінде үнемі сыйлық алып мақтау қағазымен марапатталып отырған. Қырық жыл қызмет етіп жүріп, коммунистік партия қатарына өтпеді? 1950 жылы ССРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Әкемнің құжаттарында жазылған көз көрген бірге жүрген адамдарды атап өткенді жөн көрдім. Аудандық совет атқару комитетінің председателі: А.Бекишев, секретары К.Абдыханов (1959). Абай атындағы орта мектеп директоры Тайтөлеуов(1940), завуч Мағажанов (1940) зав РайОНО Тайтөлеуов (1941) завРайОНО Сатыбалдин(1949), секретары Бақытжамал Жанұзақова (1949) жақсы математик Асылаев Ғабдолламен, Қайранов Сарымсақпен, жазушы, мұхтартанушы Кәмен Оразалинмен, Ұлықбек Байырбеков, Құсаеев Өмірзақ, Әлипова Шәмшия, бастауыш класс мұғалімдері Төлеутаева Бағира, Бағдаш Сақалова, қазақ тілі әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Нысанбек Омашев, Нұржамал Қалиева, қызметкерлерден ,инспектор Маралбаев (1952),Зав РайОНО Төлеухасимов(1952), М.Тоққарин, инспекор К.Есентаев(1953), зав РайОНО Бигозин(1953), ауыл совет А. Баймұханбетов(1959), «Қызылтас» мектебінің директоры Мекишев(1959), кәсіподақ Меңдекин(1959), Амантау Әкімғожин, военком подполковник Сүлтанғалиев(1953), майор Мұстапаев(1953), обл.ОНО инспекторы Сағынаев т.б. адамдармен бірге еңбек еткен. Ат құмар еді, ат баптап, бәйгеге қосатын. Жаратқан аттары аудан ның намысын қорғап жүлделі орындарға ие болып жүрді. Семей облысының атынан «Жапал», «Балағер (мальчик)» деген бәйге аттары Республикалық жарыстарға қатысып екінші , үшінші орын алған кездері болыпты. «Атом полигонын» да көзімен көрген. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, жазғы еңбек тоқсанында жоғарғы сынып оқушыларын шөп шабуға апаратын. Өзі тәрбиеші, шешем азпаз болатын. Атақты «Дегелең» тауы маңайынан шөп шауып жер үсті сынағының (он жыл) куәсі болған. Өз ауыруын «Дегелең суынан сескеніп ұшынып жабысты»- деп айтқаны бар еді

1963 жылы бауыр рагнан қайтыс болды. Сұрап білуіме, мен тым жас болдым, өмірінің көп жайттары жұмбақ. Қазір құжаттарын, өмірбаяндарын парақтап отырсам, кедей шаруаның семьясында туғам, бұрын істі болған,сотталған жоқпын деп басталады. Кеңес өкіметінің қатпарлы саясатын жақсы түсінген болар. Осында құпия сыр жатыр. Ал мен болсам, мектепте оқып жүргенімде немесе есейіп қызметте жүргенде ұжым, мекеме топ-тобымен, мереке мейрамдарда транспоранттар мен өкімет басшыларының суреттерін алып шығып кеңес өкіметінің азаматы екенімді мақтан ете, кеудемді патриоттық сезім билеп, талай жылдар шерулеп жүргенім әлі есімде. Әкемнің, ардагер ұстаз, Құрмет белгісі орденінің иегері бола тұра, коммунист болмағандығына намыстанатын едім. Маған қызметкерлер, жақсы адамдардың барлығы коммунист болатындай көрінетінді. Тек қана көшбасшылар жақсы адамдар да, қарапайым адамдар, екінші дәреже төмен көрінетін. Мектептептің бастауыш сатысында, октябрят болғанда, қоғамның мүшесі екеніңді сезінесің. Орта буын 7, 8 оқығанда комсомол қатарына тез өтіуге асығасың. Ондағы мақсат көш басшы болу, төменгілер легінде қалып қоймау керек. Ал, коммунистік партияның қатарына өтудің екі жолы болды. Бірінші жолы әскер қатарында жүргенде бөгетсіз өтуге болады. Яғыни орта білімді не сегіз класстық біліммен, қара жұмысшы еңбек адамына «коммунист бол» - деп қыйнайды. Екінші жолы, өзің өтініп - жоғарғы біліміңмен, қоғамдық жұмысқа белсене араласып, өзіңді көрсете білу қажет. Әйтпесе Обкомда «көкең» сүйенішің болуы міндетті. Заман өзгерді, уақыт озды енді байыптап қарасам қарт ұстаздың- Алаш партиясына, алаш қозғалысына, көз қарасы қалай болды?- деген көңіліме ой келеді.

"АЛАШ" ИДЕЯСЫ - ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ
ТлемисовҰ.Б.,

оқытушы, СМПИ


Алаш қозғалысының  тарихи  негізгі  Ресей  отаршылдығының қазақ  жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш  идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім  деп     ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені   Алаш  қозғалысы  қазақ  қауымындағы   отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске  ұмтылған   жалпыхалықтық     демократиялық қозғалыс еді.

Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты.

Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды.

 Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс  бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны толастамады.

     Бірақ осыдан кейін Алаш идеясы тоқтады десек, бұл шындықпен қабыспаған болар еді. Өйткені күні кешегі Қазақстанда неміс автономиясын құруға бағытталған КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысына қарсы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткізілген Маусым (1979) демонстрациясы да, одан кейінгі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі де (1986) бүгінгі жер үшін, тіл үшін, елдік үшін жүріп жатқан азапты күрес те осы Алаш идеясынан туындап жатқанын қалай жоққа шығара аласыз?

Республикалардың тәуелсіздік белгілерін сақтау жөніндегі қозғалыстың бәрі И.Сталин тарапынан «ұлтшылдық уклон» болып есептелді. Бас хатшының 1922 жылдың қыркүйегінде В. Ленинге жазған хатында тәуелсіздік дегеніміз «ойыншық» нәрсе. Бірақ басқалар оны шын деп ойлайды, соған қынжылады деп атап көрсетті («Известия ЦК  КПСС», 1989, № 9).

Осыған қарамастан РКП (б) ХІІ съезі (17-23 сәуір 1923 ж.) ұлттық мәселе жөніндегі шешімінде «ұлтшылдық уклоны» туралы жалпылама түрде айтылады да, «ұлыдержавалық уклонның» аса қауіптілігіне баса назар аударылды. Өкінішке қарай, міне, осы қисапсыз, ретсіз ойды Сталиннің маңайындағылар қызу қостап жүзеге асыра бастайды.

Мәселен 1923 жылдың 17-22 наурызында Орынборда қазақ партия ұйымының ІІІ конференциясында Мәскеу өкілі Е. Ярославский   мен РКП (б)Қазақ бюросының мүшесі А.Вайнштейн қазақтар тап күресіне назар аудармайды, елде ұлтшылдық пиғыл басым деген арандатушы пікір қозғады. Алайда бұған С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Меңгешев, барлығы 14 адам, наразылық білдіріп партияның Орталық Комитетінің хатшысы Е.Ярославскийге хат жазады. Бұған «қазақ жолдастар жөнінде ұлтшылдар деген бет алды айыптау жасалған жоқ, ал ұлтшыл – уклонистік көзқарастарды сынға алу әбден орынды және мұнын өзі «партияның әрбір мүшесінің ажырағасыз правосы ғана емес, сонымен бірге міндетті де болып табылады» деп жауап берілді. Демек, хатқа қол қойған  қазақтын 14 серкесіне сол кезде ақ « ұлтшыл» деген таңба басылған еді.

 Осыдан бір айдан кейін татар халқынын көрнекті өкілі, Наркомнац коллегиясынын мүшесі М.Султанғалиевтің ісі қаралып, оған кеңес өкіметінің ұлт саясатына қарсы шықты, сол мақсатпен ұлтшылдық ұйымын құрды деп айыпталды. Бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінің И.Сталин өткізген идеология қызметкерлерінің бас қосуында (1923 жылдың 9-12 маусымы) да күн тәртібіне қойылды. М.Сұлтанғалиевтің ісі деген атпен белгілі 4  - кеңес ұлт арыстарын болашақ жаппай жазалауға барар жолдағы баспалдақтың алғашқы табалдырығы болатын.

Сөйтіп, екінші кезекте қазақ зиялылары  Сәкен Сейфуллин, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Сейітқали Мендешев, Нығымет Нұрмақов, Темірбек Жүргенов, Ғаббас Тоғжанов, Смағұл Сәдуақасов, Санжар Асфандияров, Абдрахман Байділдин, Сүлеймен  Есқараев және басқалары оққа ұшты. Неге?

Бұлардың бәріне «ұлтшылдық», «ұлтшыл-фашист», «ұлтшыл- ауытқушылық » деген айып тағылды. Мақсат – Алаш идеясымен ауыздаған, өзіндік дербес ой – пікір бар оқыған қазақ зиялыларын ұлт мүддесіне, ұлт тағдырына байланысты істерден аластату, бұл бағыттағы қимыл - әрекеттерін шектеу. Орталықтын отаршыл саясатын таңдап сараптамайтын, оны бұйрық есебінде бірден сөзсіз жақтайтын, мүлтіксіз жүзеге асыра алатын қарапайым орындаушыға айналдыру.

Жергілікті халықпен күресудің бірден – бір жолы ұлттық сананы  улап, саналы азаматтарды ұлтсыздандыру үшін большевиктер «ұлтшылдық» деген терминді кеңінен пайдаланды. Орыс деревьняларында бау – бақшаларда құстарды үркіту үшін қолдан жасалған қарауыл – қарақшы – пугало – қоюшы еді. Қазақтар үшін «ұлтшылдық» дегеніңіз  сол пугалоға айналды. Демек, Мырқымбаев – ұлтшыл, яғни ол жау, қауіпті адам. Құртуға толық негіз бар дегендей.

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.

Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның   тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.

 Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.

Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі  басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде   сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін айта бастасаң, тілдердің үштұғырлығын алдыға тартатын кейбір әдеттер пайда болды. Әлемдік қарым-қатынастар мидай араласқан заманда көп тіл білу қажет те болар. Дегенмен алдымен өз тіліміздің көсегесін көгерткен дұрыс екендігін біразымыз түсінбей жүрміз. Бұл жөнінде Елбасы шешімді ойын, кесімді пікірін айтты. Ол кісі редакторлармен кездесуінде: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп, мемлекеттік тілді елегісі келмей, орыс тілі мен ағылшын тілінің қосағына көгендеп жібергісі келгендерге түсінікті етіп, мемлекеттік тілдің басымдығын айқындап берді. Баршамыз, тіл саласының қызметкерлері де, тіл жанашырлары да, жастарымыз да қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, яғни еліміздегі басымдығын үнемі насихаттап жүруіміз қажет.

Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да  себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында. Десек те, тәуелсіздігіміз ат жалын тартқан азамат жасына жетсе де, осыны көптеген қандастарымыз түсіне алмай, түйсіне алмай жүргені шындық. Біздің басты шаруамыз, Астананың зиялы қауымының жұмысы қазаққа қазақша сөйле, балаңды қазақша оқыт, жұмысыңды қазақша атқар деген сияқты жұмыстармен байланысты болып отыр. Бүгінгі халықаралық басқосудың да мақсатының бірі осындай шаруамен орайлас. Бұл күрес сонау Алаш қозғалысы дәуірінде басталған аманат күресі, тәуелсіздігімізді тұғырлы етеміз десек, оны орындауға міндеттіміз. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Назарбаев қазақтілді басылым редакторларымен кездесуінде: «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деп айрықша тоқталған болатын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтауда Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қазақтары тілдік бірегейлігімізді сақтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені еуропалық өмір салтына көше бастаған қазіргі заманда ұлттық бірегейліктің бастысы – ана тілі болып отыр. Сондықтан да тіл бірлігі ең күшті біріктіруші факторға айналуы тиіс. Бұны баршамыз неғұрлым терең түсініп, осы бағытта маңызды, шешуші істер атқаруымыз тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет