Материали


МАТЕРИАЛИ ЗА XX МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ



Pdf көрінісі
бет50/150
Дата27.03.2023
өлшемі2.16 Mb.
#471154
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150
2023-03-21-A4-tom-9

МАТЕРИАЛИ ЗА XX МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ  17 - 25 март, 2023 
65 
мақсат, міндеттерінде айтарлықтай алшақтық болмағанымен олардың 
білімі мен тәрбие міндеттерін шешу, жүзеге асыру амалдарының өзіндік 
ерекшеліктері, бір-бірінен айырмашылықтары бар. Сабақ мазмұнымен 
салыстырғанда сыныптан тыс шығармашылық, іс-әрекет оқушының жеке-
дара сұраныстарын, талап-тілегін қанағаттандырып, өз қалауымен 
шұғылданатын өнер, әдебиет, спорт, тарих, т.б. салалардағы табиғи 
бейімділігін, қабілетін, дарын, талантын ұштауға бірқатар мүмкіндіктер 
туғызады. Сыныптан тыс шығармашылық әрекеттерде тәрбие шараларын 
ұйымдастыруға ата-аналар, өнер адамдары, қоғамдық ұйымдар, білікті 
мамандар, ғалымдардың қатысуы бала тұлғасының қалыптасуына аса зор 
ықпал етеді.[4] 
Пән үйірмелері, секция мен студиялар оқыту міндеттері мен 
шығармашылық ізденістерді үйлестіре отырып, оқушылардың табиғи 
қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Әдебиет, көркем өнер, ұлттық 
спорт түрлері бойынша ұйымдастырылған пән үйірмелері оқушылардың белгілі 
бір іс-әрекет саласындағы қабілет, дарының жетілдірумен бірге, болашақ бағыт-
бағдар таңдауын қамтамасыз етеді. 
Фольклорлық экспедициялар халықтың әндері мен күйлерін, сәндік-
қолданбалы өнер үлгілерін, аңыз-әңгімелерін, туған өлкенің мәдени 
құндылықтарын ел ішінен жинау мақсатында ұйымдастырылады. Мұндай 
экспедициялар балалардың ізденімпаздық, байқампаздық, іскерлік қабілеттерін 
шыңдап, белсенділіктерін жетілдіреді. 
Көрме балалардың өлкетану жорықтары кезінде қазақ халқының тұрмыстық 
заттары, киіз үй жиһаз-жабдықтары, зергерлік әшекей бұйымдары және т.б. 
арналады. Оны ұйымдастыру жұмыстарына оқушылардың өздерінің 
қатысуының білімділік-тәрбиелік маңызы зор. Осындай көрмелерді балалардың 
өздері басқарып, жүргізуі, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасуы, өз 
тәжірибелерімен таныстыруы олардың танымдық белсенділіктерін арттырып, өз 
мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сенімдерін нығайтады.[5] 
Халық мейрамдарын, мысалы, Наурыз мейрамын, ораза, құрбан айттарды 
мектепте өткізу немесе қазақ әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, спорттық ойындары 
бойынша апталық, айлық, он күндіктер ұйымдастыру оқушыларды халықтың 
рухани мәдениетімен тереңірек таныстыруға мүмкіңдік береді. Осы арқылы 
балалардың тәлім-тағылымдық ұғым-түсініктері молая түседі.[6] 
Жарыстар, 
конкурстар, 
олимпиадалар 
балалардың 
педагогикасы 
материалдары 
жөніндегі 
білім, 
іскерлік 
дағдыларын 
жетілдіріп, 
қызығушылығын, қабілеті мен дарының дамытуда тиімді ұйымдастыру 
формалары болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорттық жарыстар 
(тоғызқұмалақ, асық ойнау, жамбы ату, теңге ілу, палуандар күресі, жаяу жарыс, 
ат жарыс т.б.) осы саладағы іскерліктері мен дағдыларын бекітумен бірге 
салауатты өмір салтын насихаттауға кең жол ашады, тәрбиелік-сауықтыру, дене 
шынықтыру міндеттерін тиімділікпен жүзеге асыруға әсерін тигізеді.[7] 
Мәселен, «Қыз сыны», «Жігіт сыны», «Сиқырлы қазан», «Елім-ай» тәрізді 
этнографиялық байқаулар балалардың талантын дамытудың, шығармашылығын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет