Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет12/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Мазмұндамалар жинағы

Кімнің ісі дұрыс?
Бір күні сабақ біткен соң Марат екеуміз үйге қайтып келе жаттық. Алдымызда балалар шаңғы теуіп жүр екен. Екеуміз байқамай шаңғы жолына шығып кетіппіз. Жарысып жүрген балалардың алды бізге жетіп те қалды. Мен оларға бөгет жасамау үшін дереу жолды босаттым. Ал менің досым Марат әдейі жол үстінде тұрып қалды. Алдыңғы бала Маратты қағып кеткісі келмей, бір жағына жантая кетті. Сол кезде оның таяғының ұшы Маратқа тиіп кетті. Марат баланың таяғын тізесіне қойып, екіге бөліп тастады. Ол баланы ұратын еді, мен ерік бермедім. Мараттың қылығы дұрыс па?

Сұрақтар:


1. Марат екеуіміз қайда келе жаттық?
2. Біз қайда шығып кеттік?
3. Марат не істеді?
4. Ал шаңғы тепкен бала ше?
5. Марат неге ренжіді?
6. Мараттың қылығына сен қалай қарйсың?
Жоспары:

  1. Сабақтан қайтқан балалар

  2. Ойнап жүрген балалар

  3. Мараттың жолда тұруы

  4. Шаңғышы баланың ісі

  5. Мараттың қылығы

Достар
Зейін қар басқан бақта жүр. Бір-екі торғай ұстап алмақ. Оларды үйге апарып, қолға үйретпек. Бірақ жолы болмады. Мұны көрген ағасы қолға үйретудің басқы жолын айтты.
Ағасы екеуі ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Ағасы айтқандай торғайлар оған үйреніп алды. Шашқан бидайды тақтайдың үстіне қонып жей бастады. Кейін қорықпайтын болды.
Зейнел-Ғаби Иманбаев
Саққұлақ
Көрші ағайдың иті күшіктегенін естіген Айбек елең ете түсті. Көкесінен күшік әкеліп беруін өтініп жүрген. Енді мына хабар мүлде дегбірін кетірді.
Сөйтіп жүргенде бір күні көкесі бауырын жаңа көтерген, жұдырықтай ғана ала күшікті алып келді. Айбектің қуанышында шек болмады. Күшігіне ат қойғанша асықты. Айбек күшігін «Саққұлақ» деп атады.
- Иттің маубас болмағаны жақсы, - деп, көкесі Айбекке күлімсіреп қарады.
Сұрақтар:
1. Айбек неге елеңдеді?
2. Көкесі не әкеліп берді?
3. күшікке не деп ат қойды?
4. Көкесі ит қандай болуы керек деді?
5. Сен ит қандай болу керек деп ойлайсың?


Тауық
Ернұрдың әжесінің тауықтары көп еді. Әжесі күнделікті оларға жем-суын беріп тұратын. Жемін шашқан кезде тауықтар тез жиналып, дәнді шоқи жөнелді.
Бірде аулада олардың қимылын қызықтап тұрған Ернұр:
- Ой, Әжемнің тауықтары тәртіпті сақтай біледі екен. Жемді жинап, ауланы тазартып жатыр, - деді мәз болып.
Сұрақтары:

  1. Әжей не өсірді?

  2. Жемді көрген тауықтар қайтеді?

  3. Ернұр неге мәз болды?

Жоспары:

  1. Әжейдің тауықтары

  2. Тауықтардың іс-әрекеттері

  3. Тәртіпті тауықтар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет