Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет15/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Мазмұндамалар жинағы

Арыстан мен қозы
Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады. Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына оның жанына жақын барып, үсті-басына иіскілеп, мазасын алды. Арыстанды өзімнің шешем деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына аңқиып тұрып қалды. Ал қозы болса одан әрі еркінсіп, жақындай түсті.
Айбатты арыстан жас қозының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай, жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.
Леонардо Да Винчи
Тақтаға жазылатын сөздер: иіскелеп, аңқиып, айбатты, сүйкмді, жылылықпен, еріксіз.
Сұрақтар:
1. Арыстанға жеуге нені берді?
2. Қозының қылығын суреттеңдер
3. Арыстан неге қозыны жемеді?
4. Арыстанның мейрімділігін суретте.
Жоспары:

  1. Жаңа туған қозы

  2. Қозының еркелеуі

  3. Мейірімді арыстан



Менің көжегім.
Атам екеуіміз ауыл сыртындағы орманда тұрамыз. Атам – бал омартасының күзетшісі. Бір күні бұтаның түбінен қоянның көжегін тауып алдым. Үйге алып келіп асырадым. Көжегім қолға әбден үйренді. Қайда барсам да, соңымнан қалмайды. Түсте мектептен қайтар кезде, алдымнан шығады. Оған күнде нан беремін.
Атам бір күні мен жоқта ауылдан келген ағайымның баласына көжегімді беріп жіберіпті. Көжегімді бергенге өкпелеп, бір күн тамақ ішпей жүрдім.
Бірде есік алдында отыр едім, бірдеме аяғымды сипап өткендей болды. Қарасам, көжегім! Бас салдым. Содан бері көжегімді ешқайда жібермедім.
М. Төкенов
Сұрақтар:

  1. Атасы не әкеліп берді?

  2. Бала көжекті қалай қарады?

  3. Атасы көжекті кімге беріп жібереді?

  4. баланың көңіл күйі неге өзгереді?

  5. Бір күні қандай оқиға болады?

Жоспары:

  1. Кішкентай көжек

  2. Бала мен көжек

  3. Көжектен айырылу

  4. Баланың көңіл күйі

  5. Көжектің оралуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет