Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:әлсіз,иіскелеп тұрды,сыбырлау.
Жоспар:
1.Екі достың денсаулығы.
2. Аюдың кездесуі.
3. Жігіттердің әрекеттері.
4. Аюдың қылығы.
5. Жолдастардың әңгімесі.
Жолда
Бұзауымды өріске айдап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көрдім.Ол шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып қарасам, жапырақтың арасында бұғып,көзі жылт-жылт етіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі. Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп,ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да,бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам,
тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.
(«Балдырған» журналынан)
Түсіндірілетін сөзер мен сөз тіркестері: жолдың жиегі,жан сауғалап,шыбын-жанын,мүшкіл халі,таптап.
Жоспар:
1.Өріске бұзау айдап баруы.
2.Қайтып келе жатып,тышқанның баласын көруі.
3.Тышқанның аянышты халі.
4.Таптап тастамақ болған аяғын қайтып алуы.
Миуалы ағаш
Мен бұл ағашты көрмегелі он шақты жылдай болыпты.
Жаяу барайық. Қасиетті ағаш қой,- деді Жамбыл ата.
Ағашқа жақындағанда шошып қалды. Біреу балтамен ағашты ұрып жатыр.
- Ей, тоқта! Сен өзі дені сау адамбысың? Ағашқа неге балта шабасың?
Жамбыл ата екенсіз ғой! Кешіріңіз. Мен бір қу бұтағын кесіп жатырмын,- деді жігіт.
Жамбыл ата:
Ал, жігітім,жөніңді айтшы?Бұл Сүйінбай атаңның еккен ағашы екенін білемісің? – деді.
Білемін, ата. Біз ауылымызбен бұл ағашты қасиеттейміз.Қураған бұтағын кесіп тастаймыз. Күн ыстықта осы ағаштың көлеңкесінде демаламыз,- деді жігіт.
Иә, балаларым, жердің көркі – ағаш та адам сияқты. Мына бұтақ қисық мінезді, жаман адамдай.Ол тәрбиеге көнбеді, мерт болды,- деді.
(М.Етекбаев)
Достарыңызбен бөлісу: |