Мазмұны : I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Астрахань хандығының шаруашылығы мен əлеуметтік құрылысы



бет3/7
Дата25.12.2022
өлшемі114.03 Kb.
#467889
1   2   3   4   5   6   7
бөж тмт

2.2 Астрахань хандығының шаруашылығы мен əлеуметтік құрылысы.
Астрахань хандығы тұрғындарының негізгі кəсібі көшпелі мал шаруашылығы болды, қосымша аң аулау мен балық аулау кең тарады. Егін егу кең тараған жоқ. Астрахань қайнаған сауданың орталығы болды. Орыс қалаларынан мұнда жыл сайын тұз үшін орыс көпестері келіп тұрды. ХVІ ғасырда Астрахань үкіметімен келісім нəтижесінде орыс мемлекетінен балықшылар келіп балық аулады, оларға Астраханьдық татарлармен тең құқықта балық ұстауға рұқсат берді. Астраханьда Венециялық көпестер де болды. Италия мен Испанияда Астраханьның икрасы жоғары бағаланды. Астрахань хандығының əлеуметтік құрылысы жағынан Қазан хандығынан айырмашылығы аз еді. Билік рухани жəне зайырлы феодалдар – хандар, бектер, мырзалар, сейттер мен молдалар қолында болды. «Қара адамдар» жасақ заңдарына сəйкес алым-салық төледі. Феодалдар алым-салықтан босатылды. Ішінара құлдар болды, оларды үй еңбегіне пайдаланды. Астрахань хандығы саяси қатынастарда бытыраңқы болды. Хан билігі жеке ұлыс билеушілерінің билігімен шектелді. Ұлыс билеушілері өз ұлыстарында айтарлықтай тəуелсіз билік құрды. Олардың арасында Астрахань əскерінің бас қолбасшысы Калға бірінші орында болып, ол хан тағының мұрагері болып табылды. Оны хан əулетінің ішіндегі ханзадаларының ішінен таңдап, ханның өзі тағайындады.
1552 жылы Қазанды алғаннан кейін Астрахань хандығының тағдыры шешілді, Еділдің төменгі ағысы мен Каспий маңына жол ашылды. Мəскеудің ұмтылысынан қауіптенген Қырым мен Түркия Астраханьдағы өз қимылдарын күшейтті. Мəскеуге қарсы бағытталған күшті коалиция құруға əрекеттер жасалады, Астрахань тағына қырымдық Ямгучы хан отырғызылды.
1552 жылдың басында Ямгучы хан Мəскеу патшасын достық қатынас пен сауда байланыстарын дамытуға ынталы екеніне сендіруге тырысты. Бірақ осының артынша Мəскеуден келген елші Севастьян Авраамов Астраханьда тұтқындалып, Каспий теңізіндегі аралдардың біріне айдалады. Жылнамаларға қарағанда Ямгучы ханның бұл əрекеті Қаһарлы Иванның ашуын келтіреді. Ямгучы ханның бұл əрекеті ең алдымен қырым-түрік одағының ықпалымен болғаны белгілі. Ресеймен соғыстың болмай қалмайтыны белгілі болды. ІV Иван Ноғай ханының ағасы Исмайлға 1554 жылы қаңтарда елші ретінде Микулу Бровцынды жіберіп, «Астрахань ісін» көктемге қарай қолға алатынын хабарлады. Бұдан алдын 1553 жылдың қазан айында Қаһарлы Иван «Астрахань ісін» ноғайлық мырзалармен талқылаған болатын. Астрахань тағдырын ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде талқылауы Ресейдің ықпалыен сол аймақта нығайтуға ұмтылысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет